Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

2009 Жылғы 30 қазандағы n 623 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне n 5909 болып енгізілді

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін іске асыру мақсаттарында әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) донор – донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (соның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;      2) реципиент – донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгізілетін не донордан алынған тіндерді және (немесе) ағзаны (ағзаның бөліктерін) транспланттау жасалатын пациент;      3) ағза – айқындалған қызмет атқаратын ағза бөлігі;      4) алу – тірі донордан, мәйіттен, жануардан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) операциялық жолмен алып тастау;      5) перфузия – жалпы қан айналымнан айырылған немесе оқшауланған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) консервациялайтын ерітіндімен жуу;      6) консервациялау – тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) сақтауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы;      7) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;      8) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу.       3. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызмет көрсететін мемлекеттің қатысуымен денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес донордың болуы туралы хабарлау және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) бөгетсіз алуды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу, адамнан адамға және жануардан адамға консервациялаудың тәртібі

      4. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бейін бойынша мамандандырылған дәрігерлермен жүзеге асырылады.       5. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу кезінде сот-медициналық сарапшының және (немесе) патологоанатом дәрігердің қатысуы міндетті.       6. Денсаулық сақтау ұйымдарының реанимация бөлімінде донордың жай-күйі мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:      1) сырқатнаманы зерттеу;       2) жалпы тексеру;       3) қанды адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі – АИТВ), сифилиске, В гепатитіне, С гепатитіне экспресс-тестілермен зерттеу.       7. Биологиялық өлімді немесе бас миының қайтымсыз өлуін констатациялаудан кейін мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу, консервациялайтын ерітіндімен жуып косервациялау жүргізіледі. Алынған тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) консервациялайтын ерітіндімен арнайы контейнерде денсаулық сақтау ұйымына транспланттау үшін тасымалданады.       8. Патологоанатомиялық немесе сот-медициналық ұйымда мәйіттің қаны АИТВ-ға, сифилиске, В гепатитіне, С гепатитіне экспресс-тестілермен зерттеледі.       9. Экспресс-диагностика қорытындыларын тексеру үшін донор қаны қан саласында қызмет көрсететін мекемелерге және АИТВ/ЖИТС алдын-алу мекемелеріне иммуноферментті анализ (бұдан әрі – ИФА) тәсілімен немесе полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) тәсілімен АИТВ-ға, сифилиске, В гепатитіне, С гепатитіне зерттеуге жіберіледі.       10. Осы Тәртіпке 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу донор-мәйітінен және тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу туралы актімен ресімделеді.       11. Адам, адам мәйіті немесе жануар тіндері және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктерін) транспланттау доноры бола алады.       12. Адамнан адамға және жануардан адамға тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) ауыстыру реципиенттің келісімімен және қатаң медициналық көрсетімдермен ғана жүргізіледі.       13. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) консервациялау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:        1) плюс 4-50С температурасында гипотермикалық тәсіл;       2) арнайы консервациялаушы ерітінділер мен орталарда сақтау;       3) культуральды орталарда сақтау;       4) 0-ден минус 1960С температурасына дейін төмен температуралық тәсіл.       14. Тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) осы Ереженің 2 және 3-қосымшалары-на сәйкес паспорттары болуы керек. Тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) салына-тын контейнерлер қауіпсіздік талаптарына сай, жарамды, саңылаусыз жабылатын, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағза бөліктерінің) физикалық-химиялық, микробиологиялық және физиоло-гиялық сипаттарына әсер етпейтін материалдан жасалуы тиіс. Контейнерлерді басқа мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.       15. Дайындау, консервациялау және сақтау кезінде пайда болатын тіндерді және (немесе) ағза-ларды (ағзалардың бөліктерін) утилизациялау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау сала-сындағы заңнамасына сәйкес осы Ережеге 4-қосымшасы бойынша жүзеге асырылады.