Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.66 Кб
Скачать

« Бейне»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.

Нұсқаулық:

«Әрқайсыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарыңызды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз (немесе есіңізге түсіріңіз). Сіздің әңгімеңізді тыңдаған (оқиға, мысал) топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек».

Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа «Сіздің ойыңызша, қандай қасиет туралы айтылды?» (немесе «Сіздің пікіріңізше, Серік бізге қандай қасиет туралы әңгімеледі?») деген сұрақтар қояды. Топ мүшелері өздерінің пікірлерін ортаға салғаннан кейін, жаттықтырушы әңгімелеушіден қандай қасиетті таңдағанын айтып беруді сұрайды.

Мақсаты: жаттығу қатысушыларға бір-бірін тереңірек танып білуіне, топ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаттығу айтылған әңгіменің мағынасына тереңірек үңілуге жетелейді, бұл тапсырма көптеген тренингтік бағдарламалардың мазмұндық мақсатымен байланысты.

«Сәлемдесу»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.

Нұсқаулық:

Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін-бірі қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз».

Жаттығу аяқталғаннан кейін кері байланыс орнатып, топтың әрбір мүшесіне: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды, (ұнады) және неліктен?» деген сұрақтар қоюға болады.

Мақсаты: топ ішінде байланыс орнату мәселелерімен жұмыс барысында пайдалынатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік береді.

«ТІЛЕК»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрып жаттығуды жүргізеді.

Нұсқаулық:

«Бүгінгі күнді бір-бірімізге тілектер айтумен бастайық: бірінші қатысушы орнынан тұрып, кез-келгеніміздің қасына келіп амандасады да, оған жақсы тілектер тілей бастайды. Ал, ол өз кезегінде келесі адамға келіп, өз тілегін білдіреді, осылай әрқайысымыз бір-бірімізге тілек айтып шығамыз».

Ж аттығудың нәтижесін «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұрақ арқылы қысқаша талқылауға болады немесе «Сіз біреуге тілек тілеген кезде қандай сезімде болғаныңызды және сізге біреу тілек тілегенде қандай күйде, сезімде болғаныңызды әңгімелеп беріңіз?» деп ұзын сұрақ қоюға болады. Талқылау барысында тұлға аралық қатынас, достық, өзара тіл табысу, келіссөздер жүргізу тренингінде маңыздысы - адам бойындағы қолайсыздық оның қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескермей қатынас жасағанда орын алады деген пікір туындауы мүмкін.

Жаттығуды орындау барысына жаттықтырушы топ мүшелерінің бойынан қандай да бір қиналу сезімін байқаса, жаттығу соңынан не мазалағанын анықтау үшін «Тапсырманы орындау барысында сізді не мазалады?» деген сұрақ қоюына болады.

Мақсаты: адам өз бойындағы жағымсыз көңіл-күйді жеңілдетіп, жаттығу барысында орын алған қолайсыздықты жоя алады, екінші жағынан, бұл сұраққа жауаптар топ мүшелерінің пікірі арқылы өз тәжірибесін бақылай және толықтыра түседі. Аталмыш жағдайда өзінің тәжірибесін мойындау – бұл адамдарға ашық болуға, басқа адамдарды сезіне, түсіне түсуге, олардың нақты қажеттіліктерін сезіну жолындағы кедергілерді мойындау.