Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

6. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009, 57-119 беттер

2. Калиакбарова Г.Т., Кожанова С.В., Шортанбаев А.А., Балпанова Г.Т. Гуморалды иммунитет жүйесі, Алматы, 2002.

3. Бижигитова Б.Б. Комплемент жүйесі мен антигентаныстырушы жасушалардың иммундық жауаптағы маңызы, Алматы, 2006, 5-26 беттер.

4. Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, 10-13, 19-39, 54-56, 64-66, 87-104, 140-143 беттер.

5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, 23-30, 51-60 беттер.

7. Бақылау сұрақтары:

  • Иммунологиялық серпілістерде гуморалды иммунитет жүйесінің қызметі.

  • В0, В1, В2-лимфоциттердің негізгі сипаттамалары. В-лимфоциттердің дифференциалану барысында иммундық жауапқа қабілеттілігі.

  • IgG молекуласының құрылысы. Иммуноглобулиндердің Fab және Fc-фрагменттерінің функциясы.

  • Иммуноглобулиндердің барлық кластарына қысқаша сипат тамасы.

  • Стоматологиялық аурулар кезіндегі секреторлық иммуниглобулин А-ның рөлін сипаттаңыз.

  • Иммунитеттің В-жүйесін клиникада зерттеу тәсілдерін атаңыз, олар қандай мақсатпен қолданылады.

  • Комплемент жүйесінің негізгі қызметі.

  • Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативтік жолдармен активтенуі, олардың айырмашылық ерекшеліктері.

  • Комплемент жүйесінің аралық өнімдерінің қызметін атаңыз.

  • Гингивиттердің патогенезінде комплемент белсенденуінің альтернативті жолы және секреторлық иммуноглобулин А-ның қызметі.

2 сабақ

1. Тақырыбы: «Антигентаныстырушы жасушалар, олардың негізгі қызметтері. Жасушалық иммунитет жүйесі (I)»

Мақсаты: Антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлері туралы білім қалыптастыру; АТЖ қызметінің ерекшіліктері және функциясы туралы теориялық білімді қалыптастыру; Иммунитеттің жасушалық жүйесінің қызметінің негізгі қағидалары және құрылысы бойынша білімді қалыптастыру, қалыпты жағдайдағы және патологиядағы ролі. Т-лимфоциттердің негізгі маркерлері және рецепторларымен таныстыру. Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі зерттеу әдістері.

  1. Оқу міндеттері:

  • Иммундық жүйенің маңызды звеносы ретінде иммунитеттің Т-жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

  • Т-хелперлер, Т-киллерлер, NK-клеткалар қызметінің ерекшеліктері және макрофагтардың жасушалыө иммуниттегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

  • Т-лимфоциттердің негізгі маркерлері мен рецепторлардың жасушалық иммунитеттегі ролі туралы түсінік қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлерін, олардың қызметтерін және қызмет ерекшеліктерін оқып білу;

2.Мононуклеарлы фагоциттер жүйесін қарастыру, макрофагтардың негізгі қызметтері туралы білім қалыптастыру;

3.Иммундық жауаптағы макрофагтардың және дендритті жасушалардың қызметімен танысу;

4.Жасушалық иммунитет жүйесінің қызметтерімен танысу;

5.Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференциялануының негізгі кезеңдерін қарастыру;

6.Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының қызмет ерекшеліктерімен танысу;

7. Т-лимфоциттердің рецепторлары мен маркерлері. Клиникадағы иммунитеттің Т-жүйесін зерттеудің негізгі әдістері.

Түйінді анықтамалар: антигеннің өндеуі мен таныстырылуы, иммундық жауап, регуляция, антигеннің Т-лимфоцитпен анықталуы, Т-лимфоциттер субпопуляциялары, цитокиндер, иммунологиялық төзімділік.

Жаңа анықтамалар: антигентаныстырушы жасуша, процессинг, презентация, иммуногенді комплекс, костимулдаушы молекулалар, оң сұрыпталу, теріс сұрыпталу, рестрикция, төзімділік, клондық делеция.