
- •Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.
- •Әдебиеттер:
- •Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.
- •Бағдарлама
- •Топтағы атмосфераны өзгертудің тәсілдері
- •« Бейне»
- •«Сәлемдесу»
- •«Белгісіз жан»
- •«Шапшаңдылық»
- •«Арифметр»
- •«Мен түсіндіре аламын ба?»
- •«Шатасу»
- •«Жазу машинкасы»
- •«Фантазия»
- •«Мен байқадым ...»
- •«Менің ойым»
- •«Әңгімелесу»
- •«Менің арманым»
- •«Менің эмоцияларым»
- •«Іздеу саламын»
- •«Рольді сомдау»
- •«Менің ертеңгі күнім»
- •«Мен көрсетемін...»
- •«Релаксация»
- •«Менің ойымды жалғастыр»
- •«Сұхбаттасу»
- •«Ұйымшылдық»
- •Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар 1- жаттығу
- •Әдебиеттер:
- •Тұлғалық дағдарысты анықтауға бағытталған әдістемелер Филипстің мектептегі қобалжу дәрежесінің диагностикалау әдістемесі
- •Нәтижелерді талдау және интерпретация
- •Сұрақтар жауабы
- •Әр синдромның қорытынды сипаттамасы
- •Стресс деңгейін анықтау сауалнамасы
- •Тэйлордың үрейлену деңгейін анықтау әдістемесі
- •Сұрақнама
- •Тұлғалық дағдарыс мәселесі бойынша негізгі ұғымдар сөздігі
«Мен көрсетемін...»
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Менің қолымда бірнеше текшелер бар. Онда әртүрлі заттардың, түсініктер мен жағдайлар атаулары жазылған. Мысалы, шам, ұйқы, жарық, суық және т.б. Мен текшені араларыңыздағы біреудің арқасына жапсырамын, айталық, Айтуғанның делік, бірақ ол текшеде не жазылғанынын көре алмайтындай жапсыруым керек. Одан кейін Айтуған топтың кез- келген бірнеше мүшесінің қасына келеді (өз қалауы бойынша), ол кімнің қасына келсе, сол адам вербалды емес қимылдармен, яғни ым-ишара арқылы текшеде не жазылғанын көрсетеді. Айтуғанның міндеті – текшеде не жазылғанын түсіну».
Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушының текшеде не жазылғанын анықтағанға дейін, қатысушыларды жетелейді, одан кейін текшені келесі адамның арқасына жапсырады.
Мақсаты: жаттығу топ мүшелерінің барлығына екі ролде де ойнауға және ақпарат беру жолдарын іздестіруде вербалды емес көрсетілімдердің себептерін бейнелеп көрсетуде, оларды тура табуда және т.б. жаттығуға мүмкіндік береді.
«Релаксация»
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық:
«Қазір біз теңіз жағалауына біраз серуен құрамыз. Ыңғайлы отырыңыз да, жәйлап көзіңізді жұмыңыз. Өзіңіздің деміңізге назар аударыңыз, деміңізді сеніңіз: ауа мұрыныңыздан, тамағыңыздан өтіп, өкпеңізге жетеді, кеудеңізді толтырады, әр деммен бойыңызға күш жиналатынын сеніңіз, ал әрбір шығарған деміңізбен қажетсіз уайымдар, реніштер мен шиеленістер кетеді. Өз денеңізге мән беріңіз, оны табаныңыздан бастап, төбеңізге шейін сезініңіз. Сіз орындықта (креслода) отырсыз, қандай да бір дыбыстарды естисіз, бетіңізге ескен самалдың лебін сезесіз. Мүмкін сіз өзіңіздің отырысыңызды өзгерткіңіз келетін шығар, өзгертіңіз. Ал енді сіз өзіңізді теңіз жағалауындамын деп елестетіңіз. Сіз асықпай, еркін жағалаумен жүріп келесіз. Айналаңызға зер салыңыз, айналаңызда қандай түстер, дыбыстар, иістер... аспанға қарайсыз, теңізге қарайсыз. Көңіл-күйіңізді байқаңыз: қандай эмоциялар, сезімдер пайда болды, серуен барысында олар қалай өзгереді. Сіз ешқайда асықпайсыз және еш алаңдамай ары қарай жүре беріңіз. Мүмкін, сіздің суға шомылғыңыз келеді немесе жағалауда отырғыңыз келеді. Қалағаныңызды жасаңыз...
А л енді бөлмеге, өз шеңберімізге оралу уақытты болды. Мұны өзіңізге қолайлы ырғақта жасаңыз: бірден көзіңізді ашуыңызға болады немесе асықпай біраз көзіңізді жұмып отыра тұруыңызға болады.
Қазір біз алған әсерлерімізбен бөлісеміз. Ол үшін 4 адамнан топ құраймыз. Мүмкіндігінше, өз тобыңызға негізінен бұған дейін шағын топта сізбен бірге жұмыс жасамаған адамдарды жинауға тырысыңыз».
Топтар құрылғаннан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «қазір әрқайысымыз кезекпен біздің «серуеніміздің» барысында алған өз әсерлерімен, пайда болған образдар мен уайымдары, көңіл- күйінің жағдайымен бөліседі, ал қалғанымыз әңгімелеушінің сөзін бөлмей, сұрақттар қоймай естігеніне коментарий мен көріністер жасамай мұқият тыңдаймыз. Сіз тыңдағыңыз келмеген сәттерді жадыңызда сақтауға тырысыңыз. Әрбір әңгімені шамамен 3-4 минут уақыт ішінде қамтуға тырысыңыз».
Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы шеңберге оралып, енді өздерінің шағын топтағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісуін ұсынады. Нақтылай түсу үшін: «Қандай сәттерде сіз әңгімеге құлақ түрмедіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Оған жауап бергенде қатысушылар көп жағдайда: «Басқа біреудің әңгімесін өзімнің тәжірибеммен салыстырған ойға берілгенде тыңдамадым», «Қандай да бір сәттерде ұқсастық туындады да, мен соны ойлай бастадым», «Мен естігендеріммен келіспедім де, бір сәт соған назарымды аудардым», «Қандай бір сәтте мен өзімнің не айтатынымды ойладым да, тыңдамадым» және т.с.с. жауаптар береді.
Мақсаты: талқылауды қорытындылау кезінде, жаттықтырушы қатысушылардың назарын басқа адамды тыңдай білудің маңыздылығына тағы бір сәт аударуға мүмкіндік алады.
«ҰЯШЫҚ»
Жаттығу шағын топтарда – «үштікте» өткізіледі. Қатысушылар үш-үштен топ болып бөлінеді.
Нұсқаулық:
«Жаттығуды орындау барысында екі адам әңгімелеседі, ал үшінші адам «бақылаушы» ролінде болады. Үш әңгімелесу өткізілетін болады: үшеуі бір-бірімен әңгімелеседі және әрқайысысы кезекпен бақылаушы ролінде болады. Әрбір әңгіме 8-9 минут ауқымына есептелген. Мен уақытты қадағалаймын және қашан ролдерді ауыстыру керек екендігін хабарлап тұрамын. Жұппен әңгімелесу барысында келесі ережені ұстаныңыз: талқылаған мәселе бойынша өз пікіріңізді білдірере алдында, алдыңғы серігіңіз айтқанды қайталап айтыңыз. Қайталауды: «Сенің ойыңша....», Сенің айтуыңша....», деген сөздермен бастауға болады. Бақылаушы ереженің сақталуын қадағалап тұрады және әңгімелесушілер ережені сақтамаған сәтте әңгімеге араласуға құқығы бар».
Әңгіменің тақырыбын жаттықтырушы ұсынады, және топтың құрамына байланысты болады. Мәселен, басқарушы қызметтегілерден құралған топқа: «Басқарушы жұмысының нәтижелі болуы үшін оның бойына қажетті үш негізгі қасиетті атау» деген тақырыпты беруге болады.
Жаттығуды ақтағаннан кейін топта: «Әңгімеге серігіңіздің сөзін қайталау қандай әсер берді?» деген сұрақты талқылау орынды болады. Негізінен, талқылау барысында төмендегідей ойлар ортаға салынады:
Мақсаты:
бұл менің серігімді дұрыс түсіне алғанымды тексеруге мүмкіндік берді;
әңгіменің тақырыбынан ауытқымауға, талқылаудың ағымында болуға, серігің айтқанды айтуға мүмкіндік берді;
қайталау барысында серігіңнің ойын нақтылай түсу көрініс алды;
серігіңнің айтқанын жақсылап жадыңда сақтауға септігін тигізді;
эмоционалдық байланысты жақсартты (сені тыңдағаны, түсінгенін сезіну ұнады);
Сенің сөздеріңді басқа біреудің айтуынан есту арқылы өзіңді жақсырақ түсіне бастайсың, талқыланған мәселенің жаңа қырларын байқайсың және т.с.с.