- •9. Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша
- •11.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі
- •Қаржылық тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттеріне сипаттама
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.
- •4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.
- •Қаржылық әдістер жүйесіне сипаттама
- •6Қаржылық құралдар жүйесіне сипаттама
- •7. Қаржылық ақпаратты негізгі пайдаланушыларға (ішкі, сыртқы) сипаттама
- •8. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың жүйесі
- •10. Қаржылық тәуекел басқарудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не және оның пайдаланушылары.
- •11 Кәсіпорында қаржылық қызмет тәуекел жоспарлауды негізгі шешетін міндеттер
- •12 Кәсіпорынның төлемқабілеттілік коэффициенттері және оған сипаттама.
- •Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті:
- •Ағымдағы өтімділік коэффициенті:
- •Дебиторлық және кредиторлық қарыздың коэффициенті:
- •13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.
- •Қаржылық тәуекелдің басқарудың қаржылық иінтірек түрлері және оларға сипаттама
- •15 Қаржылық тәуекелдіктің экономикалық сипатына сипаттама беріңіз
- •16 Қаржылық тәуекелдіктің көрініс табу объективтілігіне сипаттама беріңіз
- •Қаржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз
- •20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.
- •22 .Пайыздық тәуекелділіктің мәні мен мазмұны.
- •Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық
- •Кәсіпорының қаржылық тәуеклдерін басқарудың қызметтері мен тетігі (механизмі)
- •33 Басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін
- •34 Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?
- •35 Қаржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
- •37 Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің негізгі үлгілері
- •38 Кәсіпорынның есеп айырысуда пайдаланатын төлем құралдарға анықтама беріп, есеп айырысу үрдісін сипаттау (назерке)
- •39. Қаржы тәуекелдерін сақтандыруды басқару қызметі
- •41 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері
- •42 Қазақстан нарығында кәсіпкерлік қызмет ерекшелігіне байланысты қандай тәуекелді төмендету әдістері тиімді.
- •43 Үкіметтің қр экономикасын дағдарыстан шығудын инновациялық жобалары. (эссе)
- •44. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін төмендетуде әртараптандыру әдісінің маңыздылығы
- •45. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару маңыздылығы
- •46. Қазіргі кездегі кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі
- •47. Қаржылық тәуекелді басқаруда ақпараттық жүйенің маңызы, оның қазіргі таңдағы қажеттілігі
- •48 Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі
- •49. Отандық компаниялар үшін қаржылық тәуекелі басым секторлар
- •50. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары.
- •52 Қазақстан Республикасының тұрақты даму стратегиясы
- •53.Қазақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері
- •54 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторлары.(эссе)
- •57 Қаржылық дағдарыстың себеп-салдарлары
- •58 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар
- •59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
- •60 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық аспектілері
59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.
Жұмыссыздар олар республикамыздың ұлттық заңында қабылданған белгiлi бiр жасқа жеткен, яғни 16 және одан асқан адамдар, қарастырылып отырған кезеңде оларда жұмыс болмаған, жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен және өз бетiнше жұмыс iздеген және оған дереу кiрiсуге әзiр адамдар. Жұмыссыздарға жатқызған кезде мына 3 өлшем сақталуы тиiс: 1. 16 жас және одан асқан ересек адамдар; 2. жұмысы болмаған, бiрақ жұмыс iстеуге әзiр адамдар; 3. жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен және өз бетiнше жұмыс iздеген және оны дереу iстеуге дайын адамдар.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады:
Фрикциондық жұмыссыздық — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
Жұмыссыздық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі алдағы жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Алдағы жылдары Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді. Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.
