Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.66 Кб
Скачать

«Ұйымшылдық»

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Біздің жұмысымыз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында, чемоданымызды жинаймыз. Біз бірге жұмыс істедік, сондықтанда әрқайсымыздың жол сөмкемізді бірге жинақтаймыз. Жол сөмкедегі заттар ерекше болмақ. Біз қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз әрқайысымызға қарым- қатынас жасауға не көмектесті және не кедергі жасады соларды «саламыз». Чемоданды біз иесі жоқ кезде жинаймыз, ал жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып чемоданды береміз. Ол чемоданын ешқандай сұрақ қоймай алып кетуі тиіс.

Чемоданды жинау барысында біз бірқатар ережелерді сақтауымыз керек:

1. Чемоданға салынатын көмектесетін және кедергі жасайтын қасиеттердің саны бірдей болуы керек.

2. Әрбір қасиет чемоданға топтың келісімен салынады. Егерде біреуіміз келіспейтін болсақ, топ өзінің шешеімінің дұрыс екендігіне ол адамды көндіруге тырысуына болады, ал егер көндіре алмаса қасиет чемоданға салынбайды.

3. Чемоданға топтың жұмысы барысында көрініс алған қасиеттерді ғана салуға болады.

4. Чемоданға коррекциялауға жарайтын қасиетті, қажетті зат қана салуға болады.

5. Чемоданды жинауды әрқайысымыз кезекпен басқарамыз. Мәселен, Айман, сен бастайсың, ал ары қарай Марат жалғастырады және ары қарай. Жоғарыда айтылған ережелерді ұмытпауларыңызды өтінемін».

Ж аттықтырушы уақытша нысан ретінде чемоданды бірінші жинаған қатысушының талқылауының тәжірибесін ұсынуына болады. Қасиеттерді талқылауға чемоданды жинаушы топтың жетекшісінің ұсынысын тыңдағаннан кейін бастауға болады. Чемоданды жинастыру кезінде жаттықтырушы шеңбердің сыртында отырады.

Бұл тәсіл қатысушылар арасында реніш тудырмайтын, келісімділікте өткізу үшін жиналған чемоданды жазба түрінде өткізуге рұқсат бермеу керек.

Мақсаты: топтың жұмысын және бірнеше күннен бері алынған нәтижелерді қорытындылауға мүмкіндік береді.

1 өзгерту. Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біз жұмысымызды аяқтаймыз. Біздің әрқайсымыздың топтың кез-келген мүшесінен сізге қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиет пен кедергі жасайтын бір-бір қасиетті атауын өтініп сұрау мүмкіндігі беріледі. Сұрақ қойылған қатысушылар біраз уақыт ойланады да, одан кейін кезекпен өз ойларын ортаға салады.

Жаттықтырушы жаттығуға қатыса алады, бірақ ол топ мүшелері онымен жұмыс аяқталғаннан кейінде сөйлесе алатындығын ұмытпағаны жөн.

2 өзгерту Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біз жұмысымызды аяқтаймыз. Қазір әрқайсыңыз кезекпен өзінің алдына мына орындықты қояды (жаттықтырушы орындықты шеңбердің ортасына қояды). Топтың барлық мүшелері, сізге ыңғайлы кезекпен қасыңызға келеді де орындыққа отырады да оның ойы бойынша сіздің бойыңыздағы қарым- қатынас жасауға көмектесетін және кедергі жасайтын бір қасиетті атайды. Ескеретін бір жағдай, топтың жұмысы барысында көрінген және коррекциялауға жажатын қасиеттерді ғана атау қажет. Барлығы өзінің пікірін айтып болғаннан кейін, келесі қатысушы орындықты өз алдына қояды. Жаттығу жалғасады және т.с.с».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]