- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
Қазақстан суқоймаларынан жылма-жыл 80 мың тн-дай балық ауланады. Ең көп ауланатындар –тұқытәрізділер отрядының өкілдері, олардың үлесі барлық аулаудың 80%-н алады. Екінші орынды қорының көптігі бойынша майшабақтәрізділердің өкілдері алады. Олар тек Каспий теңізінен ауланған. Жылдық аулау үлесі 45 мың тн-ға дейін жеткен. Қазір теңізде балық аулау қысқарғандықтан жылына бірнеше тн-сы ғана ауланады. Үшінші орында алабұғатәрізділердің өкілі көксерке алады. Республика бойынша жылма-жыл 4-8 мың тн ауланады. Балқаш алабұғасы да кәсіптік жолмен ұсталады. Ал төртінші орында–жайын. Республика бойынша 2,5-4 мың тн жайын дайындалады. Негізінен ол Каспий-Жайық және Балқаш суалабтарына ауланады. Дегенменде Республикамыздың суқоймаларында жылма-жыл балық аулау мөлшері өзгеріп тұратыны белгілі және ол облыстар бойынша да ауытқып тұрады . Тұқытәрізділерден – қасқа ақмарқа (жерех щуковидный), арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрікқанаты (остролучка чуская), күтім (кутум), іле қарабалығы (іле популяциясы); Алабұғатәрізділерден – балқаш албұғасы (балқаш-іле популяциясы) және Скорпентәрізділер отрядынн – шатқал тастасалағышы (подкаменщик чаткальский). Бұл балықтардың басым көпшілігі (7) Арал-Сырдария бассейнінде, 5 түрі –Каспийде, 4 түрі – Балқаш-Алакөл бассейнінде, 3 түрі – Ертіс бассейнінде және 2 түрі – шу бассейнінде мекендеген.
53. Ресурстық қосмекенділердің түрлерінің систематикасын , таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз. Қосмекенділер алғашқы құрлыққа шыққан және ең көне төртаяқты Анамниялар тобына жататын омыртқалы жануарлар. Бұлар палеозой эрасының девон кезеңінде бұдан 350 млн жыл бұрын пайда болған. Қазіргі қосмекенділердің Әлемде соңғы деректер бойынша (Frost,2011) 6686 түрі белгілі. Олар 3 отрядқа бірігеді: Құйрықсыздар (Ecaudata, seu Anura) -5900-дей түр, Құйрықтылар (Caudata) – 600-дей түр және Аяқсыздар (Apoda) -186 түр. Ал Қазақстанда алғашқы 2 отрядтың 12 түрі кездеседі (құйрықсыздардан 9 түр, құйрықтылардан 3 түр).Бұлар 5 тұқымдасқа және 5 туысқа бірігеді.
Қазақстанда қосмекенділердің түрлік құрамы өте аз. Бұл біздің республикамыздың ландшафтық-климаттық жағдайларына байланысты және территориямыздың басым көпшілігі аридтік (құрғақшылық) кеңістікте орналасқан. Түрлік құрамның жартысына жуығы Қазақстанның басқа мемлекеттермен шекаралас аудандарында тараған. Бұлар солтүстік, негізінен еуропалық түрлер болып табылады. Олардың қатарына қызылбауыр шұбарбақаны (краснобрюхая жерлянка), тарбақаны (чесночница), шөпбақаны (травяная лягушка), сібір бұрыштістісін (сибирский углозуб) жатқызуға болады. Бұлар республикамыздың батысы мен солтүстігіндегі орманды-дала зонасындағы ылғалы биотоптарда кездеседі. Сұр немеесе кәдімгі құрбақа республикамыздың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және шығысында тараған. Сүйіртұмсық бақа орманды-дала зонасынан бастап оңтүстікте Торғай, Қарағанды, Аякөз пен Алакөлге дейін мекендейді. Ал Жетісу бақатісі (семиреченский лягушкозуб) тек Жетісу Алатауының биік белдеулеріндег салқын суларда ғана кездеседі. Ал қызылаяқ бақа немесе орталықазиялық бақа (центральноазиатская или сибирская лягушка) XX-ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Балқаш өңірінде кең тараған-ды. Бірақ ғасырдың аяғында саны кеміп, таралу аймағы тарылып, өте сирек кездесе бастады. Нәтижесінде Қазақстан республикасының Қызыл кітабының барлық басылымдарына (1978; 1991; 1996; 2010) енгізілді. Бұған басты себептер – тіршілік ортасын меңгеру (мысалы, Қапшағай су электр стансасын салу) және сол кезде саны көбейген және мекендеу ортасы кеңейген жасыл бақаның бәсекелестігіне шыдамауы да мүмкін. Қалған 3 түр (көлбақа, жасыл бақа және Певцов құрбақасы немесе Даната құрбақасы) республикамыздың оңтүстік бөлімінде кең тараған, саны көп.
Қосмекенділер ресурстарын пайдалануына қарай шартты түрде дәрі-дәрмек шикізатын алатын ресурстар, тағам ретінде пайдаланылатын ресурстар, ғылым мен білім саласында пайдаланатын ресурстар, экологиялық маңызы бар ресурстар және эстетикалық тұрғыда пайдаланылатын ресурстар деп бөлуге болады.
Амфибияларды жаппай аулау жайындағы алғашқы мәліметтер Жетісу Алатауының эндемигі – Жетісу бақатісіне қатысты. XIX-ғасырдың өзінде-ақ бұл қосмекенді Қытаймен сауда-саттық жасауда басты нысан болған. Қытай саудагерлері бақатісті халық медицинасында пайдалану үшін көптеп сатып алғаны белгілі (Параскив, 1953). Амфибиялардың арасында ең көпсандысы көлбақа болып табылады. Осы бақаның және басқаларының ресурстарының көп немесе аз болуы суқоймаларының жағдайына тікелей байланысты. Ертеректе көлбақа кең көлемде ауланды. Қазақстанда жылма-жыл оның 200-250 мыңдай басы дайындалды. Медицина мен ғылыми-зерттеу мекемелер үшін 1978-1993 жылдар аралығында 3 млн 356 мың данасы ұсталды. Осындай көлемде аулауды қазір де, болашақта да жүзеге асыруға болады, өйткені шектен тыс аулау жоқ, олар кең таралған және саны жоғары. Деседе бұлардың кейбір экожүйелерде ауылшаруашылық зиянкестері болып табылатын омыртқасыздардың санын реттеуші екендігін де ескеруіміз керек. Мысалы, Индияда амфибияларды шектен тыс аулау зиянкестердің санының көбеюіне алып келді, оның нәтижесінде пестицидтерді көптеп қолдануға тура келеді. Келесі көпсанды түр –жасыл құрбақа.Ол болашақта у дайындаудың негізгі нысаны болмақ. Өйткені құрбақалардың паротидаларынан (құлақмаңы бездері) у алу қазіргі таңда ғалымдарды қызықтыруда. Мысалы, 1987, 1988 және 1993 жылдары осы мақсат үшін бұлардың 8500 данасы ауланған. Ал бақалардың ғылыми-зерттеу мекемелерінде және білім ордаларында зерттеу нысандары ретінде пайдалану және террариумдерде ұстау Сіздерге таныс. Қазіргі таңда көпсанды қосмекенділерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұлар ылғалы бар жерлерде тіршілігін жалғастыра алады (тек көбею кезінде ғана су мөлшері көп болуы керек). Жаңа суқоймаларының пайда болуы, мысалы шалшық сулар, құдықтар мен скважиналардың маңындағы шағын көлдер, жол бойындағы шұңқырлардағы жаңбыр суы, тақырды жерлерде пайда болатын хақтар және т.т. қосмекенділер үшін өте таптырмайтын орындар. Бұл жерлерде жасыл құрбақалар уылдырықтарын шашады, өніп-өседі. Шөлді аймақтарға амфибиялардың тереңдеп енуіне мысалы, Алматы қаласынан 70 км жерде пайда болған Сорбұлақ көлі. Бұл жерде соңғы 10 жылда көлбақаныңөте күшті популяциясы пайда болды. Бұл - таптырмайтын ресурс көзі. Деседе қосмекенділердің табиғаттағы өміршеңдігі өте сирек 10 жылдан асады, ал террариумде кейбір амфибиялар бірнеше ондаған жылдар өмір сүруі мүмкін. Мысалы, бақалар мен құрбақалар қолда ұстағанда 16-36 жыл, тритондар 28-30 жыл, ал бір отты саламандраның 43 жыл өмір сүргені белгілі. Бұл айтылғандар қолда өсіріп-бағуда ескерілуі керек.
Қазақстанның амфибиялары мен рептилияларын қорғауды күшейту үшін мынандай іс-шараларды жүзеге асыру керек. Олар: 1- барлық түрлерге және сирек, жойылып кету қаупіндегі түрлерге мониторинг жасау; 2-арнайы рұқсатсыз аулауға тиым салу; 3- айыппұл салу жүйесін қалпына келтіру; 4-сирек кездесетін түрлерді қолда өсіру;5-ғылыми –зерттеу мақсаты үшін аздаған даналарын ұстау; 6-үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізу.
