Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1 ЭМР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.82 Кб
Скачать

2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын әзіәрлеу мен жүзеге асыру әдістері.

Қоршаған ортаны қорғаудың бағдарламаларыдың бірінші түріне әр саладағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарларын жатғызуға болады. Оларда, негізінен, ластауларды азайту, тазарту, және тарату шаралары қарастырылады. Мысалы, биік түтін мұржаларын салу, газдарды, ақаба суларды тазарту қондырғыларын салу, өндіріс қалдықтарын азайту, орналастыру және т.с.с. Мұндай шаралар аймақтың экологиялық мәселелерін толығымен шеше алмайды.

Екінші топтағы экологиялық бағдарламалар да кешенділік жетіспейді. Олар табиғат ресурстарының жеке түрін қорғауды және ұтымда пайдалануды көздейді. Мысалы, тпырақты, орманды, әуе бассейнін және т.с.с. қорғау бағдарламалары.

Кешенділік тұрғысынан аймақтық (аудандық) қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары ұтымдырақ. Оларды аймақтық қоршаған ортаның сапасы, ресурстары және олардың пайдалануы, өндіргіш күштердің орналасуы және дамуы қарастырылады. Өкінішке орай, іс-тәжірибеде аймақтық қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары аймақтың өндіргіш күштерін дамыту сызбаларының көлеңкесінде қалып қояды. Сондықтан,оған жеткілікті мән берілмейді. Соның салдарынан халық тығыз орналасқан, инфрақұрылымдары дамыған қалаларда қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындар салу жобалары жүзеге асырылады. Өйткені, басты мақсат өндіріс шығындарын үнемдеу болады да қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі экологиялық қауіп төнгенде ғана қарастырыла бастайды.

Үшінші топқа кешенді қоршаған ортаны қорғау территориялық бағдарламалары жатады. Оның құрамында ҒТП дамытудың кешенді бағдарламасы, өндіргіш күштерді дамытудың Бас сызбасы, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламалар болуы тиіс. Аталған құжаттардың барлығында қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы бөлімдері болады. Кешенді бағдарламаның басты міндеті – оларды бір- бірімен үйлестіру. Әйткенмен, қамтылатын мәселелердің күрделілігі және әржақтылығы бағдарламаны әзірлеуді қиындатады. Сондықтан,әсіресе, қоршаған ортаны қорғау мәселесі нормативтік тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай жағдайда кешенді қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ұзақ мерзімдік табиғат пайдалану тұжырымдамасына айналады.

  1. Мақсатты, нормативтік болжамдар алға қойған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарға қоршаған ортаның сапасын нашарлатпай, ресурстарын сарқылтпай жетуді көздейді. Егер әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер мақсат болса, ол қоршаған ортаның сапасының көрсеткіштері орындалуы тиіс талаптар рөлін атқарады. Сондықтан, нормативтік болжам барлық жоспарлау жүйесін қолда бар ресуртарға ғана емес, барлық әлеуметтік- экономикалық және экологиялық мақсаттарға құруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мемлекеттік сараптамадан өткен соң нақты жоспар сипатын алады. Оны жүзеге асыру үшін нормативтік- құқықтық негіздері жасалып, экологиялық басқару механизмі, оның ішінде қаржыландыру көздері, экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылуы тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жүзеге асырылуы бірнеше факторларға, оның ішінде: аймақтық экономикасының дамуына, ресурстарға, ғылыми- техникалық жетістіктерге,қаржыландыруға және т.с.с. байланысты болады. Басқару органдары осы факторларды дер кезінде анықтап іске қоса білуі керек. Бағдарламаны жүзеге асыруға әсер ететін факторларды: тікелей және жанама әсер ететіндер деп бөлуге болады. (3 - сызба)

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына

әсер етуші факторлар

Тікелей әсер етеін факторлар

Жанама әсер ететін факторлар

Тұрғындар

Экономикалық жағдайы

Бәсекелестер

Әлеуметтік- мәдени факторлар

Заңдар мен мемлекеттік органдар

Саяси факторлар

Қоғамдық қозғалыстар мен партиялар

Ғылыми- техникалық прогресс

Еңбек, материалдық, капитал ресурстары

Халықаралық байланыстар ресурстары

3-сызба. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын жүзеге

асыруға әсер ететін факторларды сұрыптау

Бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қабылданған заңдар негізінде мемлекеттік органдар реттейді. Қоршаған ортаны қорғау заңдары қоршаған ортаны қорғау шараларының нормативтік- құқықтық негіздерін белгілейді.

Кәсіпорындар  экологиялық бағдарламаларының орындалуына бәсекелестері едәуір ықпал етеді. Нарықтық механизмдер: салық, айып төлемдер, ластау құқығын сату, рұқсат беру, шектеулер қою, жеңілдіктер және т.с.с. қоршаған ортаны қорғау шараларын (бағдарламаларын) орындаған кәсіпорындарға экономикалық тиім береді.

Экологиялық бағдарламалардың нәтижелігі, әрине, ғылыми- техникалық прогресске тікелей байланысты. Ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолданып, іске асырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары басқаларынан ұтымдырақ болатына сөзсіз.

Экологиялық бағдарламаларды, әсіресе ірі масштабты қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға экономикалық жағдай аймақтың мәдени- әлеуметтік деңгейі. Халықаралық байланыстар еліміздің экологиялық саясаиына ықпал етеді.экономикалық даму қоршаған ортаны қорғау шараларына қаржы бөлуге мүмкіндік береді, халықаралық қатынастар арқылы шет елдік тәжірибелерді үйренеміз, технологияларын аламыз. Солармен қоса қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру үшін белгілі экологиялық саясат пен орындаушылардың экологиялық мәдениеті және біліктілігі қажет.

Экологиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың ең басты мәселесі оларды қаржылындыру. Қаржы көздері республикалық және жергілікті бюджет, қоршаған ортаны қорғау қорлары, экологиялық сақтандыру қорлары, банк несиесі, қоғамдық ұйымдардың ерікті жарналары, шет елдік гранттар, несиелер, кәсіпорындардың пайдасы, амортизациялық аудаомалары болып табылады.

Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:

  • бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;

  • мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

  • экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету

Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды:

  • табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

  • экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;

  • биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;

  • климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;

  • экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

  • ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;

  • адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

Халықаралық конвенциялар бойынша мiндеттемелерге сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс. Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.

Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс. Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.

Техникалық және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет.

Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.