Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға және осөж-на арналған әдістемелік ұсыныстары

ПӘН: OI 3219 «ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ»

МАМАНДЫҒЫ: 051301 «СТОМАТОЛОГИЯ»

КУРС: 3

ҚҰРАСТЫРҒАН: доцент Балпанова Г.Т.

Алматы, 2013

Жалпы иммунология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді

«9» қыркүйек 2013 ж. №2 хаттамасы

Жалпы иммунология кафедрасының

менгерушісі, профессор Шортанбаев А.А.

1 сабақ

1. Тақырыбы: «Иммундық жүйенің құрылысы. Иммунды жауап. Ф.Бернеттің клондық-сұрыптау теориясы. Антигендер. Ауыз қуысының шырышты қабатының арнайы емес резистенттілік факторлары»

2. Мақсаты:

  • Иммундық жүйенің құрылысы мен қызмет атқару туралы білім құрастыру;

  • Иммунологиялық бақылау туралы білім құрастыру; иммунды жауап туралы және иммунхабарлы жасушалар туралы түсінік алу;

  • Ф.Бернеттің клондық-сұрыптау теориясы туралы білім құрастыру;

  • Антигендер олардың негізгі сипаттамалары туралы және олардың иммунды жауап қалыптасуындағы рөлі туралы білім құрастыру;

  • Ауыз қуысының шырышты аймағындағы арнайы емес резистенттілік факторлары туралы білім құрастыру.

3. Оқу міндеттері:

  1. Қазіргі иммунологияның негізгі міндеттері мен әдістерін оқып білу.

  2. Иммунды жүйенің құрылысы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері.

  3. Иммундық жүйенің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейлердің ұйымдастыруларымен танысу.

  4. Иммунологиялық бақылау концепциясының жалпы биологиялық рөлін оқып білу.

  5. Иммундық жауап анықтамасымен, оның түрлерімен танысу.

  6. Иммундық жауаптың түзілуіндегі 3-жасушалық кооперация үлгісін игеру.

  7. Иммунитеттің клондық-сұрыптау теориясының негізгі постулаттарымен танысу.

  8. Антигендердің негізгі сипаттамаларымен танысу.

  9. Антигендік детерминанта мен антигеннің тасымалдаушы анықтамаларды және олардың гуморалды және жасушалық серпілістер қалыптасуындағы рөлін игеру;

  10. Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендер және оларға қарсы иммунды жуап қалыптасу механизмын түсіне білу.

  11. Иммунопатологияда маңызды рөл атқаратын антигендердің түрлері қарастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Иммундық жүйенің құрылысы (мүшелік, жасушалық, молекулалық деңгейлер).

  2. Лимфоциттердің дамуы. Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы.

  3. Иммундық жауап туралы түсінік, иммундық жауаптың түрлері.

  4. Ф.Бернеттің клон-сұрыптау теориясы.

  5. Антигендер, анықтамасы, химиялық құрылысыныњ ерекшеліктері.

  6. Антигендердің бөгделігі, антигендігі, арнайылығы туралы түсініктер.

  7. Иммунопатологияда маңызды рөл атқаратын антигендердің түрлері:

а) біріншілік және екіншілік аутоантигендер;

б) кешендік антигендер. Кешендік антигендердің түзілуіндегі дәрілік препараттардың рөлі.

в) айқаса-әрекеттесетін антигендер.

  1. Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендер.

  2. Ауыз қуысының кілегей қабатының негізгі арнайы емес резистенттілік факторлары, олардың иммунитеттегі рөлі.

Түйінді анықтамалар: иммунитет, иммундық жүйе, иммунды жуап, иммунологиялық бақылау, антигендер, , антигендік детерминанта, антигендік арнайылығының түрлері.

Жаңа анықтамалар: 3-жасушалық кооперациялану, иммунитеттің клондық-сұрыптау теориясы, тасымалдаушы, гаптен, тимустәуелді антиген, тимустәуелсіз антиген, айқаса-әрекеттесетін антиген, комплекстік антиген.