Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин риски шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
223 Кб
Скачать

13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпарат жүйесіне кіретін ақпараттарды пайдаланушылардың құрамын сипаттай келе, ақпараттарды сыртқы ж/е ішкі қолданушыдар арасында айырмашылықтар бар. Сыртқы пайдаланушылар к/о-ң тек қаржылық қызметін ж/е қаржылық жағдайын сипаттайтын ақпараттарын қолданады. Ішкі қолданушылар жоғарыда аталғандармен қатар, коммерциялық құпия болып табылатын к/о-ң қаржылық тәекелдері туралы ақпараттардың едәуір мөлшерін қолданады. Осы қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарғы қойылатын талаптар:

1.маңыздылық (значимость);

2.толықтылық;

3.нақтылық (достоверность);

4.уақтылық;

5.түсініктілік (понятность);

6.релеванттылық;

7.салыстырмалылық (сопоставимость);

8.тиімділік (эффективность).

1.Маңыздылық – көрсетілген ақпараттардың ең біріншіден, к/о-ң қаржылық стратегиясын қалыптастыру кезеңінде, к/о-ң жеке аспектілеріндегі мақсатты саясат жасаудағы қалыпты ж/е оперативті қаржылық саясатты дайындаудағы, тәуекелдік нәтижелеріне әсер етудегі маңызын көрсетеді. 2.Толықтылық – бағалауды идентификациялауға мүмкіндік береді. 3.Нақтылық – ақпараттардың қаржылық нәтижелерінің қаншалықты қамтылғандығын көрсетеді. 4.Уақтылық – ақпараттардың пайдалану мерзімімен сәйкестігі. 5.Түсініктілік - ақпараттардың қарапайымдылығымен сипатталады. 6.Релеванттылық – к/о-ң қаржылық тәуекелдерін басқару процесінде көрсетілген ақпараттардың күтілетін жағдайлардан айтарлықтай жоғары болуымен сипатталады. 7.Салыстырмалылық – жеке активтердің құрамы мен қаржылық қызметтердің нәтижелерін салыстырмалы бағалауы. 8. Эффективтілік – кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділіктің 2 формасы бар: абсолютті ж/е салыстырмалы.

  1. Қаржылық тәуекелдің басқарудың қаржылық иінтірек түрлері және оларға сипаттама

Кəсіпорынның қаржы тəуекелдерін басқару үдерісі белгілі бір тетікке негізделеді. Қаржы тəуекелдерін басқару тетігі кəсіпорынның қаржы қызметі саласындағы тəуекелді шешімдерді əзірлеу жəне жүзеге асыру үдерісіне əсер етудің негізгі элементтері жиынтығын сипаттайды. Қаржы тəуекелдерін басқару тетігінің құрылымына мынадай элементтер енеді:

1. Қаржы қызметін реттеу жүйесі төмендегілерді қамтиды:

Кəсіпорынның қаржы қызметін мемлекеттік нормативтік-құқықтық реттеу. Кəсіпорынның қаржы қызметі мен тəуекел менеджментін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау мемлекеттің ішкі қаржы саясатын жүзеге асыру бағыттарының бірін сипаттайды. Бұл саясаттың заңнамалық жəне нормативтік негіздері кəсіпорынның қаржы қызметін реттеп, түрлі үлгіде оны қаржы тəуекелдерінен қорғайды.

Кəсіпорынның қаржы қызметін реттеудің нарықтық тетігі. Бұл тетік ең алдымен қаржы нарығы аясында оның түрлері мен сегменттері ауқымында қалыптасады. Қаржы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бағалар (пайыз мөлшерлемесі) мен жеке қаржы құралдары бойынша баға белгілеу деңгейін қалыптастырады, олардың ауытқуын анықтайды; капитал табыстылығының орташа нормасын шығарады, кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерді бейтараптандыруын бағалау үдерісінде пайдаланылатын жекелеген қор жəне ақша құралдарыны өтімділік жүйесін анықтайды. Нарықтық қарым –қатынастардың тереңдеу шамасына қарай кəсіпорынның қаржы қызметін реттеуінің нарықтық тетігінің рөлі арта береді.

Тəуекел менеджментінің жекелеген аспектілерін ішкі реттеу тетігі.

Мұндай реттеу тетігі кəсіпорынның өз шеңберінде қалыптасады, сəйкесінше кəсіпорынның қаржы тəуекелдерін басқару мəселелері бойынша белгілі бір жылдам басқару шешімдерін мəлімдеп отырады. Осылайша, қаржы тəуекелдерін басқару аспектілерінің бірқатары кəсіпорын жарғысының талапталарымен реттеліп отырады. Ол аспектілердің жекелеген тұстары кəсіпорында жасалған қаржы бағдары жəне қаржы қызметінің жекелеген бағыттары бойынша мақсаттық қаржы саясатымен реттеліп отырады.

Сондай-ақ кəсіпорында қаржы тəуекелдерін басқарудың жекелеген аспектілері бойынша ішкі нормативтер жəне талаптар жүйесі əзірленіп, бекітіле алады.

2. Кəсіпорынның қаржылық қызметін сыртқы қолдау жүйесі төмендегілерді қамтиды:

· Кəсіпорынды қаржыландырудың мемлекеттік жəне басқа да сыртқы үлгілері. Бұл тетік кəсіпорын дамуын мемлекеттік бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан (мақсаттық), сондай-ақ басқа бизнес дамуына көмектесетін мемлекеттік емес қорларда қаржыландыру үлгілерін сипаттайды.

· Несиелік кəсіпорын. Бұл тетік кəсіпорынға түрлі несиелік институттар тарапынан белгілі бір пайызға белгіленген мерзімдегі қайтарымдық негізде əртүрлі несие үлгілерін берілуге негізделген.

Банктер беретін қаржылық несие; банктік емес ұйымдар беретін қаржылық несие; шаруашылық серіктестері беретін тауарлық (коммерциялық) несие жəне т.б. деп бөлінеді.

· Лизинг (жалға беру). Бұл тетік кəсіпорынға біртұтас мүліктік кешендер, белгіленген мерзім ішіне белгілі бір төлемге айналымдық емес активтердің жеке түрлерін беруге негізделген. Қазіргі қаржы тəжірибесінде пайдаланылатын лизингтің негізгі түрлеріне оперативтік лизинг; қаржылық лизинг; қайтарымдық лизинг жатады.

· Сақтандыру. Сақтандыру тетігі кəсіпорынның активтерін қаржылай қорғауға жəне жекелеген қаржы тəуекелдерін (сақтандыру жайтының пайда болуы) жүзеге асыруда оның ықтималды шығындарын өтеуге бағытталған. Қаржы тəуекелдерінің ішкі жəне сыртқы сақтандырылуын ажыратады.

· Кəсіпорынның қаржылық қызметін сыртқы қолдаудың басқа үлгілері.

Оларға оның лицензиялануын, инвестициялық жобалардың мемлекеттік сараптамасын жəне т.б. жатқызуға болады.

2. Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне əсер етудің мынадай негізгі үлгілерін қамтиды:

· Бағаны

· Пайызды

· Пайданы

· Таза ақша ағымын

· Сақтандыру сыйақысын

· өсімін, айыппұлдарды, тұрақсыздық төлемін

· Басқа экономикалық иінтіректер

· Сақтандыру франшизасын.

3. Қаржылық əдістері жүйесі төмендегідей негізгі тəсілдер мен амалдардан тұрады, олардың көмегімен кəсіпорынның қаржы қызметінің түрлі аясындағы нақты басқарушылық шешімдер негізделіп, бақыланады:

· Техникалық-экономикалық есептеу əдісі

· Теңгерімдік əдіс

· Экономикалық-статистикалық əдістер

· Экономикалық-математикалық əдістер

· Сараптамалық əдістер (сараптамалық бағалау əдістері)

· Құнын дисконттау əдістері

· ,Құнын өсіру əдістері (компаундинг)

· әртараптандыру əдістері

· Активтерді амортизациялау əдістері

· Хеджирлеу əдістері

5.Қаржылық құралдар жүйесі кəсіпорынның жекелеген басқарушылық шешімдерін жүзеге асыру қамтамасыз ететін жəне оның басқа экономикалық нысандармен қаржылық қарым-қатынастарын белгілейтін төмендегідей келісім-шарттық міндеттерден тұрады:

· Төлем құралдары (төлем тапсырыстары, чектер, аккредитивтер жəне т.б.)

· Несиелік құралдар (несиелендіру туралы шарттар, вексельдер жəне т.б.)

· Депозиттік құралдар (депозиттік келісім-шарттар, депозитті сертификаттар жəне т.б.)

· Инвестициялау құралдары (акциялар, инвестициялық сертификаттар жəне т.б.)

· Сақтандыру құралдары (сақтандыру келісім-шарты, сақтандыру полисі жəне т.б.)

· Қаржыландыру құралдарының басқа түрлерін

Тəуекелдік менеджментінің тиімді тетігі алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік береді, кəсіпорынны қаржылық тəуекелдерінбасқару қызметтерін нəтижелі жүзеге асыруға көмектеседі.