Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.09 Кб
Скачать

40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.

Қазақстан территориясында сүтқоректілердің Әлемдік териофаунаның 4%-н құрайтын 178 (180) түрі мекендейді. Олар 34 тұқымдасқа, 89 туысқа және 8 отрядқа бірігеді.Соның ішінде кеміргіштер отряды 15 Тұқымдас, 41туыс,82 түрді біріктіреді. Кеміргіштер отрядына жататын сүтқоректілердің арасында ашық алаңда (суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар, құмтышқандар және .т), топырақ арасында (соқыр тышқандар, момақан тышқан), ағаш-бұта арасында не ағаш сүлбесінде (ұшар, тиін, қарақастар), жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы-нутрия) тіршілік ететіндер бар. Осындай ортада мекендеуге бейімделген ерекшеліктері болады. Республикамызда XX-ғасырда сұр тиін (белка-телеутка) ойдағыдай жерсіндірілді. Ол Ертіс өңіріндегі ормандардан ұсталып, Орталық және Солтүстік Қазақстанның қарағайлы ормандарына, сол сияқты Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының қылқан жапырақты ормандарына жіберілді. Бұрында бұл жерлерде тиіндер болмаған, ал қазір бұлар жаңа қоныстарына, соның ішінде Алматы қаласындағы Ботаника бағы, ҚазҰУ қалашығы, Баум тоғайы, Демалыс және мәдениет паркінде және т.т. ойдағыдай бейімделді. Қала тұрғындары және қонақтар үшін эстетикалық мәні бар ресурс болып табылады. Енді ресурстық маңызына тоқталар болсақ, адам баласы Жер бетінде пайда болысымен-ақ күн көру үшін (тамақ, киім) жабайы аңдарды аулауды үйрене бастады.Адам баласы осы кезге дейін жабайы аңдарды түрлі мақсаттарға пайдаланды, яғни бұлардың басым көпшілігі ресурстық түрлердің қатарына жатады.

Сүтқоректілерді пайдалануға байланысты мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1-аңшылық ресурстар (бұлар а-кәсіптік жолмен ауланатын және ә-әуесқойлық не спорттық жолмен ауланатын ресурстар деп бөлінеді); 2-бағалы терісі үшін ауланатын ресурстар; 3- дәрі-дәрмек алатын ресурстар;4-ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстары; 5-санитарлық-эпидемиологиялық маңызы бар ресурстар; 6-экологиялық маңызы бар ресурстар және т.т.

Кеміргіштер (суырлар, сарышұнақтар, ондатр, тиіндер, жұпар, құндыз және т.б) бағалы терісі үшін ауланатын сүтқоректілердің ресурстық түрлеріне, дәрі-дәрмек алуға шикізат беретін түрлердің ресурстарына,ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстарына жатады. Бұлардың қатарына түрлі тоқалтістер, момақан тышқан, қаптесерлер, тышқандар, сарышұнақтар, атжалмандар, аламандар, сарықоржындар (пеструшки), құмтышқандары және құндыз, егеқұйрықтар және т.т. жатады.Кеміргіштер санитарлық-эпидемиологиялық ресурстар қатарына да жатады. Біздің елде, обаға қарсы күресетін мекемелер ашылған. Онда қызмет жасайтын медиктер мен зоологтар кеміргіштердің қоныстарын (әсіресе құмтышқандарының 4 түрі мен суырлардың 3 түрі) үнемі бақылап, эпизоотияның алдын алу шараларын ұйымдастырады. Ал көптеген түрлердің биологиялық түр ретінде экологиялық маңызы болатыны барлығымызға да түсінікті.

Енді Қазақстандағы суыр кәсібіне тоқтала кетсек. Қазақстандағы суыр кәсібі 1947 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Кәсіп көп уақыттан бері жүргізілмеген жерлерде суыр жанұялары өліп жатыр, себебі кәрілер жастарға көбеюге мүмкіндік бермейді. Ал кәсіп жүргізіліп жатқан аумақтарда суыр популяциясы азаймайды және оған қоса тұмау мен оба секілді аурулардың таралуын болдырмайды. Кәсіптің басқа да негізгі себебі – суыр майы. Ол медицина мен парфюрмерияда кеңінен қолданылады, көптеген емдік қасиеттерге бай және теріге өте пайдалы болады. Суырдың терісі өте жылы болады және соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Суыр еті өте таза және айтарлықтай дәмді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]