Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.09 Кб
Скачать

34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.

Қырғауылдар тұқымдасы (Phasіanіdae), тауықтәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұқымдастың ерекшелігі: танау тесігі қауырсынмен жабылмаған. Жіліншіктері түксіз, көпшілік түрлерінің қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау тесігін тері қаптары жауып тұрады. Қазақстанда Қырғауылдар Тұқымдасының 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі — қырғауыл (Phasіanus colchіcus). Қазақстанда өзен жағалауындағы — тоғайлы, қамысты-қопалы жерлерді, Арал теңізіненАлакөл ойпаңына дейінгі шөлді аймақтарды мекендейді. Олар тау беткейлерінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерлерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 г-дай.

Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр ұялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қырғауыл, сүр және сақалды шіл, гималай және алтай ұлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік мекендейді..Тұқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты:

америкалық бөденелер;

ескі дүние бөденелері;

шілдер, кекіліктер,ұларлар;

аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар,трогопандар

топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының тұқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауығын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді.

Шілдер (лат. Perdix) – тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдасына жататын құстар. Қазақстанда 2 түрі: сұр шілі(P. perdix), сақалды шіл (P. daurica). Соның ішінде ең жиі кездесетіні – сұр шілі, оның 8 түр тармағы бар. Бұлар республиканың барлық аймағында мекендейді, тек шөлді, биік таулы жерлерде кездеспейді. Дене тұрқы 35 см, аталығының салмағы 500 г, аналығы – 350 г. Сыртқы қауырсыны сұрғылт, онда көлденең жолақты қара дақтары, бүйірінде қоңыр жолақтары бар, басы мен мойны қызғылт сары түсті, бауыры – ақ және онда таға тәрізді қоңыр таңбасы болады. Ағаш басына сирек қонақтайды, жерде жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде қанатын жиі-жиі қағып, өзінше дыбыс шығарып, ұшып кетеді. Топтанып жүреді. Отырықшы құс. Жерді шұқырлап ұяжасайды да, оған құрғақ шөп төсейді. Ұяға 12 – 25 жұмыртқа салып, оларды аналығы мен аталығы 25 күндей шайқайды. Өсімдік тұқымымен, бүрімен, жәндіктермен (қоңызқұмырсқа, тағы басқа) қоректенеді. Зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. Кәсіптік маңызы бар бағалы құс, әуесқойлық жолмен көп ауланады.

Бөдене  — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 гшамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Даладашабындықтаегістіктежерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейдежәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен.Бөдене асырау өте жақсы, қызықты, денсаулыққа пайдалы іс. қанша ауруға ем.Мысық асырағанша өзімізге пайдалы, халқымызға пайдалы іспен айналыссақ боладығой. тұқымын балдарымызға жегіссек, жапонияда бала бақшалардың бәрінде балаларға беріліп тұрады екен.  Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы  келешек денсаулығы мықты,  өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептеймін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]