Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
139_rcE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679.66 Кб
Скачать

«Менің ойымды жалғастыр»

Топ мүшелері жұпқа бөлінеді.

Н ұсқаулық:

«Қазір серіктестердің әрқайсысы кезекпен өзін толғандырған қандай-да бір мәселені айтады. Екіншісінің міндеті – мәселенің негізін түсіну, қарым-қатынастың үндемей тыңдау, нақтылау, айтып беру, серігінің ойын ары қарай өрбіту сияқты нақты бір тәсілдерін ғана пайдаланып мәселені шешуі тиіс».

Жаттығу орташа есеппен 30 минутқа есептелген. Қарым- қатынасты және оның нәтижесін нақтылай түсу үшін, жаттығудың тиімділігі арттыру үшін тыңдаушы қатысушыға нұсқаулықта аталған тәсілдер жазылған текшелер беруге болады. Әңгімелесуді бастар алдында, ол өзінің серігіне өзі қолданамын деп таңдаған тәсілдердің аты жазылған текшелерді көрсетуі керек.

Жаттығуды «үштікте» өткізуге болады. Бұл жағдайда екеуі жоғарыда суреттелгендей әңгімелеседі де, үшінші адам «бақылаушының» ролінде болады, оның міндеті – жұптың бірінші мүшесінің әңгімесінен кейін, (яғни, өзін толғандырған мәселені айтушыдан кейін) екінші адамға серігіне жауап қайтаруда қолдануы тиіс тәсілдер жазылған текшелерді көрсетуі керек.

Талқылау барысында топқа: «Әңгіме барысында сізде қандай әсерлер туды?», «Қандай тәсілдерді жиы және қандайды сирек қолдандыңыз?», «Қандай тәсілдерді қолдану қиындық тудырды?», «Тәсілдерді қолдану қандай нәтиже берді?» деген сұрақтар қоюға болады.

Мақсаты: аталмыш жаттығу дәріске қатысушылардың басқа адамдарды қалай тыңдауға болатындығын түсініп, талдауға әрі осы жолда қандай қателіктер орын алады және неліктен екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаттығу тыңдай алу қабілеттін жаттықтыруға септігін тигізеді.

«Сұхбаттасу»

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Қазір біз орындау барысында жақсы тыңдау ережесін сақтауды қажет ететін жаттығуды бастаймыз. Ережелерді жазып алыңыздар (топ мүшелеріне ережелер жазылған текшелер таратуға болады).

Жақсы тыңдау ережесі:

  1. Өз назарыңызды толығымен серігіңізге аударыңыз. Тек айтылған сөздерге ғана емес, сондай-ақ тұрысына, бет қимылына, қолдарының қимыл әрекетіне назар аударыңыз.

  2. Серігіңнің сөзін дұрыс түсіне алдың ба, соны тексер.

  3. Кеңес берме.

  4. Бағалау берме.

«Жаттығуды біз жұпқа топталып орындаймыз. Өз жұбыңызға топ мүшелерінің арасынан өзіңіз аз танитын, бірақ жақынырақ танысқыңыз келетін адамды таңдаңыз».

Ж аттықтырушы қаттысушылардың барлығының жұп- жұбымен отырғанын тосады.

«Өз араларыңызда ролдерді бөліп алыңыз: біреуіңіз – «айтушы», ал екіншіңіз – тыңдаушы» болады. Тапсырма бірнеше қадамнан (кезеңнен) тұрады. Әр қадам (кезең) белгілі бір уақытқа шектелген, бірақ ол уақытты қадағалау сізге қажет емес. Мен сізге тапсырманы қашан бастап, қашан аяқтау керек екендігін хабарлап тұрамын. Алдымен жақсы тыңдау ережелерін «тыңдаушы» адам сақтауы керек. Ал «айтушы» оған аса назар аудармаса да болады.

Сонымен «айтушы» 5 минут бойы «тыңдаушыға» қарым- қатынас жасау кезінде өз бойында туындайтын қиыншылықтар, мәселелер туралы айтады. Айту кезінде, ол қиыншылықтардың орын алуына жетелейтін өз бойындағы қасиеттерге ерекше назар аудару керек. «Тыңдаушы» жақсы тыңдау ережесін сақтай отырып, «айтушыға» әңгімесін баяндауға көмектеседі».

5 минуттан кейін жаттықтырушы әңгімелесуді тоқтатады.

«Қазір «тыңдаушыға» 1 минут уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ол «айтушының» қимыл - әрекетінде өзі туралы ашық айтуға не септігін тигізді және не қиындық тудырғаны туралы байқағандарын айтады. Бұл тапсырмаға жауапты қараңыз, өйткені сіздің серігіңіз өз қимыл- әрекетінде қандай қасиеттер басқа адамдардың өзі туралы ойын ашық айтуына жетелейді, ал қандай әңгімелер қиындық тудыратынын түсінуі сізге байланысты, себебі бұл әркімге де маңызды».

1 минут уақыт өткеннен кейін, жаттықтырушы келесі тапсырманы береді:

«Енді «айтушы» 5 минут бойы «тыңдаушыға» адамдармен өзарақатынас жасауға, байланыс орнатуға көмектесетін өз бойындағы күшті қасиеттері туралы айтып береді. «Тыңдаушы» жақсы тыңдау ережесін сақтай отырып, «айтушыдан» алдыңғы минуттарда естіген барлық ақпараттарды ескеруі тиіс».

5 минуттан кейін жаттықтырушы әңгімелесуді тоқтатып, келесі кезеңге ауысуды ұсынады.

«Тыңдаушы» 5 минуттың ішінде «айтушының» екі әңгімесінене не түсінгенін яғни, оның қарым- қатынас жасаудағы бойындағы жақсы қасиеттері мен қиындықтар мен мәселелер туралы естігенін айтып беруі тиіс. 5 минут бойы «айтушы» «тыңдаушының» әңгімесін үнсіз тыңдайды және өзінің келісетінін я келіспейтіндігін басын изеумен білдіріп отырады. Егер ол келіспейтіндігін білдіретін белгі жасаса, «тыңдаушы» өз сөзінің дұрыстығын құптағанға шейін, қатесін түзеуі тиіс. «тыңдаушы» «айтушының» екі әңгімесінен есте сақтағаныны айтып бергеннен кейін, «айтушы» өз әңгімесінен не бұрмаланғаныны және айтылмай қалғанын жеткізеді».

Жаттығудың екінші бөлімінде жұптың мүшелері ролдерін ауыстырады: «тыңдаушы» болған адам «айтушы» болады және керісінше. Жаттығудың барлық 4 кезеңі де қайталанады, әрі жаттықтырушы әр кезеңге тапсырманы өзі береді.

Ж аттығуды талқылау барысында топқа: «Сізге ұсынылған ережелерді қалай орындадыңыз, қандай ережелер оңай болды, ал қайысысаы қиындырақ болды?», «Сізге өз қиындықтарыңыз бен мәселелеріңіз туралы ма әлде, күшті қасиеттеріңіз туралы айту оңайырақ болды ма?», «Жаттығудың сіз «айтушы» болған бөлімі қандай әсер берді, «тыңдаушының» әртүрлі әрекеті сізге қалай әсер етті, сіз оларды қалай қабылдадыңыз?» және т.б. деген сұрақтар қоюға болады.

Мақсаты: аталмыш жаттығу оны талқылауды ұйымдастыруына байланысты әртүрлі жоспардағы нәтиже бере алады. Ең қарапайым жолы – тыңдау барысын рефлексиялау, оның нәтижесінде басқа адамды тыңдай алу қабілеті қалыптасады, тыңдай алудағы бағалау, кеңес беруге ұмтылыс, өз тәжірибесінен бірнәрсе айтып бергісі келу және т.с.с. кедергілерді түсінеді.

Жұмыс барысында бой алатын сезімдерді сараптау, атап айтар болсақ қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар мен мәселелерді және күшті қасиеттерді айту барысында байқалатын сезімдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]