Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.09 Кб
Скачать

15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.

Қазіргі кезде Әлемде бауырымен жорғалаушылардың 4 отрядына (Тасбақалар-313 түр, Тұмсықбастылар-2 түр, Қабыршақтылар-8396 және Қолтырауындар-23 түр) жататын 8734 түрі бар. Қазақстанда Тасбақалар мен Қабыршақтылар отрядтарының өкілдері ғана кездеседі.

Қазақстан бауырымен жорғалаушылардың түрлік құрамы жағынан Орта Азияда Түркменстан және Өзбекстаннан кейінгі 3 орынды алады. Деседе Қазақстанның кең-байтақ территориясында рептилиялардың тіршілігі үшін қажетті мекендеу орындары алуан түрлі болып келеді. Олардың орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді: субстрат, өсімдік жамылғысы, климат, баспананың болуы, қоректің жеткіліктілігі, жыртқыштардың болуы, басқа түрлермен қатынасы және антропогендік әсерлер. Осыған орай Қазақстанның әр облыстарында рептилияларың түрлік құрамы бірдей емес. Мысалы, Арал өңірі Қарақұмдарында, Қызылқұмда, Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында кесірткелер көп (13-18 түр). Үстірт пен Маңғыстауда түрлік құрам кедейлеу (10-12 түр). Ең азы Зайсан (Жайсан) өңірінде (6 түр). Өйткені соңғысы негізгі шөлден жырақтау орналасқан.

Бауырымен жорғалаушыларды пайдалануына қарай: 1-азықтық ресурстар, 2- дәрілік шикізат алатын түрлер ресурстары, 3-эстетикалық маңызы бар түрлер ресурстары, 4-экологиялвқ маңызы бр ресурстар және т.т. деп бөлуге болады.

Қазақстанда тасбақалардың 2 түрі: батпақ тасбақасы және дала тасбақасы кездеседі. Бірінші түрі көбіне эстетикалық тұрғыдан маңызды және экологиялық маңызды ресурстар қатарына жатса, екіншісі – азықтық ресурстар және эстетикалық, экологиялық маңызы бар ресурстар қатарына жатады. Енді соңғы түрді дайындау жағдайын қарастырайық. Түрлі дерек көздері 1932 жылы Қазақ өлкелік аңшылар Одағы шетелге 27 мың тасбақа дайындаған. 1967 жылы шетел фирмаларының тапсыруы бойынша Қазақстанда 43 мың тасбақа ауланып, шетелге шығарылған. 1973-1975 жылдары Охотзоопром (Аңшылық зооөнеркәсібі) 364 мың тасбақа аулаған. Бұл деректер табиғаттағы популяциялардан тек заңды түрде ауланып. есепке алынғандар, ал есепке алынбағаны жайында ешкім де білмейді. Мысалы, XX-ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда тасбақаларды мемлекеттік аң өсіру фермаларындағы түлкілер мен күзендерді қоректендіру үшін жылына 100 мыңдай данасы дайындалған. Балқаш көлі мен Іле өзенінің бойындағы жекеменшік аң фермаларында қанша дайындалғаны белгісіз. 1976-1983 жылдары 866 мың немесе жылына орта есеппен алғанда 108 мың тасбақа дайындалған. Осындай дайындаудың нәтижесінде кейбір жерлерде, мысалы Іле өзенінің оң жағалауларындағы құмдарда олардың саны бір га-да 41 данадан 11-15 данаға дейін төмендеді (Кербұлақ массивінде). Осыған орай 1984 жылдан бастап тасбақаларды аулау мөлшері азайтыла бастады. Деседе оған деген сұраныс әлі де болса жоғары. Оған дәлел 1984-1993 жылдары табиғаттан 297 мың немесе орта есеппен жылына 30 мың дана тасбақа дайындалды. Жалпы 1976-1993 жылдар аралығында 1 млн 096 мың немесе орта есеппен алғанда жылына 61 мың дана тасбақа ауланып отырды. Бұлар тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс массивінен ауланды. Бұл жерде де қоры азая бастады. Осыған орай тасбақа дайындауды Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанның басқа аудандарына ауыстыру керек.

Осындай сұраныстар басқа түрлерге де тән болды. Мысалы, XX-ғасырдың 20-40 жылдары жыланның 14 түрінің (100 мың тері) және 20 мың ірі кесіртке-сұр кесел ауланғаны жайында деректер бар. Қазіргі кезде кеселдің саны әртүрлі себептерден өте күшті азайды және нәтижесінде Халықаралық, Қазақстан және көршілес елдердің Қызыл кітаптарына тіркелген.

Ал дәрілік шикізатын дайындауда1963 жылы Ташкент серпентарийі үшін Шу-Іле өзендерінің аралығында және Іле өзенінің жағалауынан 30 мың дала сұржыланы ауланды. Іле өзенінің бойынан 4-5 адам күніне 900-1000 жылан ұсталды. 1962-1963 жылы маусым-шілде айларында Отар стансасынан 1000-нан аса сұр жылан ауланғаны белгілі (Богданов, 1965). Бұл цифрлар шындыққа жата ма, жоқ па, белгісіз? Қазір бұл жерде жыландардың санының азаюына байланысты дайындалмайды. Осындай уы үшін ауланатын екінші жылан – бозжылан Барсакелмес аралынан да ауланды.

Осылармен қатар, әртүрлі мекемелер түрлі кесірткелерге де (ешкемерлер, батбаттар, жармасқылар, кесірттер, кесірткелер) сұраныс береді, бірақ ол аса көп емес. Соңғы ширек ғасырда кесірткелердің 1800-ден аса данасы ұсталғаны белгілі. Бұларды негізінен хайуанаттар бағы мен әуеқой-террариумистер дайындайды. Осылармен қатар усыз жыландарға да аздаған сұраныстар бар. Мысалы, 1978-1981 жылдары 11066 жылан ауланды.

Соңғы кезде улы жыландарға, соның ішінде дала сұржыланы мен бозша жыланға деген сұраныс көбейе бастады. 1985 жылы Охотзоопром өзінің серпентарийін ашты және 3 жылдың ішінде 400 бозша жылан ауланды.

1991 жылы бозша жыланға қажеттілік 400 бас, ал 1992-1993 жылдары – 900 –ге жетті. 1988 жылы 100 дала сұржыланы ұсталды, ал 1992 және 1993 жылдары қажеттілік – 1600 данаға жетті.

Өкінішке орай, Қазақстанда улы жыландарға санақ жұмыстары жүргізілмейді және олардың ресурстары жайында деректер жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]