Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс-2.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
36.5 Кб
Скачать

2-Дәріс

Тақырыбы: Қоршаған ортаны жаратылыстану- ғылыми таным

Дәрістің мақсаты: Табиғаттың біртұтастығы,тірі және өлі табиғаттың бірлігі, олардың даму заңдылықтарының ортақтығында жаратылыстану ғылымдарының мәнін мен маңызын айқындау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Шынайылық – таным құралы

2.Жаратылысты- ғылыми танымның формалары

3.Жаратылысты-ғылыми зерттеу бағыттары мен тәсілдері

1.Шынайылық – таным құралы

Жаратылыстану ғылыми таным негізінде шындығында күрделі шығаршылық жұмыс, атап айтқанда саналы және ішкі түйсіктегі процестер үйлесіміндегі көрініс береді.

Осы орайда атақты ғалымдар көптеген пікірлер айтты. Саналы және ішкі түйсіктегі процестер негізіндегі шығармашылық жұмыстардың ерекшелігі нақты бір жаратылыстану ғылыми мәселені шешуде әртүрлі ғалымдардың шешімдерінің сипаты жекеше сипат береді. физик-теоретик А.Б. Мигдал (1911–1991) «шынайылық- оған қандай тәсілмен бағыт алуға байланысты болады» - деп санады.

Көптеген танымал ғалымдар жаратылыстану ғылыми білімнің маңызды ролін шынайылықты жаратылыстану ғылыми таным негізінде көруге болады деп санайды.

Ағылшын физигі Дж.К. Максвелл «Материальдық ғылымдар арқылы кез-келген ғылыми шынайылыққа тікелей жол бола алатын сияқты... Материалдық ғылымдардың аналогиясын жүргізу жолымен нақты идеядан құнды әрі маңызды білім қорын алады...» деп айтты.

Жиі кездесетін тұжырым: жаратылыстанудың басты мақсаты – табиғат заңдарын бекіту, құпия шынайылықты ашу – көрініп тұрған немесе анық емес немесе бір жерде бар шынайылықты дайын күйінде болуы, оны тек іздеу керек.

Ұлы философ Демокрит б.э.д. V-ғасырда былай деді «Шынайылық-тұңғиыққа тығылады (теңіз түбінде жатыр)». Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылыми шынайылық ұғымын ашу нені білдіреді?

Бұл-біріншіден, табиғи обьектілердің қасиеттері мен құбылыстардың себеп-салдарының байланыстарын белгілеу, екіншіден шынайы теоритикалық айқындаудан алынған экспериментті бекіту, үшіншіден жаратылыс-ғылыми шынайылық қатыстылығын анықтау.

Жаратылыстанудың міндеттерінің бірі – табиғат обьектілерінің қасиеттерін және процестерін,құбылыстарын түсіндіру. «Түсіндіру» сөзі көп жағдайда «ұғыну» дегенді білдіреді.

Адам өзіндік пікірін ортаға салуда, мысалы: «Мен аталған обьектінің қасиетін түсінемін?» Бұл мынадай мағына береді: «Мен аталған қасиеттің түп негізінің байланысын және оның мәні мен оның неге әкеліп соқтыратындығын білемін». Осылайша себеп-салдарлы байланыс: себеп-обьектсалдар.

Мұндай байланыстың сандық сипатын белгілеуде ғылыми теориямен, атап айтқанда нақты логикалық құрылымды сипатпен және қағидалар кешенімен немесе болуы мүмкін қорытындының аксиомасы мен теоремасымен негізделеді. Мұндай сызбамен кез-келген математикалық теория құрылады. Осы орайда арнайы біртекті мағынаны білдіретін ғылыми тіл, терминология, ғылыми ұғым жүйесі және қатаң заңды өзара байланысты логиканы құру ұсынылады.Осылайша математикалық шынайылық көрініс береді.

Шынайылықты табиғи түрде басынан өткеруші теоритикалық мағлұматтармен немесе байқалған құбылстар мен қасиеттерді түсіндіру үшін қажетті ұсынылған болжамдармен шектелмеуі керек. Ол оны нақты экспериментпен, тәжірибемен негіздеу керек, яғни нақты заттардың қадамымен байланыстыру керек.Тек табиғи түрде басынан өткеруші (естествоиспытатель) жаратылыстану-ғылыми шынайылыққа жақындауы мүмкін, енді қағидалық сипатта математикалық шынайылықтан ерекшелінетіні түсінікті.

Эксперимент жүргізгеннен соң тәжірибенің жаратылыстану-ғылыми танымының соңғы кезеңі туындайды,мұнда алынған экспериментальды нәтиженің шынайылық шегі немесе заңдылықтардың қолданылу шекарасы,теориясы,жекелеген ғылыми тұжырымдар айқындалады.Жүргізілген кез-келген экспериментті абсолютті түрде нақты деп санауға болмайды.Эксперименттер нәтижесінің дәл еместігі екі фактормен негізделеді: обьективті және субьективті. Обьективті факторлардың бірі – бізді қоршаған әлемнің динамизмі: Гераклиттің ұлағатты сөздерін еске түсірейік–«Барлығы ағады, барлығы өзгереді; бір өзенге екі рет кіруге болмайды» деп пікір айтты. Екінші бір мысал эксперименттің техникалық құралдарының жетілмеуімен байланысты.

Ұлы академик В.И. Вернадский (1863–1945) сенімді түрде былай деді: «Жаратылыстану негізінде тек ғылыми эмпирикалық фактілер мен ғылыми эмпирикалық тұтастық жатыр». Эмпирикалық бағыт жаратылыстану-ғылыми таным көздері эксперимент пен тәжірибеге негізделгендігін ескертеміз. Сонымен бірге В.И. Вернадский эмпирикалық білімнің шектеулі екендігін көрсетті.

Экспериментсіз теоритикалық ұғым гипотетикалық сипат алады.Тек экспериментпен дәлелденгенде ғана шынайы жаратылысты-ғылыми теория туындайды.

Ғылыми теория мен эксперимент біріктірілген ұғым, ғылым мен тәжірибе – таным ағашына бекіген бұта сынды сипат береді.

Ғылым–сардар, ал тәжірибе – сарбаз», –деп ғұлама Леонардо да Винчи айтқан.

Қорытынды жасай отырып, жаратылыс-ғылыми таным теориясының негізгі үш бағдарын біріктіреміз:

1. жаратылысты-ғылыми таным негізінде себеп-салдар байланысы жатыр;

2.жаратылысты-ғылыми білім шынайылылығы экспериментпен, тәжірибемен бекітіледі;

3. кез-келген жаратылысты-ғылыми білім қатыстылық сипатқа ие.

Жаратылыстанудың дамуы- бұл жаратылысты-ғылыми шынайылыққа абсолютті түрде жақындау болып саналады.