Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

9. Контроль:

  • СӨЖ тақырыбы бойынша сұрақтар.

СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ

КУРС: 3

ПӘН: OI 3219 «ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ»

МАМАНДЫҒЫ: 051301 «СТОМАТОЛОГИЯ»

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: профессор Шортанбаев А.А.

доцент Балпанова Г.Т.

доцент Кожанова С.В.

Алматы, 2013

Жалпы иммунология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді

«9» қыркүйек 2013 ж. №2 хаттамасы

Жалпы иммунология кафедрасының

менгерушісі, профессор Шортанбаев А.А.

СӨЖ № 1

1. Тақырыбы: «Моноклонды антиденелер, алу әдістері, иммунодиагностика және иммунотерапиядағы рөлі. Цитокиндер, анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Иммундық жауаптағы цитокиндердің рөлі»

2. Сөж мақсаты:

  • Студенттерде моноклонды антиденелер, оларды алу әдістері және медицинада қолдану аймақтары туралы түсініктемелерді қалыптастыру. Сондықтан студенттерге моноклонды антиденелердің гибридомды алу технологиясын таныстыру қажеттілігі туып отыр.

  • Иммундық жүйенің жасушаларын белсендіретін биологиялық тиімді өнімдер – табиғаты әртүрлі антигендерден иммундық жауап үрдісінде және арнайы емес қорғаныста иммундық жүйенің жасушаларының және ағзаның басқа жасушаларымен күрделі қарым-қатынасты қамтамасыз ететін цитокиндер туралы студенттерге білім беру.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • Медицинада моноклонды антиденелердің рөлін игеру;

  • Моноклонды антиденелерді алудың гибридомды технологиясының негізгі принциптерімен танысу;

  • Қарапайым иммундық сарысулардың алдында моноклонды антиденелердің артықшылықтарын қарастыру;

  • Моноклонды антиденелердің негізінде қазіргі кездегі қолданылатын препараттармен танысу.

  • цитокиндердің негізгі топтарын білу;

  • цитокиндердің продуцент-жасушалары және оларға нысана жасушалармен танысу;

  • цитокиндердің негізгі биологиялық эффектілерін оқып білу;

  • цитокинді тор туралы түсінік алу;

  • қанжасау үрдістерінің цитокинді реттелі принциптерімен танысу;

  • қабыну серпілістерінің дамуында цитокиндердің қызметірімен танысу.

4. Сөж орындау түрі:

  • баяндама (10 минут)

  • жобалық жұмыс (презентация)

  • глоссарийді құру

  • кластерлік кесте құру

"Кластер" термині аңылшын тілінен "cluster" – жинақ деген мағынаны білдіреді. Кластерлік сызба көмегімен жүйелі түрде үлкен көлемдегі ақпаратты меңгеруге болады. (түйінді сөздер, идеялар), мысалы цитокиндер туралы ақпаратты жүйелеу.

Студенттерге тапсырманы орындауда шығармашылық таныту керек. Қосымша әдебиеттер қолдану қошталады.