Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин риски шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
223 Кб
Скачать
  1. Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:

Жалпы тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ж/е адамдардың іс-әрекеттерінен пайда болатын жоғалтулар, зиян шегу қаупінің болуы. Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен байланысты болаты, оның нәтижелілігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында, қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама. Ал тәуекелдіктің ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша жіктелімі келесідей:

· ықтималды қаржы тəуекелдігі. Қаржылық шығындары жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша пайданың есептік сомасынан аспайтын тəуекелдікті сипаттайды; Мысал ретінде, жүннен жасалатын киім шығаратын кәсіпорынды алайық. Өзінің түскен табысынан міндетті төлемдерді төлеп, салык барлығын төлегеннен кейін қалатын пайданын сомасынан, қаржылық операцияларды іске асыруға кеткен шығын аспау керек бұл тәуекелде...ал шығынның өзі – активтерді есептен шығару немесе азаюы  түрінде экономикалық пайдасын қысқаруы немесе міндеттемелердің көбеюі нәтижесінде капиталдың қысқаруы. Мысал сол кәсіпорынның жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы болсын. Сол шыгынның сомасы пайдадан аспау керек...Міне, осы тәуекелдіктердің түрлерін ықтималды қаржы тәкелділігі.

· күрделі қаржы тəуекелдігі. Ол қаржылық шығындары жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша жалпы кірістің есетік сомасынан аспайтын тəуекелдікті сипаттайды; бұл тәуекел түрін түсіндіру үшінде жоғарыдағы мысалды ала берейік... сонда сол кезде болған шығын ықтималды қаржылық тәуекелге қарағанда, ауқымдырақ болып келеді. Себебі, бұл жерде тек пайдаға ғана емес, кіріске әсер отыр... Алдынғы ықтималды қаржылық тәуекелге қарағанда шығын соммасы ауқымды болып тұрғанда болуы мүмкін тәуекел түрі.

· Апатты қаржы тəуекелдігі. Ол қаржылық шығындары өзінді капиталдан ішінара немесе толықтай айырылу арқылы анықталаты тəуекелдікті сипаттайды (тəуекелдіктің бұл түрі қарыздық капиталдан д айырылумен сипатталуы мүмкін) .

Бұл қаржылық тәуекел түрі салыстырмалы түрде айтсақ, өте қауіпті. Ықтималды қаржы тәуекелі тек пайдаға әсер етсе, және күрделі қаржы тәуекелі кіріске әсер ететін. Ал апатты қаржы тәуекелі аты айтып тұрғандай, толық капиталдан айырылып қалу қаупін туғызады. Ол арине, кәсіпорын үшін өте қауіпті. Оның салдары қндірістің құлдырауын туғызып қана қоймай, кәсіпорынның жабылуына әкелуі мүмкін.

Яғни, біз бұл тәуекел түрлерін ажырата алу үшін пайда, кіріс, табыс, капитал ұғымдарының бір емес екенін ажырата алуымыз керек.

Табыс дегеніміз – кәсіпорынның есепті кезеңдегі әдеттегі қызметінен алынған; оның капиталының өсімін білдіретін эк-қ тиімділіктің жиынтық түсімдері болып табылады.  Кәсіпорынныңфирманың өндірілген өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден түскен ақшалаң тұлғадағы жылдық жиынтық табысы.

Кіріс дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі  экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Яғни, табысқа қарағанда кішірек ұғым. Түскен табыстан төленетін міндетті қорларға аударғаннан кейін қалатын табыс бөлігі.

Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Ал пайда болса, міндетті төлемдерді, салықтарды төлегенннен, шығыстарды жапқаннан кейін қалатын кіріс бөлігі.

30Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі

топқа бөлінеді:

са_тандырылатын _аржы тəуекелдігі. Оларға сыртқы сақтандыру

тəртібінде сəйкес сақтандыру ұйымдарына тапсырыла алатын тəуекелдіктер

жатады (сақтандырылуға қабылданатын қаржылық тəуекелдік

номенклатурасына сəйкес);

сақтандырылмайтын қаржы тəуекелдігі. Оларға сақтандыру

нарығындағы сəйкес сақтандыру өнімдерінің ұсынысы жоқ түрлері жатады.

Қарастырылып отырған екі топтың тəуекелдігі құрамы өте айнымалы жəне

оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ сақтандыру қызметін

емемлекеттік реттеудің қалыптасқан үлгісінде нақты экономикалық

жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

асырудың тиімділігімен байланысты

31КƏСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТƏУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МƏНІ,

МАҚСАТЫ ЖƏНЕ МІНДЕТТЕРІ

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқару қаржылық

тəуекелдердің алуан түрлерінің жан-жақты бағалануын жəне олардың

ықтималды теріс қаржылық салдарының бейтараптануын

қамтамасыз ететін тəуекелді қаржы шешімдерін əзірлеу жəне жүзеге

асырудың қағидалары мен əдістері жүйесін сипаттайды.

Кəсіпорынның қаржы тəуекелдерін басқарудың мақсаттық қызметі оның

нарықтық құнын жоғарылатудың мақсаттық үлгісімен байланысты. Бұл үлгі

фирма теориясының қазіргі парадигмасындағы ең маңызды концептуалды

идеялардың бірін бейнелейді. Ол кəсіпорынның қызмет етуінің негізгі

мақсаты – оның иелерінің əл-ауқатын жақсарту болып табылады деген

идеяға саяды.

Кəсіпорын қызметі мен дамуының басты мақсаты оның нарықтық құнын

жоғарылату деп табатын үлгі (қысқаша нұсқасында – «құнына

бағытталған» үлгі) оны басқа мақсаттық үлгілерден ерекшелейтін негізгі

ерекшеліктермен сипатталады (2.2 сурет).

***

Кəсіпорынның мақсаттық қызметінің жекелеген үлгілерінің мəні мен

ерекшеліктерін қарастыру нарықтық экономика жағдайында олардың

ішінде тиімдісі кəсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату үлгісі болып

табылады.

Бұл үлгіні жүзеге асыруда кəсіпорынның қаржылық қызметтері үлкен

маңызға ие болатындығын ескере отырып, ол қаржылық қызметті

басқарудың басты мақсаты ретінде қабылданады жəне мынадай үлгіде

тұжырымдалады: қаржылық менеджменттің басты мақсаты

кəсіпорынның нарықтағы құнын жоғарылату жолымен, ағымдағы

жіне алдағы кезеңде кəсіпорын иелерінің əл-ауқатын арттыру болып

табылады.

Қаржылық мендежменттің жалпы мақсаттары жүйесінде кəсіпорынның

қаржылық тəуекелдерін басқару мақсаты анағұрлым тар шеңбердегі

сипатқа ие болады. Бұл кəсіпорынның қаржылық мүдделерін сыртқы жəне

ішкі сипаттағы түрлі қауіптерден қорғауға бағытталған кəсіпорынды

аталмыш тиімді басқару ерекшелігімен байланысты. Осы ерекшелікті

ескере отырып, қаржылық тəуекелдікті басқарудың басты мақсаты

даму үдерісі барысында кəсіпорынның қаржылық қауіпсіздігін

қамтамасыз ету жəне оның нарықтық құнының ықтималды

төмендеуін болдырмау болып табылады.

Өзінің басты мақсатын жүзеге асыру барысында кəсіпорынның қаржылық

тəуекелдіктерін басқару төмендегідей негізгі міндеттерді шешуге

бағытталған (2.1 кесте);

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдіктерін басқарудың басты мақсатын

жүзеге асыруға бағытталған негізгі міндеттер жүйесі

Қаржылық тəуекелдіктерді басқарудың басты мақсатын жүзеге асыруға

бағытталған негізгі міндеттер

1. Кəсіпорынның қаржылық қауіпсіздігіне қауіп туғызатын кəсіпорынның

ұаржылық қызметінің тəуекелдігі жоғары аясын анықтау.

2. Жекелеген тəуекелді жайттар мен онымен байланысты болуы мүмкін

қаржылық шығынның ықтималдығын жан-жақты объективті бағалау.

3. Қаржылық операциялар табыстылығының қарастырылатын деңгейіне

қатысты қаржылық тəуекелдік деңгейінің барынша төмендеуін қамтамасыз

ету.

4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық

шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.

1. Кəсіпорынның қаржылық қауіпсіздігіне қауіп туғызатын

кəсіпорынның ұаржылық қызметінің тəуекелдігі жоғары аясын

анықтау. Бұл міндет кəсіпорынның түрлі қаржылық операцияларына тəн

тəуекелдіктің жекелеген түрлерін сəйкестендіру, оның қаржылық

қызметінің жекелеген бағыттары бойынша қаржылық тəуекелдіктің

шоғырлану деңгейін анықтау, оның қаржылық бағдарынының ықтималды

мақсатқа қол жеткізе алмау қаупін туғызатын сыртқы қаржылық орта

факторларын ұдайы бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2. Жекелеген тəуекелді жайттар мен онымен байланысты болуы мүмкін

қаржылық шығынның ықтималдығын жан-жақты объективті

бағалау. Бұл міндет мұндай бағалауды жүзеге асырудың ақпараттық

базасының қажетті дəлдігін қамтамасыз ету арқылы; көбінесе

қарастырылатын қаржылық тəуекелдердің ерекшелігі туғызатын

жекелеген тəуекелді жайттардың орын алу ықтималдығына баға беру

үшін заманауи əдістер мен құралдарды таңдау; тəуекелді жағдай туған

кезде кəсіпорынға келетін тікелей жəне жанама қаржылай залалды

анықтау арқылы жүзеге асады.

3. Қаржылық операциялар табыстылығының қарастырылатын

деңгейіне қатысты қаржылық тəуекелдік деңгейінің барынша

төмендеуін қамтамасыз ету. Егер жекелеген қаржылық операциялар

немесе қаржылық қызмет бағыттары кірісінің деңгейі алдын-ала

анықталған болса, қаржы тəуекелдерін басқару үдерісінде олардың

қарастырылатын кіріс деңгейіне сəйкестігін бағалап («тəуекелдік – кіріс»

шкаласы бойынша), қаржы тəуекелдері деңгейін барынша төмендету

бойынша шаралар қабылдау қажет. Мұндай барынша төмендету

қаржылық операция бойынша серіктестер арасында қаржылық

тəуекелдерді бөлумен, инвестициялық қоржынды əртараптандырумен,

əлеуетті дебиторларды жан-жақты бағалау жəне дебиторлық қарыз

қоржынын əртараптандыру жəне т.б. арқылы жүзеге асырылады.