- •Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
- •Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
- •2.Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.
- •3. Шетел мемлекеттеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.
- •2. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар
- •3. Ауыспалы экономиканың негізгі заңдылықтары
- •2. Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.
- •Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.
- •3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары.
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •2. Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.
- •3. Аөк қолдау бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі
- •2. Мемлекеттік бюджет – экономиканы қаржылық реттеудің негізі: принциптері, атқаратын қызметтері.
- •3. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары.
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы
- •3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
- •2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын әзіәрлеу мен жүзеге асыру әдістері.
- •3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің мәні және оның негізгі бағыттары.
- •4. Сыртқы экономикалық іс-әректтерді реттеудің негізгі құралдары: тарифтік және тарифтік емес.
3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
Бағалар өте маңызды қызметтерді атқарады: игіліктерді тұтыну мен қызметтердің, шығындардың, өмір сүру деңгейін, өмірге қажетті минимумының, отбасының тұтыну бюджетінің көлемі мен құрылымына ықпал етеді.
Мемлекет тауарлардың барлық түріндегі бағалардың өзгерістерін қадағалап отырып, ішкі бағаның пайда болу үдерістеріне жанама ықпал етуі тиіс.
Мемлекет қоғам үшін өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаны реттейді: жанармайға, энергияға, стратегиялық шикізатқа, қорғаныстық мәні бар өнімдерге, қоғамдық көлікке, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларына. Бағаларды қадағалай отырып, мемлекет өмір сүру құнының өсуін қадағалауды жүргізеді, ол әрі қарай еңбекақы мен зейнетақыны индекстеуге ықпал етіп, сондай –ақ бағаның өсуі өндірістің шекті шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне әсер ететінін анықтайды.
Тікелей мемлекеттік араласу акциздік тауарларға бағаларды белгілегенде анықталады. Тікелей ықпал ету демеу қаржымен, арнаулы қосымша төлеммен байланысты.
Бағаны тікелей реттеудің негізгі нысандары:
жалпы бағаны қалпында сақтау (экономикадағы төтенше күшті
инфляция кезінде қолданылады) және кейбір тауарлардың бағасын қалпында сақтау;
бекітілген баға мен тарифтерді белгілеу (бағаны белгілеу
субъектілері бекітілген бағаларды енгізген жағдайда өздерінің өнімдерін бекітілген бағадан аспайтын бағалар бойынша өткізуге міндетті);
белгілі бір уақыт кезеңіндегі бағаның өсу мүмкіндігінің шегін немесе
баға деңгейінің шегін белгілеу – мұндай реттеу шаралары тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені, бағаның еркін өсуі, ақыр аяғында өндірістің қысқаруына әкеледі;
пайдалылықтың шекті нормативін белгілеу;
жабдықтау – өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу
бағаның тепе – теңдігін белгілеу
Бағаны жанама реттеу – нарықта тауар ұсынысының кеңеюіне, нарық сұранысының көбеюіне, тұрғындардың табыстарын басқаруға, салықтарды реттеуге көмектесетін құралдар мен әдістердің жиынтығын қолданумен қамтамасыз етілетін бағаның өсуіне араласу.
Бағаны жанама реттеу шараларына мыналар жатады:
мемлекеттік сатып алу;
салық жүйесі;
ақша айналымы мен кредиттерді реттеу;
мемлекеттік инвестиция саясаты;
мемлекеттік шығындарды реттеу;
өтелім мөлшерін белгілеу
Дәріс 13. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
1. Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.
2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы
3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.
Рыноктық қатынастарға көшу үкіметті аймақтың дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрынғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.
Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда да орын алады. Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие. І
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде стратегиялық мақсатқа елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына жету үшін өмірлік қызмет пен шаруашылықтың аймақтық факторларын тиімді пайдалануға бағытталады. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаттары - тұрғындардың өмірлік қызметтері мен әр аймақтың ресурстық-өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану және аумактық өзін-өзі басқаруының даму қағидаларын қалыптастыру.
Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша – су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылығы әлеуетіне; табиғи және адам ресурстарын бөлуде өзін-өзі қамтамасыз етуінде үлкен саралау бар.
Еңбекақыны төлеуде айырмашылық сақталуда: 2007 жылы республика аймақтары арасында ең жоғары еңбекақы Атырау облысында тіркелген - бір жұмысшыға 80646 теңге (республикалық орта көрсеткіштен 1,8 есе жоғары) және Маңғыстау облысында 69022 теңге (1,5 есе жоғары). Алматы қаласындағы еңбекақы 68138 теңге (1,5 есе жоғары), Астана қаласында - 63821 теңге (1,4 есе жоғары). Республика бойынша он екі облыста ортадан төмен еңбекақы сақгалған. Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 30488 теңгені қү-райды, Қостанай облысында - 31697 теңге, Ақмола облысында - 31798 теңге, бұл елдегі орта деңгейден 30-33 пайызға төмен.
Алдын ала келісілген объективті айырмашылықгардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:
Бірінші топ: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен көмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.
Бұл топтардың басымдылығы - стратегиялық бай жер қойнауын (көмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б.) қарқынды игеруде; кен шығарудың базасында және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу кешенінде жаңа технологияларды енгізу; жоғары дамыған өндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымды құру.
Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетімен сипатталады.
Топтардың басымдылық санатында — ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокөлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композитті, тазалығы жоғары, жоғары өткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (құралдарды) Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.
Үшінші топтар — Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.
Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді мамандандыру.
Төртінші топтар - Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, ягни элеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты-климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлылығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.
Төртінші топ үшін басымдықтар - экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін түбірлі қайта құру.
Сөйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.
Екінші топтардағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.
Үшінші топтағы аймақтарда экономикалық тұгқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырылады.
Тоқыраулы (төртінші) топтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері - оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.
Мұндай тәсіл аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
