
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
- •Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
- •2.Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.
- •3. Шетел мемлекеттеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.
- •2. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар
- •3. Ауыспалы экономиканың негізгі заңдылықтары
- •2. Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.
- •Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері.
- •2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
- •2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.
- •3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары.
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •2. Қазақстан Республикасының агроазық түліктік кешенінің дамуы.
- •3. Аөк қолдау бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі
- •2. Мемлекеттік бюджет – экономиканы қаржылық реттеудің негізі: принциптері, атқаратын қызметтері.
- •3. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары.
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы
- •3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
- •2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын әзіәрлеу мен жүзеге асыру әдістері.
- •3.Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетінің мәні және оның негізгі бағыттары.
- •4. Сыртқы экономикалық іс-әректтерді реттеудің негізгі құралдары: тарифтік және тарифтік емес.
Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады.
Қазіргі кезде қоғам өмірінің дамуында экономикалық іс-қимылдар аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық шаруашылық байланыстарының күрделене түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсуде.
Қазақ ғалымдары Мамыров Н.К., Ихданов Ж. анықтамалары бойынша, мемлекеттік ретеу дегеніміз, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсаты үшін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.
Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық экономика жағдайында экономиканв мемлекеттік реттеу деген қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайға бейімдеу және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.
Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.
Мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады.
Мемлекеттік ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз - экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты түрде өздігінен шешілмейтін немесе болашақта шешімін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу, экономиканың қалыпты жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік экономиканың өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне жататындар:
1. Экономикалық цикл.
2. Секторлық, салалық және аймақтық экономиканың құрылымы.
3. Капиталдың қорға айналуы.
4. Жұмыспен қамту.
5. Ақша айналымы.
6. Төлем баланысы.
7. Баға.
8. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс.
9. Бәсекелестік жағдай.
10. Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру.
11. Мамндарды даярлау және қайта даярлау.
12. Қоршаған орта.
13. Сыртқы экономикалық байланыстар.
Бұл айтылып отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық және микроэкономикалық қатынастарды қамтиды.