Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать
  1. Әдебиеттер:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Общая иммунология, Алматы, 2009, с. 311-387.

  2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Механизмы гиперчувствительности, Алматы, 2002, с. 20 -29.

  3. Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, с. 299-322, 449-490.

  4. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, с.395-408, с.453-474, 497-526.

  5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, с. 267-315.

7. Бақылау сұрақтары:

  1. Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың механизмдерінің жіктелуі.

  2. Атопия, атопиялық аурулардың патогенезінде Тх2-нің және IgЕ-нің қызметі.

  3. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары. Атопиялық аллергияның тұқым қуалауға бейімділігі.

  4. Атопия мен анафилаксияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Атопияның лабораторлы диагностикасының принциптері.

  5. Анафилактикалық серпілістер. Анафилактикалық шоктың патогенезі, оны алдын алу.

СӨЖ (о) №4

Мақсаты:

  • Жоғары сезімталдықтың II, III түрлерінің механизмдері туралы білімді қалыптастыру;

  • Жоғары сезімталдықтың II, III механизмдерінің патогенезін және кликалық мысалдарын оқыту .

  • Студенттің коммуникативті дағдыларын анықтау.

Оқу міндеттері:

  • Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпілістердің патогенезін оқып білу. Осы типінің клиникалық мысалдарымен танысу.

  • Иммунды комплексті аурулардың және баяу аса сезімталдықтың патогенезін оқып білу. Сәйкес жоғары сезімталдықтың механизмдерінің лабораторлы диагностика әдістерін және клиникалық мысалдарын қарастыру.

  • Студенттерде коммуниткаивті дағдының қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Цитотоксикалық серпілістердің патогенезі, комплемент жүйесі мен антиденелердің ролі.

  2. Аутоиммунды үрдістердің пайда болу механизмдері (біріншілік және екіншілік аутоантигендердің қызметі, айқаса-әрекеттесуші және кешенді антигендер). Стоматологиядағы аутоиммунды үрдістердің дамуында жұқпалардың қызметі.

  3. Иммунды кешен аурулары. олардың дамуын анықтайтын жағдайлар. ИКА-дың клиникалық мысалдары (васкулиттер, гломерулонефриттер, жедел және созылмалы сарысулық ауралар).

Оқыту әдістері:

  • Блиц-сұрау.

  • Ой қозғау

  • Т-кестелерді құрастыру

  • Тестілеу

Оқыту құралдары: ситуациялық есептер, тесттер, анимациялық фильмдер.

Түйінді сөздер: цитотоксикалық серпілістер, иммунды комплексті серпілістер,

Жаңа анықтамалар: дәрілік цитопениялар, иммунды кешен аурулары.

Сабақтың жоспары:

БЛОК 1. «Цитотоксикалық серпілістер. ИКА»

Негізгі болім:

Жоғары сезімталдықтың 3 түрі бойынша блиц-сұрау (7-10 минут)

Студенттер парақтарға 1-10 дейін номер көрсетеді. Оқытушы қысқаша жауап беруге болатын тақырып бойынша сұрақтарды айтады.Сұрақтар арасында жауап жазуға мүмкін болатын уақыт беріледі.

Блиц-сұраудың сұрақтары:

1.Aнафилаксия патогенезіне IgE қатысады ма?

2.Атопиялық аллергия патогенезіне Тх2 қатысады ма?

3.Атопиялық аллергия патогенезіне Т-киллерлер басты роль атқарады ма ?

4.Aнафилаксия патогенезіне комплементтің альтернативті жол бойынша белсенуі қатысады ма?

5.Мес жасушалары және базофилдердің дегрануляциясында гистамин бөлінеді ме?

6.Иммунды кешенді патологияның кликалық мысалы жанаспалы дерматит болып табылады?

7.Фагоцитарлы жүйенің ақауы цитотоксикалық реакциялардың пайда болуына әсер етелді ме?

8.Дәрілік аллергия кезінде антибиотиктер негізгі себеп бола ма?

9.Иммунды кешенді аурулардың патогенезінде интерферон-γ қатысады ма?

10.Фагоцитарлы жүйенің ақауы цитотоксикалық реакциялардың дамуына алып келеді ма?

Түсініксіз сұрақтардың бірге талқылау және жаңа материалды теориялық талдау (40 минут)

Қорытынды жасау (5-7 минут). Оқытушы студенттердің жұмысын бағалайды және блиц-сұраудың қорытындысын шығарады.

Оқу фильмдерін көрсету (20 минут):

1. Цитотоксикалық реакциялар

2. Иммунды кешендерді аурулардың иммунопатогенезі

Оқу фильмдерін талқылау (7-8 минут):

Кіші топтарда жұмыс жасау (ой қозғау)

Топты кіші топтарға бөлу (әр топшада 3 адамнан) (5 минут)

Әр топша жеке тапсырма алады. Басында студенттер индивидуалды жұмыс жасайды, әр студент өзіне берілген сұраққа өз бетінше ойланады, топта жұмыс жасау. Әр топшада студенттер пікір алмасады, өздерінің түсінгендерін талқылайды, 15 мин аралығында мәселені шешу жолдарын ұсынады.

1. №1-ші топтың тапсырмасы:Жоғары сезімталдықтың II-ші түрінің патогенезі.

2. №2-ші топтың тапсырмасы: Жоғары сезімталдықтың III-ші түрінің патогенезі.

3. №3-ші топтың тапсырмасы: Біріншілік және екіншілік аутоантигендердің жоғары сезімталдықтың II-ші және III-ші түріндегі ролі.

Атқарылған жұмыс туралы есеп (10 минут).

  • Талқыланып болғаннан кейін әр топтан бір студент өз сұрағы негізінде топтың қорытындысын айтады.

  • Атқарылған жұмыс туралы есептен кейін оқытушы қорытынды жасайды.

Атқарылған жұмыс нәтижелерін бағалау (10 минут).

Студент 3 сұраққа жауап ретінде жазбаша есеп дайындайды:

  • Жаңа не білдім?

  • Сұрақ;

  • Ұсыныс.

Қорытынды шығару (бағалау) – 15 мин.

  • Оқытушы түсініксіз және туындаған сұрақтарды түсіндіреді

  • Тесттік бақылау – тақырып бойынша 10 вариант (әр қайсысында 4 тапсырма) – 7 минут.

6. Әдебиеттер:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Общая иммунология, Алматы, 2009, с. 311-387.

  2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Механизмы гиперчувствительности, Алматы, 2002, с. 20 -29.

  3. Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, с. 299-322, 449-490.

  4. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, с.395-408, с.453-474, 497-526.

  5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, с. 267-315.

7. Бақылау сұрақтары:

  • Цитотоксикалық серпілістердің клиникалық мысалдары.

  • Иммунды кешен аураларының клиникалық мысалдары.

5 сабақ

1. Тақырып: «Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмдері (БЖС). Иммунды тапшылық жағдайлардың жіктелуі»

2. Мақсаты:

  • Біріншілік ИТЖ жіктелуі мен патогенезін, клиникалық көріністерін меңгеру .

  • Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмдерін меңгеру;

  • Жоғары сезімталдықтың IV түрінің патогенезін талдау;

  • Иммунды тапшылық жағдайлардың біріншілік және екіншілік түрінің жіктелу, патогенезі және клиникалық көрінісін меігеру.

  • ЖИТС иммунопатогенезі, ауыз қуысының зақымдану ерекшеліктері