- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
«Мен түсіндіре аламын ба?»
Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.
Нұсқаулық:
«Кез-келген әрекетті кезекпен жасаймыз. Әрекетті вербалды жасамау керек, бірақ сіздің қандай әрекет жасап тұрғаныңызды барлығы түсінетіндей, яғни ым-ишара арқылы көрсетуге тырысу керек. Біреуіміз өз әрекетін бірінші болып бастаймыз, ал қалғандарыңыз мен шапалақ соққаныма шейін, көрсетілген әрекетті қайталайтын боласыздар. Шапалақтан кейін, тапсырманы шеңбер бойынша келесі адам жалғастырады (сағаттың тілі бойынша) ал біздер сол әрекетті қайталайтын боламыз және т.б. тапсырманы шеңберде тұрғандардың барлығы орындағанға дейін».
Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топ мүшелерінен, бірінші адам қандай әрекет жасады?, екінші, үшінші және т.с.с. деп сұрайды. Бұған қоса, жаттықтырушы, әрбір әрекеттің авторынан оның басқалар дұрыс түсіне ала алды ма, алмады ма? ендігін анықтап отырады.
Мақсаты: жаттығу топ мүшелерінің назарын жинақтайды, көңіл-күйін көтереді, олардың мәнерлік қабілетін дамытады.
Сонымен бірге бұл жаттығу тренингтік топтың жұмысының мазмұндық жоспары, әсіресе «Ақпаратты қабылдау және беру» тақырыбымен жақсы сәйкеседі, сондықтанда жаттығуды топтың жұмысқа қабілеттілігін жандандыру үшін өткізу жөн болады.
«АЙНА»
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Біз әртүрлі қимылдар, әрекеттер жасаймыз. Орындау барысында бір талапты ескеруіміз қажет: сіздер мен алдын-ала «Абылай айтты» деген сөзбен алмастырғанымды хабардар еткен қимыл-әрекеттерді орындауларыңыз қажет. Мысалы мен: «Абылай айтты: оң қолыңызды көтеріңіз» - деп айтамын, сіз менің айтқанымды жасайсыз, ал егерде «Қолыңызды көтеріңіз» немесе «Мен сіздің қолыңызды көтеруіңізді өтінемін» - деп айтсам бұл әрекетті жасамау керек».
Жаттықтырушы ұсынатын әрекеттер түрі, әр алуан болуы мүмкін: жүріс, бұрылыс, еңкею, қол көтеру, секіру және т.б. сонымен қоса жаттықтырушыға топты жаңылдыратын әрекеттер жасауға болады, мысалы: жаттықтырушы «Тұрайық» - деп айтып, өзі де тұрады немесе «Оң қолымызды көтерейік» деп қолын көтереді және т.б.
Ж аттығуды екпінді ырғақта қайталау керек. Әдетте, жаттығу көңілді өтеді, нәтижесінде қолайсыздық, шаршағандық төмендейді, көңіл-күй көтеріледі.
Мақсаты: Жаттығу назарды жүйелеуге, сырттай бақылауға септігін тигізеді.
«Мені түсінші ...»
Қатысушылар аудиторияда екіге бөлініп тұрады. Жұппен қалаған жерде жайғасады.
Нұсқаулық:
«Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанады. Мысалы, егер сіздің қолыңызға «піл» деп жазылған текше тисе, өз жұбыңызды вербады емес қатынас арқылы іздейсіз, яғни сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін білуіңіз қажет».
Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылардың қатары тақ болса, жаттығуға жаттықтырушыда қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсыңыздың міндеттеріңіз – ым-ишара арқылы өз сыңарын табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыз, тек әртүрлі қимылдар арқылы білдіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез- келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.
Сіз өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыздар, бірақ бір-бірлеріңізбен үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз».
Топ мүшелері өз сыңарларын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. Жаттығуды «Ым-ишараның көмегімен іздеу қиынға соқты ма?», «Қандай жануар екеніңізді сөзсіз, қимылмен түсіндіргенде, екінші сыңарыңыз, сізді ұға алды ма?» және т.б. сұрақтар қойып, кері байланыс арқылы бітіру оң нәтиже береді.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді де қызықты өтеді. Нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріледі, өзара ұйымшылдық орнатып, бір-біріне деген көзқарастары жағымды болады, шаршағандық тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
Мақсаты: мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, қатысушылардың бір жағынан басқалардың әрекетіне зейін салуына, екінші жағынан басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуіне жетелейді.
Жаттығу аяқталғаннан кейін, қатысушылар өз сыңарларын қалай тапқаны туралы айтып беруін, өз әсерлерімен бөлісуін ұсынуға болады.
« Есіңде сақта»
Қатысушылар да, жаттықтырушы да шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Әрқайсыларыңыз кез-келген бір жануарды атаңыздар. Әрі кім қандай жануарды атағанын мұқият зейін қойып тыңдап, есте сақтауға тырысыңыздар».
Барлығы кезекпен жануарларды атайды, әрі кім қандай жануарды атағанын есте сақтай алу үшін біршама уақыт бөлу керек. Тапсырманы жеңілдету үшін жануарларды шеңбердегі кезек бойынша атауды ұсынуға болады және әркім жануарды атамас бұрын, өзіне дейінгі қатысушылар атаған жануарларды қайталап атап беруі қажет.
«Ал енді жаттығуды орындау барысындағы ырғақты есімізде сақтайық».
Жаттықтырушы ырғақты көрсетеді: екі рет шапалақ және алақанымен екі рет тізесін ұрады.
«Жаттығу барысында біз осы ырғақты сақтаймыз. Тапсырманы мен беріп отырамын. Ең бірінші бастайтын адам, екі рет шапалақтайды да өз жануарының атын атайды:, мысалы, «қасқыр», одан кейін екі рет тізесін шапалақтай өзі кезек бергісі келген адамның жануарының атын атайды. Ал ол адам екі рет шапалақ ұра өзінің жануарын атайды, содан кейін келесі кезекті бергісі келген адамның жануарын атап тізесін екі рет шапалақтайды.
Бұл жерде ең маңыздысы - ырғақты бұзбау керек және сізге кезек берген адамға қайта айналып кезек бермеу керек. Өте мұқият болайық, себебі қателескен адамға қосымша тапсырма беріледі».
Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы оны біртіндеп жылдамдата түседі. Қателескен адам, екі рет шапалақтап, өз жануарына тән дыбысты бейнелеуі керек.
Мақсаты: Жаттығу көңіл-күйді сергіте түседі, байқампаздықты дамытып, жұмысты жалғастыруға қолайлы жағдай тудырады.
