Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.66 Кб
Скачать

«Менің арманым»

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы таза ақ парақ таратады.

Нұсқаулық:

«Ақ парақты теңдей төртке бөліңіз. Қазір біз біраз сурет саламыз. Бірінші шаршыға сіздің мұғаліммен әңгімеңізді бейнелеңіз, екіншіге – сыныптастырыңызбен, үшіншіге – ата-анаңмен, төртіншіге - сіздің көзқарасыңыз бойынша, тамаша (қолайлы) жағдайда басталған әңгіменің басталуын бейнелеңіз. Суретті қабілетіңіздің шамасына қарай салыңыз, ең бастысы суреттің сапасы емес, сіздің нені салғаныңыз».

Қатысушылар суреттерін салып болғаннан кейін, жаттықтырушы оларды шеңбер бойымен барлығы танысатындай, бір-біріне берулерін өтінеді. Суреттер өз авторларына қайтарылғаннан кейін, жаттықтырушы қатысушыларға өз әсерлерімен бөлісуін ұсынады. Талқылау әртүрлі ролдік ұстанымдағы әңгіменің басталуының белгілері мен қалыптасқан ережелерге қатысты.

Мақсаты: байланыс орнатуға бұл жағдайда ненің кедергі жасайтыны, ненің септігін тиетіндігі жөнінде мазмұнды ойларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жаттығу әртүрлі деңгейдегі басшылар тобында ауқымды деректер береді және жаттықтырушының талқылауды нақты әрі қызу өткізуін талап етеді.

«Менің эмоцияларым»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Мен қазір кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоционалдық күй белгіленген текшелер таратамын. Текшелерді алғандар, онда жазылғанды топ мүшелеріне көрсетпей оқиды,одан кейін кезекпен текшеде жазылған күйді бейнелеп көрсетеді. Біз зер салып қарап, қандай эмоционалдық күй бейнеленгенін түсінуге тырысамыз».

Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушыларға бейнеленген күйге қатысты өз пікірін білдіруге, кейін оны атауға мүмкіндік береді. Талқылау барысында көп жағдайда, қандай күйді танып- білу қиын, оны түсінуге не септігін тигізе алатындығы туралы олар айтылады. Әрбір эмоционалдық күй аталған сайын (мысалы, қуаныш) ең алдымен дұрыс жауап бергендерден, одан кейін топтың басқа мүшелерінен күйді анықтау барысына да қандай белгілерге мән бергендерін сұрауға болады. Мұндай талқылаулар адамның хал-жағдайын анықтау барысында негізге алуға болатын, вербалды емес көріністерді «банкін» құруға септігін тигізеді.

Мақсаты: аталмыш жаттығу жаттықтырушы қандайда бір күйді бейнелеуді ұсынған қатысушылардың қимыл- әрекетінде мәнерлікті дамытады.

«Іздеу саламын»

Топ шеңбер құрап отырады. Әрбір қатысушыға өзіне жұп таңдау ұсынады, әрі серік таңдауда ол адаммен таныстығыңыз аз болуын негізге алуыңыз қажет.

Нұсқаулық:

«Әр жұп басқаға кедергі жасамайтындай, ыңғайлы орынға орналассын. Бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыз (бір- біріңізге жүзіңізді қаратып). Тапсырманы кім бастайды және кім жалғастыратындығын келісіп алыңыздар. Қазір тапсырманы бастайтын адам бүкіл денесімен, қолымен, көзімен басымен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші қатысушы серігінің қимылдарын дәлдікпен қайталауы керек. Біршама уақыттан кейін менің белгім бойынша, серіктестер ролдерін ауыстырады».

Мақсаты: жаттығу топ мүшелеріне бір-бірін жақын сезінуге, моторлық рефлексия және антиципапция дағдысын меңгеруге, байланыс орнатуды жетілдіру шарттарын түсінуге қажетті бірқатар идеяларды және диадондық өзара әрекеттердің барысында пайда болған кедергілерді жою жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қ атысушылар өздерін басқа адамның орнына қою мүмкіндігін иеленеді. Талқылау барысында, нақты бір сәттерде, серігінің келесі әрекетінің түрі оны көрсеткенге шейін түсінікті болатындығы туралы ой туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]