- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қане, мынау (жаттықтырушы допты көрсетеді) – апельсин деп елестетейік. Қазір біз бұны бір-бірімізге, лақтырамыз, әрі лақтырар кезде сіз қандай апельсин лақтырғаныңызды айтасыз. Мұқият болайық: апельсиннің жеке қасиеттері мен сапасын атар кезде қайталауларға тап болып жүрмейік және жұмысқа барлығымыз қатысуға тырысайық». Жаттықтырушы қиялдағы апелсиннің кез-келген сипаттамасын атап, мысалы «тәтті», жұмысты бастайды. Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы қатысушыларды өзінің пікірін позитивті көзқараста құрастырыра отырып, қарқынды жұмысқа араласуға тартады, мысалы, «Қанекей, жылдам жұмыс істеуге тырысайық».
С ондай-ақ жаттықтырушы топтың назарын басқа мазмұнды көзқарасқа көшкен кездегі сәттерге аударады. Мысалы, «сары», «қызғылт-сары» деген сипаттамалар айтылады, ал келесі бір қатысушы «Кубалық» деп айтады. Мұндай жағдайда жаттықтырушы: «жаңа сала пайда болды - өндіруші-ел» - деп айтуына болады.
Жаттығу ойлаудың үстіртігін, жадынан ақпаратты ала алу жылдамдығын, сондай-ақ жаңа мазмұнды салаға саналы түрде ауысу қабілеттілігін дамытуға бағытталған.
2- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір бір-бірімізге доп лақтырамыз, әрі доп лақтырған кезде- қандай да бір түсті атаймыз, ал допты тосып алған кезде – осы түстес нысананы атаймыз. Мұқият болайық және аталған түстер мен нысаналарды қайталамаймыз және әрқайысымыздың жұмысқа қатысуына мүмкіндік берейік». Нұсқаулықта зат деген сөздің орнына «нысана» деген сөзін пайдалану ассоциациялар тудыру үшін көбірек мүмкіндік беруіне байланысты. Кейде топта нысана түсінігінде нені түсінуге болады деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда, жаттықтырушы әрқайысысына сәйкес келетін кез-келген түсінікті сақтауға болатындығы мүмкіндігін хабарлайды.
3- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «қазір біз бір-бірімізге мына допты лақтырамыз. Допты лақтыратын адам: «ауа», «жер» немесе «су» деген үш сөздің бірін айтады, допты тосып алған адам , егер «ауа» сөзі айтылса – құстың атын, екінші жағдайда («жер») – аңның атын, ал егерде «су» сөзі айтылған болса- балықтың атын атайды. Мүмкіндігінше, жылдамырақ қимылдау қажет».
Жұмыстың барысында, жаттықтырушы топ мүшелерін қарқындылықты арттыруға жетелейді.
Жаттығу ойлау үстіртігін дамытуға бағытталған.
4 - жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз барлығымыз ауыр күш салатын жұмыспен шұғылданамыз - жүк кемесінен жүк түсіреміз. Оны біз келесі жолмен жүзеге асырамыз: мен жүк кемесіне тиеуге болатын қандай да бір затты белгілейтін қазақ алфавитінің бір әріпін және бір сөз атаймын және кез-келгеніңізге допты лақтырамын. Ал ол өз кезегінде, сол әріптен бсталатын қандай да бір затты атайды да, допты келесі адамға лақтырады. Жүк тиеу үздіксіз болу үшін және қатысушылардың барлығының араласа алуы үшін жылдамырақ қимылдауымыз қажет. Кей-кезде біз әріпті ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар, біздің біршама шектеулеріміз болады: жүк кемесіне онда тасуға болатын астероидтар, айсбергтер және гуманисті болу үшін оған мысалы, аборигендерді, еліктерді тиемеуіміз қажет. талас тудыратын жағдайдың сарапшысы мен боламын».
Аталмыш жаттығу креативтіліктің екі сипаттамасын – ойлау үстіртігін (жадынан ақпаратты алу жылдамдығы арқылы) және бірмезгілдегі әрекет уақыт тапшылығы және айналадағылардың бағалауы жағдайында өз-өзін ұстауын дамытуға бағытталған. Жаттығу барысында мерзімді түрде қатысушылардың бірі «тиеуге» арналған кезекті затты тауып үлгере алмауына байланысты үзілістер орын алады. Топ мүшелері бұған әр түрлі себептер айтады: «менің ойыма ештеңе келмей тұр», «мен, айтайын деген сөзді айтып қойды», «мен былай жылдам ойлап үлгере алмаймын» деген сияқты. Үзіліс кезінде жаттықтырушы жүк кемесіне тиейтін заттары бар қатысушылардың қолдарын көтеруін немесе тиеуге арналған үш затты атауын өтінуіне болады. Жаттықтырушы міндетті түрде жаттығуға қатысады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз «тиеудің» қандай тәсілдерін қолдандыңыз?», «Тапсырманы орындауда не қиындық тудырды, кедергі жасады?» - деген сұрақтарды қояды. Талқылау барысында, әдетте, топ кедергілер ойына, міндетті түрде өз-өзін ұстай білуді дамыту қажеттігіне назар аударып, бірқатар заттарды дайындап алуымен және оларды алмастыратын заттар қатарымен (конфет, карамель, кекс, өрік, казинактар) байланысты бейнелі ұйымдастырылған түрлерінің (әріпке қатысты сөздер келтірілген сөздік немесе энциклопедияның парақтарын ұсыну немесе әр алуан әріптерден басталатын заттарды кездестіруге болатын канцеляриялық дүкеннің сөрелерін елестету) нақты амалдарын ұсынады.
5- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Олардың қолдарында парақ және қалам.
Н ұсқаулық: «Мен сіздерге қазір ұсынатын тапсырманы жазбаша орындау қажет. парақтың жоғарғы жағына Н Ө Ә С төрт әріпін жазыңыздар. Менің белгім бойынша жұмысты бастаймыз; мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрауымыз қажет, әрі сіз жазған әрбір сөйлемнің бірінші сөзі Н әріпінен, екіншісі - Ө , үшіншісі – Ә, төртіншісі – С әріпіненен басталуы қажет. Мысалы: Назым Өте Әдемі Сөйлейді. Тапсырманы орындау үшін сіздердің үш минут уақыттарыңыз бар. Бастадық».
Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрбір қатысушыға кезекпен қанша сөйлем жазғанын айтуын өтінеді, одан соң әрқайысына жазған сөйлемдерінің кез-келген бірін өз қалауы бойынша оқып беруін ұсынады. Ол сөйлем қатысушының ойынша ең сәтті құрылған сөйлемі болуы мүмкін. Жұмыстың нәтижесімен таныстыру барысында қатысушылар сөйлем құрау барысында қолданылмаған стилдік, мазмұндық және басқа мүмкіндіктерді анықтайды, бұл олардың себебін күшейтеді және келесі жұмыстардың нәтижесіне оң әсер тигізеді.
Жаттықтырушы сөйлем құрауды тағы үш минутқа созуды ұсынады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, әр қатысушы тағы да өзі қанша сөйлем құрай алғандығын жеткізеді және өз таңдауы бойынша біреуін оқып береді.
Одан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Енді әрқайысымыз біздің тобымыз туралы әңгіме құрастырады. Бұл әңіме құралатын сөйлемдердің қатары кез-келген болуы мүмкін бірақ сөздер НӨӘСНӨӘСНӨӘС әріптерінене басталуы қажет және т.с.с. Әрі тыныс белгілерін кез-келген жерден қоюға болады. Бұл тапсырманы орындау үшін біздің бес минут уақытымыз болады». (Әңгіменің тақырыбын бермей-ақ қоюға да болады).
Жұмыс аяқталғаннан кейін, әр қатысушы өзінің әңгімесін оқиды. әңгіменің мазмұны талқыланбайды, бағаланбайды, коментарий берілмейді.
Жаттығу ойлаудың нақтылығын және үстірттілігін, икемділігін дамытуға бағытталған.
6-жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір әрқайсымыз кезекпен өзі отырған орындығын алып, ортаға шығады да, кезекпен шеңбердің бойында отырғандарға қарама-қарсы отырып, оларға күтпеген сұрақтар қояды. Сұрақ қойғаннан кейін оның жауабын күтеді». Өзгерту мүмкіндігі бар: шеңбер бойында қалған әрбір қатысушыға қарма-қарсы отырушы, оған қойылған сұрақтарға жауап береді. Жаттығу ойлау ерекшелігін, икемділігін, нақтылығын дамытуға бағытталған Әдетте, көңілді өтеді, топтың көңіл-күйін белгілі дәрежеде көтереді.
7 - жаттығу
Топ мүшелері өз қалаулары бойынша біріккен жұпта жұмыс істейді. Әр қатысушының қолында қалам мен парақ бар.
Нұсқаулық: «жаттығу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен әрқайысымыз өз бетімізбен темекі тартудың пайдасына қатысты дәйектерді көбірек жазуға тырысады. Бұған сіздердің үш минут уақыттарыңыз болады».
Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрқайсысына қанша дәйек жаза алғаны туралы айтуды өтінеді. Бұл ақпарт талқыланбайды және жаттықтырушы коментарий жасамайды. Егер топта көп немесе аз дәйектер жазылғандығы туралы сұрақтар туындаса, бағалаулар немесе өзіндік баға беру (ой, ал менде мүлде аз» деген сияқты) айтылатын болады, ал жаттықтырушы еш әрекет білдірмейді, талқылауға қолдау көрсетпейді.
Нұсқаулықтың жалғасы: «Енді сіздердің бір-біріңізбен құрастырылған дәйектермен бөлісуге уақыттарыңыз болады, әрі бұл кезде сіздің серігіңізде бар, бірақ сізде жоқ және сіз үшін ерекше және өзгерек болып көрінген 1-2 дәйекті есіңізде сақтаңыз».
Барлығы жұмысты аяқтаған соң, 5-7 минуттан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Қазір сіздің темекі тартуға қарсы көбірек дәйектерді өз еркімен жазу үшін үш минуттық уақыттарыңыз болады».
Одан кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижесімен, алдыңғы кезеңдегі жолмен бөліседі.
Талқылаудың жалғасы ортақ шеңберде жүзеге асады. Жаттықтырушы: «қазір әрқайсымыз сіздің әріптесіңіз ұсынған темекі тартуды «қолдайтын» және «қарсы» дәйектерінің қайысысы сізге ерекше ұнады және сіздің ойыңызша ерекше, өзгеше болып келетіндігін атаңыз».
Жұмыс барысында әрқайысының жеке нақты мәселеге (аталмыш жағдайда, темекі тарту туралы) қатысты көрінісі белгілі деңгейде кеңейе түседі. Жұмыстың заңды нәтижесібұған дейін қалыптасқан көріністердегі шектеуді жеңу болып табылады, бұл оң эмоциялардың пайда болуымен қабаттасады. Мәселені көрудің біртіндеп кеңейе түсуі (өзіндік дәйектерді құрастыру және сезіну, әріптесінің дәйектерінде жаңаны аңғару, басқа жұптардың дәйектерінде жаңаны байқау) мәселенің болжамдық көрінісінің шексіздік ойын сезінуге көмектеседі, қатысушыларды әр алуан тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді.
8- жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық: «қазір біз болжамдық ойлаумен жұмыс істеуге назар аударамыз. Келесі жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз. Сіз үйіңізге қайтып келесіз (немесе өз жұмыстарыңыз бойынша бір жаққа кетіп барасыз), алдыңыздан ағашқа пышақ қадап уақыт өткізіп тұрған бір топ жасөспірім кездесті. Сіз жасөпірімдердің пышақ қадаумен айналысуын тастап, басқа пайдалы іспен шұғылдануына жетелейтін өз әрекетіңіздің бірнеше түрін ойлап табуыңыз қажет. Ойыңызда пайда болған әрекет түрлерін жазып отыру қажет».
▬ ►Қатысушылар жартылай шеңбер құрады.
Нұсқаулық: Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін- бірі қайталамай топпен кез- келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз».
Жаттығу аяқталғаннан кейін топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды, (ұнады) және неліктен?» деген сұрақтар қоюға болады. Екінші сұрақ мазмұндылық жоспарда, оның ішінде байланыс орнату мәселелерімен жұмыс барысында пайдалынатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік береді.
▬►Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.
Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді біз бір-бірімізге жақын келіп, амандасумен бастаймыз.Топтың әр мүшесі өз серіктесімен амандасу кезінде вербальді емес тәсілді пайдалануы керек. Келесі серіктесіңізбен сіз алдында сізбен амандасқан серігіңіз пайдаланған тәсілмен амандасуыңыз қажет. Егерде қандайда бір жұп бірдей тәсілмен амандасса, ол екі адам келесі серіктестерімен жаңа тәсілмен амандасуы керек».
Бұл жаттығудың нәтижесі және қойылатын сұрақтардың мазмұны мен тиімділігі жағынан 6- жаттығумен ұқсас.
▬►Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді бір-бірімізге тілектер айтумен бастайық: Бірінші қатысушы орнынан тұрып, кез-келгеніміздің қасына келіп амандасады да, оған жақсы тілектер тілей бастайды. Ал, ол өз кезегінде келесі адамға келіп, өз тілегін білдіреді, осылай әрқайысымыз бір- бірімізге тілек айтып шығамыз».
Жаттығудың нәтижесін «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болады немесе «Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегенде қандай халде, сезімде болғаныңызды әңгімелеп беріңіз?» деп ұзын сұрақ қоюға болады. Талқылау барысында әріптестік қатынас, қызметтестік, іскерлік келіссөздер жүргізу тренингінде маңызды - адам бойындағы қолайсыздық оның қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескермей қатынас жасағанда орын алады деген пікір туындауы мүмкін.
Жаттығуды орындау барысына жаттықтырушы топ мүшелерінің бойынан қандай да бір қиналу сезімін байқаса, жаттығу соңынан не мазалағанын анықтау үшін «Тапсырманы орындау барысында сізді не мазалады?» деген сұрақ қоюына болады. Мұндай сұрақ екі мәселенің басын ашуға көмектеседі: біріншіден, сұраққа жауап беру арқылы адам өз бойындағы жағымсыз көңіл-күйді жеңілдетіп, жаттығу барысында орын алған қолайсыздықты жоя алады, екінші жағынан, бұл сұраққа жауаптар топ мүшелерінің пікірі арқылы өз тәжірибесін бақылай және толықтыра түседі. Аталмыш жағдайда өзінің тәжірибесін мойындау – бұл адамдарға ашық болуға, басқа адамдарды сезіне, түсіне түсуге, олардың нақты қажеттіліктерін сезіну жолындағы кедергілерді мойындау.
1 -өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Жұмысты бір-бірімізге бүгінгі күнде жақсы тілектер айтумен бастаймыз. Тілек қысқа, мүмкіндігінше бір сөз болуы керек. Сіз допты тілек тілегіңіз келген адамға , тілек айта лақтырасыз. Ал ол адам өз кезегінде келесі адамға тілек тілей допты лақтырады. Ешкімді назардан тыс қалдырмай, араласуын қадағалай отырайық».
2-өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бейнеқұрал түсірілімге дайын.
Нұсқаулық: «Жұмысты әрқайысымыз топқа бүгінгі күнге жақсы тілектер айтумен бастаймыз».
Барлық тілектер бейнетаспаға жазылады. Одан кейін топ мүшелері бейне ы көңіл- күй орнатады. Бұл көру барысында әсері арта түсетін жағымды тілектердің топтастығын сезінумен байланысты (әркім өзінің жазбаны көру үшін ыңғайлы отыруы ұсынылады. Бейнетаспаны көру топта жағымдэкранда көрінуін күтеді, және өзін басқалармен салыстырады).
▬►Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір-бірімізге есімімізді атай доп лақтырамыз. Допты тосып алған адам қандай да бір бейне жасайды, қалғанымыз сол бейнені қайталап көрсетеміз. Одан кейін ол (яғни қандай да бір бейне көрсеткен адам) доп келесі біреуге лақтырады, дәл осылай доп әрқайысымыздың қолында болып шыққанша қайталаймыз». Жаттығу топ мүшелерінің бір- біріне назар аударуға, жұмыстың ілгері басуына септігін тигізер топтық сезімнің қалыптасуына мүмкіндік береді.
1-өзгерту. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір- біріміздің есімімізді естірте атап доп лақтырамыз допты тосып алған адам өзінің ішкі жан- дүниесінің толғанысын бейнелейтін бейнені жасайды, ал қалғандары сол бейнені қайталап көрсету арқылы сол адамның ішкі жан- дүниесінің толғанысын сезінуге тырысады». Жаттығу аяқталғаннан кейін аталмыш өзгертуді пайдалану қажет болса, топқа: «Сіздің ойыңызша, әрқайысымыз қандай күйдеміз?» деген сұрақ қоюға болады. Әркімнің жәй-күйі туралы біршама болжаулар айтылғаннан кейін, әр адамға өз хал- жағдайын айтып беруін өтіну керек.
Жаттығудың бұл түрін ары қарай серігіңнің хал-жағдайымен
н емесе қарым-қатынас жасауға байланысты жұмыс жасау керектігі туындаса, қолдануға болады.
▬►Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір біз санаймыз, жәй ғана: бір, екі, үш және т.б. біреуіміз санауды бастаймыз, ал оның қасында отырған адам жалғастырады (сағаттың тіліне орай).мүмкіндігінше жылдам санауға тырысамыз. Санау барысында бір талапты ескеру қажет: егер сізге 6 цифры бар сан атау керек болса (мысалы 16 саны), ол санды айтар кезде орныңыздан тұруыңыз керек (жаттығуды санды тұрып атаудың орнына, санды атамай шапалақтаумен алмастырып күрделендіруге болады).
Егер біреу қателескен боса, ол ойыннан шығады, бірақ шеңберде отыра береді. Сондықтанда кімнің ойыннан шыққанын ал кімнің ойынды жалғастыру керектігін назарда ұстауыңыз керек. Егерде жаттығудың талаптарын оны орындау барысында өзгертіп отырған жағдайда, жаттығу өте қызу өтетін болады. Қателескендерді шеңберден шығу талабын ендіру арқылы жаттығуда бәсекелестік орнатуға болады. Мұндай жағдайда, қателескен адамға жаттығудың жалғасуын мұқият бақылап, қателіктің неден туындағанын табуға тырысу нұсқаулығы беріледі. Жаттығу назарды жинақтауға, қатысушыларға өз мүмкіндіктерін түсінуге және шынығуға мүмкіндік береді.
▬►Топ мүшелері шеңбер жасап отырады.
Нұсқаулық: «Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз. Ол былай санайды: біреуіміз қандай да бір санды атайды (сағаттың тілі бойынша) , келесі қасыңда отырған адам арифметикалық әрекеттің белгісі («қосу» немесе» алу»), келесі- тағы да санды атайды және т.б. сан белгілермен кезектеседі, сондықтанда топтың белгі атауы тиіс кез- келген мүшесі «тең» белгісін атаса, келесі оның серігі қосындының нәтижесін айтуы керек. Мысалы, мен «жеті» деп айтамын, Жанар - «қосу», Айнұр «сегіз». Серік – «алу», Санат – «екі», Анар- «тең» десе Бақыт «он үш» санын атайды. Келесі қатысушы яғни Гүлнұр тағы бір белгіні атайды, ары қарай санақ жалғасады».
Егер қатысушылар қатар саны жұп болса, біреулері тек сан атайды, ал келесілері – белгілерді атайды, сондықтанда 2-3 айналымнан кейін бұған дейін белгі атағандарға сан атауды және керісінше ұсыныс жасап жаттығуды қайтадан бастауға болады. Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы жылдамырақ санауға жетелеуі керек.
Жаттығу назарды жинақтайды, қатысушыларды жылдам тренингтік жағдайға араласуына мүмкіндік береді, мысалы, шағын үзілістен кейін. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл тапсырманы орындау оңай болмас. Көп жағдайда, назарын жинақтау қабілеттілігі төмен адамдарға тапсырманы орындауда қиындық туады. Жаттығу барысында олар бұны түсінуге және өз кемшілігін түзеу мүмкіндігіне ие болады.
