- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
Жаттық- Қатысу-
тырушы шылар
Бағдарлама
1. Жаттықтырушы өзінің қажеттіліктеріне көңіл аудармай, тренингтен ығыстырылады, мысалы: «Маған қарағанда, сіздер маңыздысыздар». Әдетте, бағдарлама мазмұнына немесе қатысушылардың сабақтарындағы жағдайларға жауапкершіліктен бас тарту мен қорғану мақсатқа байланысты болады. Жаттықтырушы жетекшіден жай бақылаушыға айналады. Жаттықтырушы мұндай жағдайлардан алшақтау, өзіне деген сенімсіздік бас тартуға ұмтылады.
2. Егер де топтың қызығушылықтары мен мақсаттары ескерілмесе, онда: «Менің маңызым сіздерге қарағанда, әлдеқайда артық» деген ой туындайды. Сондықтан, жаттықтырушының жауапкершілігі артады және тренингте қарым-қатынас үрдісі топты басқару үрдісімен алмастырылады. Тұтастай қарағанда, жаттықтырушы топтың көмегімен өзінің мақсатына жетуге ұмтылады, яғни өз мәселелерін топтың арқасында шешу. Осыған қоса, топтың дербестігі ескерілмейді, тек белгілі бір абстракциялы топпен жұмыс жүргізіледі. Топқа деген қатаң сенімсіздікке негізделген, биліктен айырылып қалу қорқынышы жаттықтырушының мұндай іс-әрекетінің негізі болып табылады.
3. Топ бейімделу үшін, тренингтің бағдарламасы аса құнды дәрежеге қашан жетеді? Сабаққа барлық келгендер белсінді қатысушылар бейнесінен енжарлы орындаушылар роліне көшіріледі. Нәтижесіз тәсілдердің бірі, бұл жағдайда топтың қалауы мен жаттықтырушының қажеттіліктері ескерілмейді. Жоғарыда айтылған тәсілдер жаттықтырушының, не топтың немесе бағдарламаның өзгертілмеуі арқылы сылбырлықтың көмегімен күш-қуатты жою мүмкіндіктері айқындалған.
Атмосфераны қалай өзгертуге болады? Режиссер – тренингте, көптеген топта жаттықтырушының негізгі қызметі болып табылады. Олар мұндай арнайы ортада өмір сүреді, осы «пьессада» сценарийдің жоқтығына және қатысушылардың рольдерді ойнамайтынына қарамастан, жаттықтырушыда топта эмоционалды климатты басқарудың кейбір тәсілдері бар. Кіші топпен салыстырғанда, үлкен топтың атмосферасына ықпал жасау жаттықтырушыға өте қажет.
Б
іздің
тәжірибемізден мұндай ықпал жасаудың
психологиялық тәсілдерінен кейбіреулерін
ұсынамыз.
Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
1
.
Қатысушылардың кеңістіктік орналасуын
өзгерту. Олардың арасында күш-қуат пен
конфронтация пайда болу үшін, топты
екіге тең бөліп, бір-бірінен қарама-қарсы
отырғызу жеткілікті болады. Шеңбер
түрінде орналасып тұру жалпы топтық
ұйымшылдыққа итермелейді. Топты 8-10
адамнан микротоптарға бөлу арқасында
біржақты топтық жағымсыздық бәсеңдетіледі,
агрессивтіліктің деңгейін төмендетеді.
2
.
Қарым-қатынас түрін өзгерту (пікір-сайыс,
лекция, рольдік тренинг, би билеу,
медитация). Үнемі қарым-қатынастардың
әртүрлі тәсілдерінің өзгеруі топтық
динамика деңгейінің күрт артуына
мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынастың
бірнеше тәсілдерін кезектестіру немесе
екі түрін біріктіру тиімділіге ерекше
көңіл аудару қажет. Егер де сіз сергіту
сәтін өткізгіңіз келсе, онда оның алдында
би терапиясын немесе басқа да «бір-бірін
қуалау» сияқты жаттығуларды өткізуіңіз
қажет.
3
.
Арақатынастардың санын ұдайы өзгерту
болып табылады. Жұппен қарым-қатынас
немесе үштік, сегіздік және өзара қатынас
сияқты тәсілдерді ұсынуға болады.
Жүптастардың ұдайы өзгеруі қатысушыларға
жаңа байланыс пен жаңаруды сезінуге
мүмкіндік береді. Ішкі топтық
қарым-қатынастан басқа, жаттықтырушы
микротоптардың 8-10 адамдардың
қарым-қатынасы, қыздар мен ұлдардың
өзара қатынасы сияқты топаралық байланыс
түрлерін қолдануы мүмкін. Әрбір топ
өзіндік тұтастай «субъект».
4
.
Қатысушылардың зейіндері қарым-қатынас
тәсілдерінің вербалды (сөйлеу, өлең
айту) деңгейде бір-біріне ауысуы арқылы
және оқушы өзінің ішкі сезімдері мен
уайымдарына терең шоғырландырылып
вербалды емес, сөзсіз қарым-қатынас
жасау (визуалды, тактильді және
эмпатикалық) қалпы өзгеруі әбден мүмкін.
Осындай тәсілдерді бір уақытта қолдану – мысалы, қарым-қатынас түрін ұсынған кезде, сіз топты кішкентай топтарға бөлесіз, оларға кеңістікке сәйкес орналасуды тапсырасыз, бұл деген сөз үлкен топтағы үрдістерге деген жаттықтырушы өзінің ықпалын тигізуге мүмкіндіктері артады.
Тренингке қатысушылардың қажетті бағыттағы қарым-қатынасын құрастыру және синтездеу негізінде, біз, «Қорытынды нәтижеден» деп аталатын арнайы тәсіл әзірледік. Мысалы, «жалпы топтық терең өзара эмоционалды уайымдау» сияқты топтағы жоспарланған қарым-қатынас үрдісін қалаған қорытынды қалыптан басталады. Яғни, тренингті бітірудің алдында ән салу мен би билеу жаттығуларын (қимыл-қозғалыс пен эмоция тудыру байсалды демалуға мүмкіндік береді, жаттығу кезінде, физикалық және эмоционалдық босаңсу мен жағымсыз эмоциялар шеттеледі) орындау қажет. Эмоционалдық музыкалық жаттығуларын табысты өткізу үшін, осындай іс-әрекеттерді белсендіру үшін, біз алдыңғы жағдайларды таңдадық, мысал ретінде, топаралық пікір-сайыс (оның нәтижесінде өзара белсенді вербалды қарым-қатынас пен аз қимыл-қозғалыстар жасалады және қабылдау рационалды жоспарланады).
Сонымен, қарым-қатынастағы әр түрлі үрдістің даму көзқарасы бойынша тізімін сәйкестендіру, тренингтің бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.
Тренингті ұйымдастырудың тәртібі.
Әр тренингке 15-20 оқушы қатысады. Тренинг 3 сағатқа созылады, бұл тренингті ұйымдастыру аспектілерінің ережелеріне сай. Жұмыс барысында тренингтің алдына қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Әрбір тренингтің соңында қатысушылар кері байланыстарымен бөліседі. Қолданылған әдістерді тепе-тең дәлелдеу үшін, цикл бағдарламаларын егжей-тегжейлі келтіреміз.
Тренингтің тақырыбы: «Топта жұмыс жасау іскерлігі».
Тренингтің мақсаты:
→ топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
→ өзін топтың бөлшегі ретінде сезіну;
→ топта жағымды эмоционалды атмосфераны орнату;
→ тренингтің әдістерімен танысу;
→ жұмыстың тиімді болуы үшін, топта рольдерді қалыптастыру.
Тренингтің тақырыбы: «Қарым-қатынас дағдыларының дамуы».
Тренингтің мақсаты:
→ тиімді қарым-қатынас жасайтын кедергілерді анықтау;
→ тиімді қарым-қатынас жасауға ықпал тигізетін дағдыларды қалыптастыру;
→ вербалды (сөздік) – вербалды емес (қимыл-қозғалыс, ым-ишара);
→ басқа адамдарды тыңдау іскерлігін қалыптастыру (тыңдаудың 4 түрі);
→ қалайтын қарым-қатынастарды ұстану және қалыптастыру іскерлігі.
Тренингтің тақырыбы: «Кикілжіңді жағдайларды
тиімді шешу».
Тренингтің мақсаты:
→ кикілжің жағдайларда іс-әрекеттің оңтайлы түрлерін тудыру;
→ кикілжіңдерді талдау іскерлігін тәжірибеде қолдану, олардың мүмкін болатын себеп-салдары;
→ кикілжіңдерді болжау әдістері мен оларды алдын алу;
→ кикілжіңдерді қабылдау мен оларды шешуге арналған жағымды
нұсқауларды қалыптастыру.
Тренингтің тақырыбы: «Эмпатия мен сенсивтіліктің дамуы».
Тренингтің мақсаты:
→ басқа адамның сырт келбеті мен айтқан сөздерін есте сақтап бақылау
қабілеттерін дамыту;
→ басқа адамдарды түсіну мен олардың тәртіптерін алдын ала білу іскерлігі;
→ әрбір адамның өзіндік ерекшеліктерін түсіну қабілеттерін дамыту;
→ жеке өмір мен жұмыста өзін-өзі бақылауды қолдану іскерлігі;
→ топтық үрдістерді тану және топтың іс-әрекетіне бейімделу іскерлігі.
Тренингтің тақырыбы: «Шешімді қабылдау
дағдыларының дамуы».
Тренингтің мақсаты:
→ шешімді таңдау мен өңдеу әдістерін қолдану;
→ ақпараттарды ұйымдастырудың құралдарын қарастыру;
→ ой карталарын қолдану іскерлігі;
→ проблемаларды шығармашылық түрде шешу тәжірибесі.
Тренингтің тақырыбы: «Шығармашылық
мүмкіндіктердің дамуы»
Тренингтің мақсаты:
→ инновация жағдайында оқушылардың бағыты;
→ тапсырманы орындағанда шығармашылық әдістерді қолдану ;
→ әрбір қызметкерлердің шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру;
→ қолайлы саланы кеңейту.
Тренингтің тақырыбы: «Уақытты басқару».
Тренингтің мақсаты:
→ уақытты тиімді пайдаланудың құралдарын қарастыру;
→ істің маңыздылығы бойынша дәрежелеу іскерлігі;
→ жоспарлаудың түрлі типтерін қолдану, өз уақытын жоспарлау іскерлігі;
→ кешігудің себептерін талдау және оларға жол бермеудің тәсілдері.
Тренингтің тақырыбы: «Көшбасшы қасиеттерін дамыту».
Тренингтің мақсаты:
→ «көшбасшы» ұғымына анықтама беру;
→ өзіндік сенімдерге кедергі болатын жеке дара нұсқауларды түсіну;
→ өзіндік көзқарасты дәлелдеу іскерлігін дамыту;
→ стресстік жағдайларда ішкі қалып пен өзіндік эмоцияларды басқару;
→ алға қойған мақсаттарға жетуде кедергілерді жеңу іскерлігі.
Тренингтің тақырыбы: «Тұлғалық өсу».
Тренингтің мақсаты:
→ адамның өміріндегі жағдайлар үшін жауапкершілікті өзіне алу;
→ өмірлік ұстанымдарды талдау;
→ ішкі өзіндік бағалауды тану;
→ өмірлік құндылықтарды түсіну.
Тренингтің тақырыбы: «Өзін-өзі тану».
Тренингтің мақсаты:
→ тренинг қатысушыларынан тұлға аралық кері байланыс;
→ жеке дара өзіндік баға беруді тану;
→ қатысушылардың әлсіз және күшті жақтарын көрсету;
ТОПТЫҚ ТРЕНИНГТЕР
Тақырыбы: Тұлға аралық қарым-қатынас тренингі
Топтың сандық құрамы -20-25 оқушы
Тренингтің құрылымы:
Дайындық кезеңі (Осы жерде және осы сәтте жағдайына берілу).
Жаттығуларды практикалық орындау.
Кері байланыс
Тренингтің қорытындысын жобалау.
►Қатысушылардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.
►Жеке-тұлғалық психологиялық өсу.
►Басқа оқушылардың сезіміне сезімталдықтың артуы.
►Тұлға аралық өзара әрекеттестік және әлеуметтік бейімделудің жақсаруы.
►Тиімді және сенімді мінез-құлықты қалыптастыру.
Тренингті өткізу барысында мынаны ескеру қажет.
■ Кешікпеу және уақытты бақылау.
■ Белсенді немесе ұнаған оқушылардың ғана емес, барлық қатысушылардың жаттығуға қатысуын қадағалау.
■ Сенімсіздік көрсететін оқушылардың көңілін тауып, талдауға қатыстыру.
■ Қатысушылардың барлығына сөз беріп отыру және оларды тыңдай білу.
■ Сөздің арасы мүлдем созылып кетсе, бәсеңдету жолдарын табуға тырысу.
■
Оқыту
арасында бой жазуға уақыт беріп, сергіту
жаттығуларын өткізу.
Жаттықтырушы тренингті жүргізу барысында:
«Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?», «Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?, «Ол мақсатқа қандай жолмен жеткім келеді? - деген сұрақтар қоюы тиіс.
Зерттеу нысаны:
▬ Жұмыстың мазмұнды жоспары;
▬ Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгейі, топ мүшелерінің арасында қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;
▬ Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның тренингке, басқаларға және өзіне деген ойы;
▬ Жаттықтырушының жағдайы.
Тренинг барысындағы жаттығулар үш бағытта қарастырылады:
Жалпы топқа немесе оның әрбір мүшесінің жағдайына әсер ететін жаттығулар (оқуға қабілеттілігін арттыруға көзделген жаттығулар)
Сабақтың мазмұндылық қырына бағытталған жаттығулар (мазмұндылық жоспар жаттығулары).
Жекешілдік кері байланыс орнатуға арналған жаттығулар.
Т
ҰЛҒА
АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУҒА,
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
Топтық тренингтТЕР :
«Танысу»
Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.
Нұсқаулық:
«Қазір біздің танысуымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Бұл әрекет әлдеқайда шығармашыл түрде жүзеге асырылады, яғни шеңбердің ортасында тұрған адам (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Содан кейін ортақ белгіні атайды. Мысалы, мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет, яғни бір-бірінің орындарына отыру қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Танысудың мұндай шығармашыл түрі бір-біріміз жөнінде толығырақ білуге мүмкіндік береді».
Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топтың әрбір мүшесіне кері байланыс орнату үшін: «Жаттығу барысында Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қойады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді.
Мақсаты: Бұл жаттығу қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.
«Теңеу»
Жаттығу жұппен орындалады. Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады.
Нұсқаулық:
«Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр міндет белгілі-бір уақытта орындалуы тиіс. Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін, уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.
1-тапсырма.
Бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.
2-тапсырма.
Әрқайсысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда ....... көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспайсыз, керісінше нақ осы сәтте көріп тұрғаныңызды теңеу сөздермен айтасыз, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.
3-тапсырма. Әрқайсыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».
Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.
Әрі қарай кезекті 5 минуттық әңгімені жұптағы тыңдарман болған адам бастайды да, әңгіменің соңында 1 минут сипаттауының қай пікірі нақты, ал қай пікірі қате екендігін анықтауға беріледі.
4-тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.
Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топтың әрбір мүшеі шеңбер құрап отырып, әрқайсысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай сияқты толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.
Аталмыш жаттығуды талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайсысы орындау барысында қиындық тудырды?», «Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты және т.б. сұрақтарды қою керек».
Мақсаты: бұл жаттығуды өткізудің нәтижесінде, жалпы топтың жағдайы жақсара түседі, топ мүшелерінің арасында жақындық орнай бастап, өзара тіл табысу үрдісі тиімдірек жүзеге асады. Сондай-ақ тапсырманы орындау барысында жиналған тәжірибені реттеп, төмендегідей талқылаулады жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
қарым-қатынас барысындағы көзбе-көз байланыстың маңыздылығы;
басқа адамды оның бойындағы жеке қасиеттерін баяндамай және баға бермей сипаттау кезінде туындайтын қиындықтар;
өз тәжірибеңді, ең алдымен өзімізге тән қасиеттерді басқа адамның бойына таңу және т.б.
