Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.66 Кб
Скачать

«Шатасу»

Қатысушылар тұрады. Жаттықтырушы олардың біреуіне, біршама уақыт дәлізде немесе басқа бөлмеге шыға тұруын ұсынады.

Нұсқаулық:

«Барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қатар құрайық. Бұл қатарды жылан дейік, ал шеткі екі адам - оның басы мен құйрығы. Көп жағдайда, жылан «шатасқан» - әртүрлі шығыршық құрап, оралып жатады (жаттықтырушы өзін «жыланның басы – мен боламын» деп атап, «жыланның» шатасып оралуын бастайды. Шатасу барысында біріккен қолдарды аттап өтуге, астынан өтуге болады. Шатасудың соңында жыланның «басы» мен «құйрығы» бос қолдарын жасыруы тиіс, бірақ екеуі қол ұстаспауы қажет).

« Жылан» шатасқан кезде, жаттықтырушы есіктің сыртында тұрған адамды «жыланды» тарқатуға шақырады. Оған жыланның «басы» мен құйрығы» бар екенін айтуға болады. Кейде тарқату жылдам аяқталады, яғни қатысушы бұл тапсырманы орындай алмайтынын сылтауратуы мүмкін. Бұл кезде, жаттықтырушы тағы да бір рет тырысып көру арқылы тапсырманы орындауға болады - деп жұмысты жалғастыруға итермелейді.

Мақсаты: аталмыш жаттығу тығыз дене қатынасы арқылы орындалатын болғандықтан, топтың бірлесуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, жаттығудың нәтижесін талқылау барысында тапсырманың жүзеге асу процессіне араласу, топтың мазмұндық жоспарда ілгері жылжуына септігі бар, жағдайларға назар аудару идеясы пайда болады.

«Жазу машинкасы»

Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Өзімізді үлкен жазу машинкасымыз деп елестетейік. Әрқайсымыз клавиатурадағы әріптерміз (біршама уақыттан кейін, біз әріптерді үлестіреміз, әрқайсымызға алфавиттің үш әріпі беріледі). Біздің машинкамыз әртүрлі сөздерді тереді, және оны төмендегідей жүзеге асырамыз: мен кез- келген бір сөзді айтамын, мысалы «поезд», сол кезде «п» әрпі үлесіне тиген адам, алақанын шапалақтайды, одан кейін барлығымыз алақанымызды шапалақтаймыз, одан соң үлесіне «о» әріпі тиген адам шапалақтайды, ары қарай ортақ шапалақ және т.с.с. «Жаттықтырушы әріптерді үйлестіреді! Егер біздің машинкамыз қате жіберсе, біз сөзді қайтадан тере бастаймыз».

Жаттықтырушы топтың барлық мүшелері қатысатындай сөздер таңдап, жаттығуды бастайды.

Жаттығуды орындау барысында, жаттықтырушы тапсырманы күрделендіре түсуіне болады: барлығына әріптердің арасында 2 рет алақаныны шапалақтауды, ал келесі сөзде – дауыссыз дыбысқа – 1 рет, дауыстыға 2 рет шапалақтауды ұсынады, шапалақтауды орнынан тұрумен алмастыруға болады.

Мақсаты: жаттығуды орындаудың нәтижесінде, көңіл-күй көтеріледі. Дәріске қатысушылардың белсенділігі артады. Жаттығу белгілі бір дәрежеде топты біріктіре түсетін, ортақ іс-әрекет процессіне тұрақты түрде араласу қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.

«Фантазия»

Қ атысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Қане, барлығымыз біріге сурет салайық. Мен үлкен ватманды алып, оның бетіне түрлі-түсті қарындмашпен, фломастермен белгілі-бір нәрсенің суретін саламын, одан соң кенепті Айсәулеге беремін (жаттықтырушының қасында оң жағында отырған топ мүшесі). Ол оның бетіне ойына келген заттың суретін салады да, бізге не салғаннын айтып, суреттің мағынасын түсіндіріп, ары қарай жанында отырған көршісіне береді, ол келесі көршісіне, содан кейін тағы солай жалғасады».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің қиялдағы суретті қалай салатындығын түсінгеннен кейін, суретті «салуға» кіріседі, ол елестеткен парақты алып. «Мен парақты алып, оған көкжиектің шетін саламын» дейді, одан кейін болашақ суретті сол жағында отырған адамға береді. Жаттықтырушы әрбір қатысушы ненің суретін салғанын мұқият тыңдап, есінде сақтайды. Әрқайсының қолында болып қайтқан сурет жаттықтырушының қолына тиеді ол: «Енді мен қолыма суретті (ватманды) ұстап тұрмын және оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін көріп тұрмын....» - дейді. Ары қарай жаттықтырушы топтың әр мүшесінің есімін атап, оның қандай сурет салғанын сол адамға назар аудара айтады. Мысалы, «... мен оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін, Айсәуле, сен салған теңізді, Берік, сен салған жағалауды, және Шалқар, сен салған алауды және.... т.с.с көріп тұрмын».

Мақсаты: бұл жаттығуды орындау нәтижесінде топта жақсы эмоциялардың бірігуі байқалады. Кейде, тіпті, сезімдер, эмоциялар мен бейнелердің әсер етуі соншалық, нақты жұмысқа ауысуда қиындықтар туады. Мұндай кезде топ мүшелеріне «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Мүмкін сіз өз сезімдеріңізбен, уайымыңызбен, ойларыңызбен бөлісерсіз?» деген сұрақтар қою арқылы сезімдері мен эмоцияларын жинақтауға мүмкіндік беру қажет.

Бұл жаттығуды топ мүшелері бір-бірін жақсы сезініп, жұмысы барысында топтық құндылықтарды аша түсетін топ жұмысының 3-4 күндерінде өткізгенде жақсы нәтиже береді.