- •9. Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша
- •11.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі
- •Қаржылық тәуекелдерді басқарудың мақсаты мен міндеттеріне сипаттама
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету.
- •4 Қаржылық иінтіректер (рычаг) жүйесінің үлгілеріне сипаттама.
- •Қаржылық әдістер жүйесіне сипаттама
- •6Қаржылық құралдар жүйесіне сипаттама
- •7. Қаржылық ақпаратты негізгі пайдаланушыларға (ішкі, сыртқы) сипаттама
- •8. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдаудың жүйесі
- •10. Қаржылық тәуекел басқарудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не және оның пайдаланушылары.
- •11 Кәсіпорында қаржылық қызмет тәуекел жоспарлауды негізгі шешетін міндеттер
- •12 Кәсіпорынның төлемқабілеттілік коэффициенттері және оған сипаттама.
- •Абсолютті төлемқабілеттілік коэффициенті:
- •Ағымдағы өтімділік коэффициенті:
- •Дебиторлық және кредиторлық қарыздың коэффициенті:
- •13. Қаржылық тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесіне кіретін ақпараттарға қойылатын талаптар.
- •Қаржылық тәуекелдің басқарудың қаржылық иінтірек түрлері және оларға сипаттама
- •15 Қаржылық тәуекелдіктің экономикалық сипатына сипаттама беріңіз
- •16 Қаржылық тәуекелдіктің көрініс табу объективтілігіне сипаттама беріңіз
- •Қаржылық тәуекелдіктің мақсатқа қол жеткізу ықтималдығына сипаттама беріңіз
- •20 Қаржылық тәуекелділіктің күтілетін теріс салдарына сипаттама беріңіз.
- •22 .Пайыздық тәуекелділіктің мәні мен мазмұны.
- •Ықтималды қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдіктердің жіктелуі:
- •4. Тəуекелді жайт туғандағы кəсіпорынның ықтималды қаржылық
- •Кәсіпорының қаржылық тәуеклдерін басқарудың қызметтері мен тетігі (механизмі)
- •33 Басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін
- •34 Кәсіпорын басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық тәуекелді басқару қызметі тобында негізгі болып қандай топ саналады?
- •35 Қаржы қызметінің реттеу жүйесінің құрылымына сипаттама
- •37 Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің негізгі үлгілері
- •38 Кәсіпорынның есеп айырысуда пайдаланатын төлем құралдарға анықтама беріп, есеп айырысу үрдісін сипаттау (назерке)
- •39. Қаржы тәуекелдерін сақтандыруды басқару қызметі
- •41 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері
- •42 Қазақстан нарығында кәсіпкерлік қызмет ерекшелігіне байланысты қандай тәуекелді төмендету әдістері тиімді.
- •43 Үкіметтің қр экономикасын дағдарыстан шығудын инновациялық жобалары. (эссе)
- •44. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін төмендетуде әртараптандыру әдісінің маңыздылығы
- •45. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару маңыздылығы
- •46. Қазіргі кездегі кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі
- •47. Қаржылық тәуекелді басқаруда ақпараттық жүйенің маңызы, оның қазіргі таңдағы қажеттілігі
- •48 Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі
- •49. Отандық компаниялар үшін қаржылық тәуекелі басым секторлар
- •50. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары.
- •52 Қазақстан Республикасының тұрақты даму стратегиясы
- •53.Қазақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері
- •54 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторлары.(эссе)
- •57 Қаржылық дағдарыстың себеп-салдарлары
- •58 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар
- •59 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
- •60 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық аспектілері
38 Кәсіпорынның есеп айырысуда пайдаланатын төлем құралдарға анықтама беріп, есеп айырысу үрдісін сипаттау (назерке)
Төлем құралы – бұл ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру тәсілі, негізінде осы операцияны жүзеге асыру технологиясының басқа тәсілдерінен (тәртібінен) және төлем құжатының түрінен ерекшеленеді. Елімізде төлем құралдарының әр түрлері, оның ішінде төлем тапсырмасы, төлемдік талап-тапсырма және басқалары сияқты дәстүрлі төлем құралдары, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын қолдануға негізделген төлемдерді жүзеге асырудың аралық тәсілдері қолданылады.Банктің клиентіне төлемді жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше төлем құралдары таңдау қажет, олар сол немесе өзге де ахуалда пайдалануға қолайлы және барынша қарапайым және қол жетімді болып табылады. Төлем тапсырмасы – төлемшінің өз шотынан алушының шотына қаражат аудару туралы банкіге берген бұйрығын қуаттайтын есеп айырысу құжаты. Тауар үшін басқа қалаларда және бір қалада қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде, кредиторлық берешекті өтеу, жоспарлы төлемдерді, күрделі құрылыс пен күрделі жөндеуге арналған қаражат жарналарын, бюджетке төлемдерді және тауарға жатпайтын операциялар бойынша басқа да аударым түрлерін төлеу үшін қолданылады. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысу кезінде кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне өзінің шотынан банктің нақ сол мекемесіндегі немесе бір қаладағы басқа мекемесіндегі не өзге қаладағы мекемесіндегі басқа кәсіпорынның шотына белгілі бір соманы аударуды тапсырады. Тапсырмалар арқылы мыналар жүзеге асырылады: тапсырмада тауар-көлік құжатының немесе тауардың жөнелтілгенін не қызметтердің көрсетілгенін қуаттайтын басқа құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Төлем тапсырмасы арқылы тауарға қатыссыз операциялар бойынша да есеп айырысуға болады. Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде берген талабы (1-қосымша). Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге торт данада ұсынылады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада (2-қосымша). Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассолаушы банк міндеттемесін алады. Чек[ (ағылш. cheque‚ cheсk — тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау) — қатаң түрде белгіленген нысандағы бағалы қағаз, ақшалай құжат. Онда чек берушінің чекте көрсетілген pқшалай соманы чек ұстаушыға төлеу жөнінде банкіге берген жазбаша өкімі баяндалады. Чек қызметін банкілер клиент ашқан Чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде көрсетеді. Чекті өтеу көзі — клиенттің меншікті қаражаты немесе банк несиесі. Ақшалай Чекті банкіден қолма-қол ақша алу үшін, несиелік Чекті қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланады. Несиелік Чекті жоғалған, ұрланған немесе қолдан жасалған жағдайда қорғау үшін кроссолау әдісі қолданылады, яғни оның бет жағында екі қатар сызықпен қиғаш сызу тартылады (мұның мәнісі оны пайдалануға белгілі бір шектеу қойылды дегенді білдіреді). Чек төлем айналымында пайдаланылады және онда міндетті түрде “чек” деген атау‚ Чек берушінің тапсырмасы (өкімі)‚ берушінің атауы және оның төлем төленуге тиіс шоты‚ төлем төленетін валюта‚ чектің жазылған күні мен мекені‚ Чек берушінің қойған қолы болуға тиіс. Чекте деректемелердің ең болмаса біреуінің жоқ болуы‚ құжатты заңды күшінен айырады. Түрлері:
“бұйрыққа жатады” деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған ордерлік Чек;
“бұйрыққа жатпайды” деген ескертпемен белгілі бір адамға жазылған атаулы Чек;
“ұсынушыға” деген жазу жазылған ұсынушыға арналған Чек;
Ордерлік және ұсынушыға арналған Чектерді индоссамент арқылы кез келген адамға (Чек берушіні қоса) табыстауға болады. Чек бойынша төлемге авальшы аваль арқылы толық немесе ішінара кепілдік беруі мүмкін. Чек бойынша төлемге кепілдікті төлемшіден басқа кез келген тұлға бере алады. Чек бір қаладағы немесе басқа қаладағы айналымда тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін де қолданылады. Чек ақша жиынының аса өтімді компоненттерінің бірі ретінде М1 ақша агрегатына жатады, өйткені оны банк барлық қажетті шарттары сақталған жағдайда міндетті тәртіппен төлем төлеуге қабылдайды. Чек айналыстағы қолма-қол ақшаның орнын толтыру атқарымын орындайды және ақша ресурстарының үнемделуіне жәрдемдеседі. Электрондық аударма жүйесінің енгізілуі құжат айналымын жеделдетеді. Чек транзакциясы, яғни Чек деректерін магнитті тасығышқа жазу, микрофильмдеу банкінің Чекті өңдеуге, Чекті өңдеуге, сұрыптауға жұмсайтын шығынын, өтелген Чекті иесіне қайтаруға жұмсалатын пошта шығынын үнемдеуге жәрдемдеседі. Экон. табиғаты бойынша Чек — борышқорлық міндеттеме. Оны өтеу Чек берушінің (борышқордың) шотынан Чек ұстаушының (алушының) шотына белгілі бір ақшалай соманы аудару жолымен жүзеге асырылады. Чекті бір тұлғадан екінші тұлғаға беру мүмкіндігі және Чек айналымының дамуы оны айналымдағы ақша құжаты ретінде сипаттайды. Чектің қолма-қол ақшасыз қаражат ретінде айналыста жүруге жарамдылығы оны жалған ақшаға (квази-ақшаға) айналдырады. Чек иеленушісінің мүліктік құқығын куәландыратын құжат ретінде және төлем айналымына қызмет көрсетуге арналғандықтан — саудада пайдаланылатын бағалы қағазға жатады.[ Аккредитив (лат. аccredіtіvus – сенімділік) – Банк есебінің бір түрі. Төлеушінің тапсырмасы бойынша банкте ашылады. Қолма-қол ақшасыз есептеудің түрі ретінде аккредитив халықаралық коммерциялық операциялар бойынша есеп айырысуға және ұйымдар арасындағы төлемдерді жүзеге асыруға қолданылады.
Жеке тұлғаның банктен ақша алу құқығын растайтын бағалы қағаз. Бұл жағдайда аккредитивте ақша алушының аты-жөні мен берілетін ақшаның мөлшері анық көрсетіледі. Есеп айырысу жөніндегі банктер арасындағы келісімдерге сәйкес аккредитивте көрсетілген ақшаны тиісті банк қолма-қол төлеуге міндетті. Аккредитив түрлері: ақша және тауар түрінде болады. Ақша түріндегі аккредитивті қызмет бабымен, саяхатқа шетелге шыққан, не ел ішінде жүрген адамдар кеңінен пайдаланады. Тауарлық аккредитив негізінде халықаралық саудадан сатып алушы мен тауар жеткізушінің арасында есеп жүргізгенде қолданылады.[1]
Аккредитивтердің қайтарылмалы (аккредитив жұмыс істеген кезеңде аккредитивті ашқан фирма оның күшін жоя алады) және қайтарылымсыз (эмитент банктің қатаң міндеттемесі беріледі), расталған (яғни оны ашқан банк кепілдік берген) және расталмаған (импорттаушының тапсырмасымен экспортгаушының банкінде ашылады, бұл орайда аккредитивтерді төлеу жөніндегі жауапкершілік импорттаушы банкінің ғана мойнында болады), револьверлік (лимиттің жалпы сомасы мен оның күшінде болу мерзімі ауқымына пайдаланылуына сәйкес өздігінен толықтырылып отырады), аудармалы (өзге тұлғалар толығынан немесе ішінара пайдалана алады).
Вексель (нем. wechsel – айырбас) – жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма вексель түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты. Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі. [1]Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін.[2]
Инкассалық өкім
Инкассалық өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу ушін пайдаланылатын төлем құжаты. Инкассалык өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарынын, инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен берге жүреді.
Инкассалық үкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі. Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушынын, шотындағы қаражат көлеміндетөленуі мүмкін, яғни қаражат келемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттын, келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражатгың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалыоына тыйым салынды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
