Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин риски шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
223 Кб
Скачать
  1. Қаржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз

Мақсаттан ауытқу ықтималдығының болуы мазмұнынан көрініс беретін кез келген қаржылық тəуекелдіктің белгісі болып табылады. Сондай-ақ тəуекелдік жағдайындағы бұл ықтималдықтың сандық сəйкестігі белгісіздік жағдайынан айтарлықтай ерекшеленеді. Тəуекелдік жағдайы қаржылық қызметті жүзеге асырудың алдағы нұсқаларының жиынтығы ретінде сипатталады, онда мақсаттық нəтижеге қол жеткізу ықтималдығын сан түрінде бағалаудың объективті мүмкіндігі болады. Олармен салыстырғанда белгісіздік жағдайы қаржылық қызметті жүзеге асырудың алдағы нұсқаларының жиынтығы ретінде сипатталады, онда мақсаттық нəтижеге қол жеткізу ықтималдығын сандық өлшеуіште белгіленуі мүмкін емес. Сондай-ақ белгісіздік жағдайында тəуекелді шешім қабылдайтын қаржылық менеджер мақсатты нəтижеге қол жеткізу ықтималдығы бар екендігіне сенімді, əйтпесе, қаржылық тəуекелдік əрекет ретінде өз мəнін жоғалтқан болар еді.

20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.

Экономикалық ойдың даму барысында қорланған теориялық білім тұтастай алғанда кәсіпкерлік тәуекелдіктің және ішінара қаржылық тәуекелдіктің табиғатын жеткілікті дәрежеде жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазіргі таңда жекелеген зерттеушілердің тәуекелдік категориясын түсіндірілуінде көптеген кереғарлықтар бар;мұндай түсіндірмелердің бірқатары шектеулі сипатқа ие.

Қаржылық тәуекелдер –залалдың пайда болу ықтималдығы, жоспарланған кірістің пайдадан кем түсуі, кәсіпорынның, ұйымдардың қаржы институттарымен (банк, сақтандыру компаниялары, инвестиция, биржалармен т.б.) қатынастарды жүзеге асыру кезінде пайда болады.

Қаржылық тәуекелдік салдары қаржылық қызметтің оң және теріс нәтижелерімен сипатталуы мүмкін. Алайда теория жүзінде және шаруашылық тәжірибе жүзінде қаржылық тәуекелдік деңгейі алдымен ықтимал экономикалық зиян мөлшерімен бағаланады. Мұндай экономикалық зиян қаржылық тәуекелдікті жүзеге асыру барысында түрлі қалыптарға еніп, пайданы, кірісті, кәсіпорын капиталының бір бөлігі мен бүкіл сомасын жоғалтуы мүмкін. Қаржылық тәжірибеде мұндай экономикалық зиян әрқашан ақшалай өлшеммен бағаланады. Деңгей қарқындығы. Белгілі бір қаржылық операцияға немесе кәсіпорынның қаржылық қызметінің белгілі бір түріне тән қаржылық тәуекелдік деңгейі өзгеріссіз бола алмайды. Ең алдымен, уақыт аралығында құбылады, яғни қаржылық операцияны жүзеге асыру ұзақтығына тәуелді. Уақыт факторы капитал салу түрінің баламасы, құнсыздану қарқыны өсуінің мүмкіндігі, қаржы нарығындағы қарыздық пайыз мөлшерлемесі қозғалысының белгісіздігі және т.б. арқылы көрініс табатын қаржы нарығы деңгейіне өз бетінше ықпал етеді. Сондай-ақ қаржылық тәуекелдік деңгейі көрсеткіші ұдайы динамикадағы объективті және субъективті факторлардың ықпалымен айтарлықтай құбылып отырады.

Қаржылық тәуекелдік кез келген кәсіпорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол қаржылық операциялардың барлық дерлік түрлеріне және оның қаржылық қызметінің барлық бағыттарына қатысты. Экономикалық құбылыс ретіндегі қаржылық тәуекелдіктің объективті сипатына қарамастан қаржылық тәуекелдік деңгейін бағалау субъективті сипатқа ие болып табылады. Бұл субъективтілік, яғни аталмыш объективті құбылысқа бағалауды жүзеге асырушы субъектілер тарапынан берген баға мәнінің біркелкі еместігі қаржылық менеджер біліктілігінің ақпараттық базасының толықтық және нақтылық деңгейімен, тәуекелдік менеджмент саласындағы олардың тәжірибесімен және басқа факторлармен анықталады.

Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.

Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді

«Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» деген халық даналығы бар. Әрине, халық айтса, қалт айтпайды. Бірақ оның мәні мен мағынасын, реті мен орнын түсіне білу үшін терең пайым, биік парасат қажет. Сондықтан да бұл тұста тәуекелдің де түр-түрі болатынын есте берік ұстаған жөн.

21. Пайда болу көздері бойынша қаржылық тәуекелдердің қандай  топтары бөлінеді,сипаттама

Пайда болу көздері бойынша қаржылық тəуекелдердің мынадай топтары

бөлінеді:

Ж_йелік немесе нары_ты_ тəуекел. Ол түрлі қаржылық нарық түрлері

конъюнуктурасының қолайсыз өзгерістерімен байланысты қаржылық

шығындардың ықтималдылығын сипаттайды. Тəуекелдіктің бұл түрі

қаржылық қызметтің барлық қатысушыларына тəн.

Ж_йелік емес немесе ерекше тəуекелдік. Нақты кəсіпорынның тиімсіз

қызметімен байланысты қаржылық шығындардың ықтималдылығын

сипаттайды. Бұл тəуекелдік біліксіз қаржылық менеджер, активтер мен

капиталдардың тиімсіз құрылымымен, пайданың нормасы жоғары

тəуекелдікті қаржылық операцияларға шектен тыс араласу,

шаруашылық серіктестерді бағаламау жəне жағымсыз салдарын

айтарлықтай деңгейде қаржылық тəуекелдікті тиімді игеру есебінен

болдырмауға болатын басқа ұқсас факторлар салдарынан орын алады.