Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1 ЭМР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.82 Кб
Скачать

3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің мәні және оның негізгі бағыттары.

  • Сыртқы экономикалық іс-әрекет әлемдік шаруашылық елдерінің көздеген мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін басты механизмдердің бірі болып табылады. Сыртқы экономикалық іс-әрекет – бұл халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы, қаржыландыру және халықаралық экономикалық саясатты қалыптастыру саласындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттейтін экономиканың бір бөлігі. Халықаралық экономиканың қызмет етуі оның нақты формалары, заңдылықтары механизмдері мен даму тенденциялары арқылы көрініс табады.

Халықаралық экономика бүгінгі таңдағы барлық әлем елдерінің экономикасын зерттеу мақсатында қолданылатын теориялардың бірі болып табылады. Халықаралық экономика пәні қамтиды:

  • халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыруда нарықтық жүйенің қызмет ету және даму заңдылықтарын

  • халықаралық айналымда болатын тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қалыптасу заңдылықтарын

  • ашық ұлттық экономиканың талдау және бағдарламалау құралдарын, әсіресе бюджеттік, ақшалай және сыртқы секторларды

  • халықаралық экономиканың қызмет етуін сипаттайтын халықаралық қаржы нарықтары мен қаржы механизмдерінің даму тенденцияларын

  • халықаралық экономиканы, оның қалыптасу принциптері мен даму тенденцияларын және жетілдіру жолдарын реттеу құрылымын

Халықаралық экономика методологиясы келесі әдістерден тұрады:

  • талдау және жинақтау

  • логикалық

  • модельді-эмпирикалық

  • экономика-математикалық

  • графикалық

Халықаралық саудадағы мемлекеттің ролі белгілі бір жетістіктерге жетуге бағытталған сауда саясатының шараларын іске асырумен анықталады. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу біржақты, екіжақты және көпжақты реттеу арқылы іске асырылады.

Біржақты реттеу – елдің үкіметімен біржақты тәртіппен сауда әріптестерінің келісімі мен кеңесісіз іске асырылады (кейбір тауарларға баж салығын салу, импортқа квота енгізу )

Екіжақты реттеу – сауда әріптестері болып табылатын елдер арасындағы сауда саясатының шаралары келісіп іске асырылады (маркалау, буып тыиу)

Көпжақты реттеу – сауда саясаты көпжақты келісім-шарттармен келісім негізінде реттеледі (Европалық Одақ, ГАТТ)

4. Сыртқы экономикалық іс-әректтерді реттеудің негізгі құралдары: тарифтік және тарифтік емес.

Әлемдік экономикада әртүрлі орын алатын елдер өз мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір сауда саясатын жүргізеді.

Сауда саясаты дегеніміз бұл белгілі бір мемлекеттің басқа елдердің сауда қатынастарына мақсатты ықпал етуі. Сауда саясатының мақсаттары:

  • халықаралық еңбек бөлінісіне белгілі бір елдің ену дәрежесін анықтау

  • экспорт және импорт көлемін анықтау

  • сыртқы сауда құрылымын өзгерту

  • елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету

  • экспорт және импорт бағаларының арақатынасын талқылау

Кеден тарифтерінің атқаратын қызметтері:

  • шетел бәсекесінен ұлттық өндірушілерді қорғайды

  • мемлкеттік бюджетке түсетін қаржы көзі болып табылады

  • шетел нарығына ұлттық тауарларды жеткізуді жақсарту құралы болып табылады

Әрбір елдің кеден тарифтері баж салығының нақты ставкасынан тұрады.

Баж салығы дегеніміз экспорт және импорт шарты болып табылатын тауарды экспоттау және импорттау жағдайында кеден органдарымен алынатын міндетті төлем. Баж салығының атқаратын қызметтері: фискады, протекционисттік, балансылық.

Баж салығының жіктелуі:

1. Алыну тәсілдеріне байланысты:

  • адвалорлы – тауардың кедендік құнына салынады және процентпен есептеледі

  • ерекше – тауардың салмағынан, көлемінен, данасынан алынатын баж салығы

  • біріккен – тауарларға адвалорлы және ерекше баж салығының біріктіріліп салынуы

2. Салу объектісіне байланысты:

  • экспорттық – мемлекеттің кеден территориясынан тыс шығатын экспорттық тауарларға салынады

  • импорттық – елдің ішкі нарығында еркін айналымда болу мақсатымен импорттық тауарларға салынады

  • транзиттік – белгілі бір елдің территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады

3. Сипатына байланысты:

  • маусымдық – халықаралық саудада маусымдық сипаттағы өнімдердің көлемін реттеу үшін қолданылады

  • демпингке қарсы – экспрттаушы елдегі тұрақты бағасынан неғұрлым төмен бағамен тауарды белгілі бір ел территориясына әкелу жағдайында қолданылады

  • компенсациялық – белгілі бір тауарды өндіру жағдайында тікелей немесе жанама субсидиялар қолданылса, сол тауардың импортына салынатын баж салығы

4. Пайда болуына байланысты:

  • автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының біржақты шешімдері негізінде енгізілетін баж салығы

  • конвенциондық – екіжақты немесе көпжақты келісім негізінде белгіленгін баж салығы

  • преференциалды - әрекет етуші кеден тарифтерімен салыстырғанда ставкалары төмен, көпжақты келісімдер негізінде салынатын баж салығы

5. Ставкалардың түрлеріне байланысты:

  • тұрақты – мемлекеттік билік органдарымен бекітілген және әртүрлі жағдайларға байланысты ставкалары өзгермейтін баж салығы

  • өзгермелі – мемлекеттік билік органдарымен бекітілген және әртүрлі жағдайларға байланысты ставкалары өзгеріп тұратын баж салығы