- •Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
- •Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
- •2.Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.
- •3. Шетел мемлекеттеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.
- •2. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар
- •3. Ауыспалы экономиканың негізгі заңдылықтары
- •2. Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.
- •Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.
- •3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары.
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •2. Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.
- •3. Аөк қолдау бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі
- •2. Мемлекеттік бюджет – экономиканы қаржылық реттеудің негізі: принциптері, атқаратын қызметтері.
- •3. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары.
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы
- •3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
- •2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын әзіәрлеу мен жүзеге асыру әдістері.
- •3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің мәні және оның негізгі бағыттары.
- •4. Сыртқы экономикалық іс-әректтерді реттеудің негізгі құралдары: тарифтік және тарифтік емес.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мемлекеттік реттеудің мазмұны мен атқаратын қызметтерінен көрініс табады. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты қоғамды, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің басты бағыттары төмендегідей:
1. Елдің экономикалық саясаты.
2. Әлеуметтік экономикалық мақсаттар.
3. Халық шаруашылығының басым бағыттары.
4. Барлық ресурстарды тиімді пайдалану саясаты.
5. Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат.
6. Сыртқы экономикалық саясат.
Осы негізде мемлекеттік реттеудің мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады:
Экономиканы тұрақтандыру: экономиканың қаржылық сауықтандырылуы және ақша айналымының тұрақтандырылуы, тұтыну нарығын жақсарту, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту.
Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру: меншік қатынастарын өзгерту, еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, қаржы-несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру.
Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: нарық инфрақұрылымдарын құру және қалыптастыру, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын құру, өндіріс заттарының нарығын құру, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру, еңбек нарығын құру,тұрғын үй нарығын қалыптастыру, қаржы нарығын қалыптастыру.
Экономикаға, әлеуметтік жүйеге мақсатты ықпал жасауда мемлекеттік реттеу құралдары тиімді және ұтымды болуы үшін, мақсаттарды жалпы экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-аймақтық, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді деп бөледі.
Дәріс 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
Бұдан 225 жыл бұрын (1776 ж) Адам Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін» тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялық көзқарастар мен тұжырымдар өзгерген болатын. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты.
Ол экономикалық дағдарысты жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп отыруы қажет. Алайда мемлекет Дж Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас көтере алмай, жаңа міндеттер шеше алмады. Батыс елдерінде 70- ші жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстап лап ете қалды. Осы толқынның арқасында ДЖ. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.
Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899 – 1984 жж) пен американ экономисі Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары болды.
Нарықтық экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы аралас экономиканы жақтайтындар басқа тұжырымда болды.
Американ экономисі Дж. Гэлбрейт (1980 ж) «салмақтылық» күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ, ал оның орнын «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің аласуының басты мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.
Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын айқындау үшін Елбасы «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасын жүйеге енгізген болатын.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді басымдықтағы мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілген болатын.
Қойылға мақсаттарға жету үшін мынадай үш кезеңде болуы қажет:
1998 – 2000 жылдар;
2001 – 2010 жылдар;
2011 – 2030 жылдар;
Бұл ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономиканы құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. 21 – ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
басқарудың тиімділігін арттыру;
өндіріс секторына несие беру;
экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
аймақтық диспропорцияларды жою;
Қазақстан Республикасының аталған әлеуметтік – экономикалық дамудың басымдықтарына қысқаша тоқталып өтейік.
Елбасы әлеуметтік ахуалды жақсарту деп – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өзгерістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделді. Елбасы: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болады.» деп айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдықтары біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндеттер қойылады: бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929 – 1933 жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше рөл атқарды.
Дәріс 3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
1.Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы – мультипликаторды таңдауды негіздеу.
2.Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.
3. Шетел мемлекеттеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.
1.Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы – мультипликаторды таңдауды негіздеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы – мультипликаторды таңдауды негіздеу.
Біздің мемлекеттің Конституциясында: «Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
республиканың мемлекеттілігін;
басқару нысаны;
мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара қатынастарының тәсілдерін
адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Мемлекеттік құрылғы құрылымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық бөлулер деп бар екенін атап өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның лауазымды тұлғасы болып табылады.
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.
Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.
Үкімет республикада атқарушы органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президен алдында жауапты, сондай –ақ парламент алдында жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканың дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.
Премьер министрдің міндетіне салалық министрліктер мен ведомстваларды басқару және бағыттау енеді. Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол Жоғары сот және Конституциялық Кеңесті жүзеге асырады. Елдегі экономикалық жағдайыға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.
