- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
«Рольді сомдау»
Жаттығу 3 немесе 4 адамнан құралған топта орындалады.
Нұсқаулық:
«Сіз өзіңізді ірі фирмадағы персонал- менеджер қызметіне арналған конкурсқа қатысуға бел байладым деп елестетіңіз. Таңдау бірнеше кезеңнен тұрады, олардың әрбіріне әртүрлі адамдар жиналады. Қазір әр топтан бір адам өзінің шағын тобындағы басқа адамдардың әрқайсысымен байланыс орнатуға тырысады. Байланыс орнатушы адам, таңдау процедурасына қатысты ақпарат алуға ұмтылады, ол байланыс орнатпақ болған адам, шамамен таңдау жөнінде хабардар адам болмақ: таңдау қалай өтетіндігі білу сізге өте маңызды және сіз таңдаудан табысты өткіңіз келеді, сондықтанда сіз алда болатын әңгімелесуге қатысты ойларыңызды бөлігіңіз келмейтіндігіне нақты себептері бар екендігін сізге бірнәрсе айтпақ болған адамға түсіндіруге тырысасыз. Сондай-ақ сізбен байланыс жасағысы келген адаммен әңгімелесу қалауыңыз туса, сіз оны жасай аласыз».
Жаттықтырушы әр топтан жұмыстың бірінші кезеңінде байланыс орнату әрекетін жасайтындардың есімін атайды. 3-4 минуттан кейін жаттықтырушы ойналған жағдайды тоқтатып, шағын топ деңгейінде, алынған нәтижені талқылауды ұсынады. Одан кейін жаттықтырушы топ құрамын өзгертіп, екінші кезеңде әңгіме бастайтындардың есімін атайды. Осы жағдайда, егер жұмыс үштікте орындалса, он екі адамнан құралған машықтық топқа әрқайысысы белсенді позицияда болып шығу үшін, үш кезеңнен өткізу қажет болады.
Жұмыс шеңберде отырып талқылаумен аяқталады, оның барысында байланыс орнатуға септігін тигізетін қимыл-әрекеттің вербалды және вербалды емес әдісіне назар аудару дұрыс болар.
Мақсаты: жаттығу әрбір қатысушыға нақты іс- әрекетке көшу арналған қолайлы жағдай орнатуға және дағдыларды бекітетін байланыс орнатудың әртүрлі тәсілдерін жаттықтыруға мүмкіндік береді.
«Менің ертеңгі күнім»
Топ шеңбер жасап тұрады. Жаттықтырушы шеңберден шығып кетеді де, жаттығуға қатыспайды.
Нұсқаулық:
«Сіз іштей, өз ойыңызда қатысушылар арасынан серік таңдаңыз да, серігіңізге ертеңгі күнді өткізуді қалай ұсынатыныңызды шешіңіз. Өзіңіздің ұсыныстарыңыз туралы ақпаратты тек вербалды емес жолдармен жеткізу қажет. Ертеңгі күнді өткізудегі өз ұсыныстарыңызды менің арнайы белгімнен кейін, барлығыңыз бірге бастайсыздар».
Ж аттығуды талқылау барысында жаттықтырушы әріптестердің бір-бірін дұрыс түсінуіне, сондай-ақ осы түсіністікке жетуге ненің септігі тиді және не кедергі жасағанына назар аударады. Әдетте, туындайтын ойлар әріптесіне зейін салу мен вербалды емес әрекеттерді көрсету және оларды түсіну үшін пайымдау жасауды қамтамасыз ететін бірдей құралдарды табу қажеттілігі төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге, топта нақтылай түсетін қосымша ақпарат немесе оны қайталау қажеттілігі туындайды.
Мақсаты: жаттығуды орындау нәтижесінде жиналған мәліметтер ақпаратты беру және қабылдау зандылықтарының мәселесін ашуға мүмкіндік береді. Жаттықтырушы көрініс алған нәтижелерді есінде сақтап, қарым- қатынас процессі барысында ақпарат беру мен қабылдауға жататын нысаналы негіздерді безендіру барысында пайдалана алады.
