- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
Ондатрдың санын анықтау үшін кеміргіштің өзін емес, олардың баспанасын немесе семьясын есепке алады. Санақты ондатрдың иесі бар және иесіз баспаналарын білумен қатар, кейбір суқоймаларында бірге тіршілік ететін су тышқаны мен жұпардың баспаналарынан ажырата алуда керек.Ондардың санын есепке алу көктемде, иесі бар баспаналарды (олар екі ондатрға тән) санау және күзде, аулау алдында семьялық учаскелерді, сол сияқты семьяның саны мен құрамын санауға негізделген.Қазақстанның суқоймаларында ондатрға санақ жүргізуді сәуір-мамыр айларында атқарған жөн. Өйткені бұл мезгілде қыстап шыққан кеміргіштер жан-жаққа тарап үлгереді және жұп құрайды.Санақ жүргізбестен бұрын есепшілер (олардың басшысы) атқарылатын жұмыстың көлемін анықтау үшін картографиялық және ведомстволық материалдармен (онда ондатр мекендеуге жарамды суқоймаларының ауданы көрсетілген) танысады және сұрақ-жауап арқылы қосымша деректер жиналады.
Ондатр мекендейтін суқоймалары жайында мәліметтер жинау кезінде және оларды зерттеу үшін мына деректер анықталады:
Суқоймасының немесе учаскенің ауданы, өзеннің ұзындығы, жағалау түрлері мен сипаттамасы. Суқоймаларының әртүрлі учаскелеріндегі тереңділік анықталады;
Су режимі: су сапасы (тұщы, кермек, ащылау, тұзды немесе тым тұзды, жаңа су немесе тоспа су), ағыны, су тасу биіктігі мен оның ұзақтығы, мерзімі, мұз басу және еру, мұздың қалыңдығы, суқоймасының тартылу дәрежесі;
Жағалау және су өсімдіктерінің өсуі, олардың түрлері және т.т.Жиналған мәліметтер суқоймасының сызба-нұсқасына түсіріледі.
Ондатр санын анықтау жұмыстарына тәжірибелі аңшылар, қорықшылар қатысады. Әр топта кем дегенде 2 адам болуы керек. Санақ жұмыстарын жүргізуге ауа-райының ерекше маңызы жоқ. Деседе күшті жел, нөсер жауын, қалың бұлт және т.б. теріс әсер етуі мүмкін. Ең бастысы ашық күн және жақсы ауа-райы болуы қажет.
Көктемде иесі бар әрбір баспана бір семья ретінде есептелінеді және күзде бұл інде немесе үйшікте ондатрдың саны 10-ға жетеді. Суқоймаларын зерттегенде баспанасынан басқа маршрутта кездескен ондатрдың басқа да тіршілік әрекеттерін ескеру керек. Оларға: қоректену алаңы, қорегінің қалдығы, нәжістерін тастайтын жері жатады. Осы белгілердің жиынтығы ондатр семьясының мекендейтінін көрсетеді. Егер ондатрдың мекендеу тығыздығы жоғары болса, онда әр семьяның учаскесі әрбір 80 м-ге сәйкес келеді.
Жағасында қамыс-құрақ өскен су қоймаларында санақ жүргізгенде жағалаудан ашық айдынға дейін, одан кейін қайтадан жағаға қарай қайықпен жүзіп, кездескен ондатр ұялары мен үйшіктерін есепке алады. Бұл жағдай санақ жүргізу бағытының ені 50 м-ден (оң және сол жағы 25 м-ден) аспауы керек. Алынған материалдарды өңдеген кезде нәтижесі км жағалау ұзынтықтығына есептейді.Санақ нәтижесі су қоймаларының жеке типтері бойынша экстраполляцияланады.
Ал тұяқты жануарлардың санын негізінен жаяу, автокөлік, ұшақ немесе тікұшақ және сұрақ-жауап анкетасын пайдалану арқылы анықтайтын бірнеше әдістер бар. Олар: 1 - белгілі бір бағытта (маршрутта) ізі бойынша салыстырмалы санақ жүргізу; 2 - белгілі бір тұрақты ауданда санын анықтау; 3 - орам телімі бойынша (поквартальный) санақ жүргізу; 4- қуу арқылы санын есептеу; 5 - өрістеуші тұяқтыларды санау; 6 - тұяқтылардың көп жиналатын жерлерінде (суатта, тұздықта, қоректену учаскелерінде, қыстауда) есеп жүргізу; 7 - жай көзбен шолып, санын анықтау; 8 - күйек кезінде есеп жүргізу; 9 - автокөлікпен санақ жүргізу; 10 - ұшақтарды пайдаланып санақ жүргізу; 11 - сұрақ-жауап анықтамасын пайдалану арқылы, санақ жүргізу.
Тұяқты жануарлардың өздеріне тән биологиялық және экологиялық ерекшеліктері бар. Осыған орай, оларға санақ жүргізгенде ерекшеліктеріне баса көңіл аудару керек және жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдердің ыңғайлысын таңдап алып, пайдаланған дұрыс.
21.Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып,қорғап сақтаудың негізгі жолдарына сипаттама беріңіз.
Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып,қорғап сақтаудың негізгі 2 жолы бар:
1.Өндірістік популяциялары бар жоғары өнімді учаскелер есепке алынуы және тұрақты бақылауда болуы керек.
2.Шикізаттық өсімдіктерді мәдиелендіру.Бірақта пайдалы өсімдіктерді мәдиелендіру процесі өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиімсіз.Өйткені оларға суарылатын,құнарлы топырақты жер керек.
Ал біздің республикамызда мұндай жерлер өте аз.Мұндай жерлердің көп бөлігіне ауыл шаруашылық дақылдары,бау-бақшалар егілген.Сондықтан адамдарға өте қажетті тағамдық өсімдіктердің орнына әлі тиімділігі толық дәлелденбеген дәрілік өсімдіктерді егуге халықтың, мемлекеттің рұқсат бере қоюы өте қиын нәрсе.
Сондықтан пайдалы өсімдіктерді қорғап сақтаудың логикаға сиятын,халық қолдайтын тәсілі-ол сол табиғатта бар пайдалы өсімдіктердің қорын өте ұқыптылықпен ғылыми тұрғыдан дұрыс пайдалана білу.Республикамызда бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары бар болғанымен ,елімізде медициналық және фармацевтикалық өндірістер мықты ғылым потенциалын әлі құра алған жоқ .Соңғы жылдары бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды.Мысалы,Қарағанды қаласында фитохимия ғылыми-зертеу институты ашылды,алғашқы отандық препараттар шығарыла бастады.Профессор М.Қ.Кукеновтің (1999)ойынша, Қазақстаның ботаник-ресурстанушыларының алдында болашақта мынадай міндеттер тұр.
1.Қазақстан және оның жеке региондары флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зертеуді жалғастыра беру.
2.Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктердің ресурстық сипатамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болы керек 1) экологиялық-фитоценотикалық 2)фитохимиялық ерекшеліктері 3)ресурстық көрсеткіштері 4)экономикалық бағасы 5)пайдаланудың тиімділігі және т.б
3.Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамыздағы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
4.Республикада бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау .Ол бағдарламада республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндірісті қамту қажет екендігін көрсету.
5.Біріңғай ғылыми-өндірістік орталық құру.Ол орталық өсімдіктер шикізатын жинаудан бастап,соңғы өнім алғанша жүргізілетін жұмыстардың барлығын үйлестіру керек
6.Шикізатты жинау,кептіру және сапасына қойылатын талапттар туралы жасалған барлық инструкциялардың қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.
7.Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жинау және бұрын зертелген өсімдіктерді сын көзбен қарап тексеру.
8.Шаруашылық үшін бағалы қасиеттері және белгілері бар перспективті өсімдіктерді тереңірек зерттеу.
9.Шикізат ресурстары таусылған өсімдіктерді толық айырбастай алатын жаңа шикізат көздерін іздеу.
10.Ресурс сақтайтын жерттеу тәсілдерін,жинау технологиясын,шикізатты толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасау.
11.Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктердің терең жерсіндіру жұмыстарын күшейту.
