Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1 ЭМР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.82 Кб
Скачать

2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.

Еңбек нарығы нарықтың ерекше түрі болып табылады. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (еңбекті) тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.

Еңбектен факторлық табыс еңбек ақы болып табылады. Еңбек ақы дегеніміз адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Еңбек ақының түрлері:

Номиналды еңбек ақы – жұмысшының еңбек еткені үшін алатын ақшалай сомасы.

Нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақының сатып алу қабілеттілігі

Мерзімді еңбек ақы еңбек ету уақытына байланысты төленеді.

Кесімді еңбек ақы өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты төленеді.

3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары.

Әлеуметтік қорғау - азаматтардың өмір сүру деңгейі мен өмірлік қажетті игіліктерін анықтайтын, жеткізетін қамтамасыз етуші жүйе болып табылады.

Тарихи , мәдени, саяси және басқа да факторлары бірдей дамыған елдерде әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының әртүрлі қызметтік

бағыттарын байқаймыз. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейінің нақты дәрежесімен анықталады, ал ондағы тұлғалармен, мемлекеттік институттармен және ынталандыру дәрежесімен ынтымақтасу таңдалған әлеуметтік – экономикалық модельмен өзара байланыс кезінде қалыптасады.

Дәріс 9. Мемлекеттің-нвестициялық саясатын қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері

1. Инвестиция және инвестициялық концепция

2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау

3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері

4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы

1. Инвестиция және инвестициялық концепция

Инвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:

Инвестиция-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы

2)Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.

Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт арқылы жүзеге асырылады:

1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

2)ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

3)шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін ұтымды пайдалануда келесі көзқарастарды жүзеге асыру керек:

  • инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымыдық өзрегістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыру;

  • халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек;

  • басыңқы салалар мен өндірісітерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізу керек.

Жоғарыда көрсетілген шаралар әлеуметтік- экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі тиіс.

Осы жоспарлардың құрамында ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалар мен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады.