- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
«Мен байқадым ...»
Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Қазір біздің біреуіміз (жаттықтырушы қатысушылардың біреуінің есімін атайды) есіктің сыртына шығады. Қалғанымыз: «қыздар» және «ер балалар» болып екі топқа бөлінеміз. Екі топтың әрқайсында еркектер мен әйелдерде болуы мүмкін. Топтың дайындалуына 2 минут уақыт беріледі. Бұл вербалді емес әрекет болуы керек. Екі топта өздері таңдаған әрекетті бір уақытта жасайды. Ал сен «жаттықтырушы есіктің сыртына шығып тұруы тиіс қатысушыға қарап) топтың қайсысы «ер балалар», қайысысы «қыздар» екенін және « олар не істеп жатқанын анықтауың керек».
Бөлмеге қайтып келген қатысушы жауап бергеннен кейін, жаттықтырушы одан тапсырманы орындауда неге сүйенгенін сұрайды. Әдетте, жаттығу көңілді өтеді.
Мақсаты: қатысушылар өздерінің шығармашылық, ойлаптапқыштық қабілеттерін ашуға мүмкіндік алады. Бұған қоса, топтың бір мүшесі басқалардың әрекетінің мазмұнына еніп, түсінуі қажет, бұл әріптстік қатынас, келісім сөздер жүргізу машықтығының мазмұндық мақсатына сәйкес.
«Менің ойым»
Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Өзіңізге ыңғайлы болатындай отырыңыз. Көзіңізді жұмыңызда, бүгін топта не істедік соның барлығын кері ретте мен сөзімді аяқтаған сәттен бастайсыз, есіңізге түсіріңіз. Күні бойы не істегеніңізді егжей- тегжейлі түрде, еш түсінік бермей және еш нәрсе қоспай есіңізге түсіруге тырысыңыз».
Жаттығу негізінен, күнің соңына қарай, қатысушылар жұмыстан алған әсерлерімен бөлісер алдында орындалады.
Мақсаты: Жаттығуды жасау жиналған тәжірибені құрылымдап және жадында сақтауға септігін тигізеді.
«Әңгімелесу»
Топ шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Бұл жаттығуды орындау үшін біз жұп құраймыз. Жаттықтырушы топқа өз ықыластарымен жұп құрауды ұсынады немесе жұптарды өзі құрайды. Егер топтағы адамдар қатар саны тақ болса, жаттықтырушы өзіде жаттығуға қатысады. Әр жұп ешкімге кедергі жасамайтындай ыңғайлы орын тапсын. Сіздерге әңгімелесуге 6 минут беріледі (жаттықтырушы талқылауға топпен байланысты немесе бейтарап тақырыптар бере алады). Менің бұйрығым бойынша әңгімелесу барысында, әңгімемізді тоқтатпай, тұрған күйімізді өзгертеміз. Ал қазір бір-бірімізге арқамызбен бұрылып, әңгімені бастайық».
Қатысушылар бір-біріне арқаларын түйістіріп, 1,5 минут әңгімелеседі, одан кейін 1,5 минут- біреуі отырып, ал екіншісі тұрып және керісінше (бір-біріне қарап), 1,5 минут – бір- бірінің жүзіне қарап отырып әңгімелерін жалғастырады.
Жаттығуды талқылау барысында жаттықтырушы қандай күйде әңгімелесу қиын, күрделі болды, ал қандай күйде өте жәйлі болғандығы туралы сұрақтар қоя алады. Қатысушылар дәйекті түрде бірдей жағдайдағы күйдің жәйлі болғандығы туралы ой айтады (мысалы екеуі де отырған күйде).
Мақсаты: Бұл қатысушылардың арасында кедергілердің болмауы және көз жанарының бір деңгейде болуының маңыздылығы теңдік ұстанымы байланысын орнату тиімділігі үшін маңызды ойларды ортаға салуға септігін тигізеді.
«Сен байқадың ба?»
Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Біздің біреуіміз (кім екендігін кейін анықтаймыз) біраз уақыт есіктің сыртына шыға тұрсын. Ал біз бұл уақытта қандайда бір белгілер бойынша екі топшаға бөлінейік. Белгі көзге көрінетін болуы керек, және бір сәтте топты екіге бөлуі тиіс (мысалы, аяқ киімде бау болу). Құрылған екі топша арасы біршама алшақтық құраған күйде, әр жаққа отырады. Қайтып оралған қатысушы топ қандай белгі бойынша екіге бөлінгенін табуы тиіс».
Қатысушы өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін, жаттықтырушы тағы бір адамға қандай белгіге байланысты топ екіге бөлінгенін анықтауды ұсынады. Жаттығуды жалғастыруға ниет танытқан қатысушы, есіктің сыртына шығып тұрады, осы уақытта топ басқа белгі бойынша екіге бөлінеді. Жаттығу аяқталғаннан кейін, туындаған қиыншылықтарды талқылауға болады.
Мақсаты: жаттығу бақылампаздықты дамытуға, назар мен ойлауды белсендіруге бағытталған.
