
- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
Авторитарлық – (лат. Autoritas – ықпал ету, билік) – жеке тұлғаның әріптестеріне өзара іс-әрекет пен қарым-қатынас бойынша ықпал етіп, бағындыруға деген ұмтылысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. Авторитарлық мынадай жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен тығыз байланысты: агрессивтілік, өзін-өзі асыра бағалау және талап етудің жоғары деңгейі, таптаурындылыққа бейімділік, т.б. Мінез-құлық тұрғысынан келгенде, авторитарлық индивидтің қандай да бір жағдайда болсын, топ ішінде басымдылыққа қол жеткізіп, билік құрылымында неғұрлым барынша жоғары ұстанымға ие болуға ұмтылуынан байқалады.
Агрессия – ( лат. Aggression – шабуыл жасау) – физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған мінез-құлық, әрекет. Көп жағдайда субъектің фрустрацияға (нақты немесе ойдан шығарылған кедрегі) жауап әрекеті ретінде көрініп, ашу-ыза, өшпенділік, жек көру және т.б. эмоциялық ахуал сипатына көшеді. Бұл тәрізді реактивті агрессияның әр ыңғайдағы көрінісінен (экспресивті агрессия) біреуге мақсатты-саналы түрде зиян келтірілумен сипатталатын өшпенділік агрессиясын және әрекет ету мақсатты бейтараптылықты, ал агрессия оған қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылатын инструментальды агрессияны айыра білу қажет. Бұқаралық әлеуметтік құбылыстар кезінде (террор, ұлттық кемсітушілік, діни, идеологиялық қақтығыстар) дамитын агрессия түрлеріне олардың таралуы мен өзара индукциясы, өздері жасаған жау бейнесінің үйреншікті сипаттамасы жатады. Субъектің агрессиявті мінез-құлқы – жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процессіндегі оқып-уйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабылдау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.) маңызды рөл атқарады. Агрессивті әрекет аутоагрессия сипатында (мыс., өзіне-өзі қол жұмсау, т.б.) субъектің өзіне қарсы бағытталуы мүмкін. Агрессия кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессивтілік өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірете тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі депа танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.
Адамгершілік мінез-құлық – адамдарға жағымды мінез көрсету, мейірімділік, рахымдылық білдіру.
Адамгершілік сезім – қоғамдық мәнді және көңіл-күйге байланысты ар-ұждандылық, достық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят және т.б. жатады.
Аддиктивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға экзистенциалды тәуелділікті жатқызады (метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды.
Альтруизм (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу.
Апатия (грек. Apatheia - қызықпаушылық) – 1)енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы , ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топтастанып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селкос қарайды, идеялық мүдделеріне селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсендеп, сөне бастайды; 2) адам жанының сезімдерден, барлық құмарлықтан жұрдай болуы.
Аффект (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Мыс., тынышсызданудан басталған қорқу сезімі үрейленуге ұласып, Аффект дәрежесіне жетеді. Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы Аффект түріне өтуі мүмкін. Аффекттің сыртқы белгілері адамның өзіндік ерекшеліктеріне (еркіне, жоғарғы нерв жүйесінің қызметіне) байланысты. Аффект ұзақ уақыт бойы бойын билеп алған адамның сыртқы түрі өзгеріп, жүйке ауруына шалдығуы мүмкін.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу – жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу, кәсіби тұлға аралық байланыстар мен қатынастар жүйесіне қосылу, жаңа әлеуметтік рөлдерді, мінез-құлық нормаларын, топтың норма және құндылықтарын меңгеру, өзін кәсіби ортаға теңестіру.
Байланыс – санаға тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселесі болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты.
Балалық шақ – бұл физикалық өсі үрдісі, психикалық жаңа-құрылымдардың жинақталуы, әлеуметтік кеңістікті меңгеру, соның ішінде өзін анықтау.
Бейне – субъективті дүние немесе оның фрагменттерінің, субъект, басқа адамдар, қоршаған кеңістік және уақыттың біраз – дін/ң көрінісі.
Бейнелеу – материяның жалпы қасиеті, оған объектілердің әр түрлі деңгейде теңбе-тең нышандары жаңғырту қасиеті және басқа объектілердің қарым-қатынасы тән.
Белсенділік – психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлықты, жігерлікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады. Күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Девиантты мінез-құлық кез-келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.
Делинквент – (лат. delinquens – құқық бұзушы) – ауытқыма мінез-құлқы өзінің ұшқары көріністерінде қылмыстық жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.
Жасөспірім – 10 және 15 жас аралығындағы жеткіншек. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдық-этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірім дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Жасөспірім кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі, әдепсіз болу және т.б.) салынуы мүмкін. Сондықтан жасөспірім кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып , әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек.
Күй (адамның) – ең жалпылама түрінде күй деген кез келген жүйенің оның ортаның координаттық объектілеріне қатысты жағдайын бейнелейтін сипаттамасы. Сырттай бақыланатын күй адамның сырттай оқылатын белгілер бойынша анықталатын жайлылық (жайсыздық), қолайлық (қолайсыздық) дәрежесі. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып көрінеді.
Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін.
Менмендік — адам бойындағы жағымсыз қасиет. Менмендік бойын жайлаған адам тек өзінің түйсігіне, күйзелісіне, қызығушылығына көңіл аударады. Менмендік адамның өзін басқадан артық санап, бақ пен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді. Менмен адам өзімшіл болып, басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспай, тек өз мүддесін ғана ойлайды. Менмендіктің шектен шыққан түрлері психикалық аурулардан да байқалады.
МІНЕЗ АКЦЕНТУАЦИЯСЫ — жекелеген мінез сипаты ерекше күшейіп байқалған және дамыған мінез ерекшелігі.
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Өзімшілдік, эгоизм (лат. ego – мен) – 1) адамды қоғам мен басқа адамдарға қатынасы тұрғысынан сипаттайтын өмірлік принцип пен моральдық қасиет. Ол басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздейтін адамның жеке басының теріс қасиетін бейнелейді. Өзімшілдік адамгершілікке жат қасиет болып саналады; 2) субъектінің құндылық бағдары; өмірлік қарекетінде өз қамын, өз қажетсінулерін басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем санау. Өзімшілдік – адамның қоғамға және басқа адамдарға өз мүддесін жоғарғы қою тұрғысынан қарауымен сипатталатын өмірлік принцип. Эгоизм жеке тұлғаның қоғамның және басқа адамдардың мүдделерімен санаспай, тек өз мүддесін ғана көксеуінен көрінетін индивидуализм көріністері формаларының бірі.
Психологиялық әлсіздік — адамның психологиялық және физиологиялық күйін білдіретін ұғым. Психологиялық әлсіздік адамның таным, ақыл-ой, сезім қабілеттерінің нашарлығын аңғартады. Физиологиялық әлсіздік адамның жүйке жүйесі қызметінінің осалдығын білдіреді. Әлсіздік әр түрлі себептерге байланысты пайда болады. Оған биологиялық факторлар (қартаю, сырқаттану, организмнің тозуы тағы басқа) және психологиялық факторлар (күйзелу, қайғылану, шаршау тағы басқа) себеп болуы мүмкін. Әлсіздік ауыспалы мағынада адамның материалдың және рухани тұрғыдан жұтаңдығын да білдіреді.
Психикалық ахуал — психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым. Психикалық ахуал жеке адам мен адам топтарының бір сәт, аз уақыт аралығындағы эмоциялық, танымдық және мінез-құлықтық көріністерінің жалпылама сипатын білдіреді. Психикалық ахуал эмоцияның даму сатыларынан тұрады, индивидтің түрлі психикалық қасиеттерінің (жеңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық сияқты) көрінісін білдіреді. Психикалық ахуалға сезімнің (көңіл-күй, аффект, үрей, эйфория және т.б.), ықыластың (толғаныс, ессіздік), еріктің (батылдық, жинақылық, тартыншақтық), ойланудың (күмәндану), қиялдың негізгі түрлері жатады. Төтенше жағдайдағы адамның психикальіқ ахуалы стресс ретінде қабылданып зерттеледі.
Психофизиологиялық бейімделу – бұл ағза үшін жаңа физикалық және психофизиологиялық жүктемеге, режимге, еңбек темпі және ритмге, өндірістік ортаның санитарлық-гигиеналық факторларына, тамақтану және демалыс режимін ұйымдастыру ерекшеліктеріне үйренуі.
Референтті топ — индивид үшін мәні және тартымдылығы бар адамдар тобы. Референтті топ адамдар үшін референтті болып көрінетін, даралылық бағалылықтарының, талаптарының, қылықтық ережелерінің, пікір айтулардың көзі болып табылады.
Референтті тұлға — басқа адамға үлгі болып көрінетін ерекше мәнді және бағалы адам. Референтті тұлға кімге референтті болып көрінсе, сол адамға күшті психологиялық ықпал етеді.
Релаксация — (лат.relaxatio – күш салудың кемуі) – қатты қобалжудан немесе күшке түскен әркеттен кейін субъектінің босаңсып әлсіреген, тыныштанған күйі. Релаксацияны: 1) эмоциялық деңгейі (әсіресе , дабыл, қорқыныш, ашу, ыза және т.б. сияқты теріс қысаңның) төмендеген, әлсіз күш салу күйі; 2) теріс эмоциялы күйді қоздыруға қолданылатын процесс; 3) жиырылған бұлшық еттің қалыпты босаңсыған күйге қайтып келуі деп түсіндереді.
РефлекСия (лат. reflexio – бейнелеп көрсету ) – субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану үрдісі. Адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау. Бірлескен қызметтің мазмұны туралы түсініктер үйлесіп жатса, онда рефлексияның ерекше түрі – заттық-рефлексиялық қатынастар қалыптасады. Соңғы күрделі жағдайда рефлексияның 6 белгісі бідінеді: субъект кім деген нақты сипат; субъектінің өзін-өзі байқауы; субъектінің біреулерге көрінуі.
Стресс, титықтану (ағыл.stress - күш) кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психофизиологиялық күй. Адамның сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердің жеткілікті саны әсер етпесе, ол функциясын толық атқара алмайды. Егер бала кезден бастап адамның миына сенсорлық, эмоциялық және әлеуметтік тітіркендіргіштердің белгілі бір саны әсер етпесе, психикалық процесстер үйлесімді дами алмайды және жеке адамның әлеуметтенуі боламайды. Әсіресе бұл толық психикалық депривация мысалында айқын көрінеді. Қарқындылығы жоғары немесе шамадан тыс мөлшерде пайда болатын тітіркендіргіштер дистресс туғызуы мүмкін. Бұдан психика өзгеріске ұшырап, кейде адам өліп кететін жағдайлар болады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қалжыратып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шындап, табандылық пен ұстанымдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.
Түйсіну – объективті дүние заттар қасиеттерінің рецепторға әсер еткенде пайда болатын қасиеттері. Организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейнелеулерді түйсік деп атайды.
Фактор (лат. factor – жасаушы, өндіруші) – қандай да бір процестің, құбылыстың қозғаушы күші, себебі.
Фанатикалық мінез-құлық (деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу), фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. Егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болып табылатын болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына қауіп, ерік бостандығына қауіп төндіреді.
Фрустрация – (лат.frustatio - алдау) – көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адамның көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады, адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл-күй өшпенділік, ыза тұғызады.