Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 85 тақырып: Құжат. Оның қызметі.

Құрастырушы: аға оқытушы Абдуллина Л.Н., Ербатыр Б.Ө.,

Сәбитбекова М.М., оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырып : Құжат. Оның қызметі.

Мақсаты :

1) Іс қағаздарын сауатты жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру .

2) Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.

3) Іс қағаздарын жүргізудің тарих саясаттану мұрағат ісі тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.

Оқытудың міндеттері :

Студент білуге міндетті:

- іс қағаздары жайында қажетті мағлұмат;

- жаңа нормативтік құжаттарды;

Студент орындай білуге міндетті:

- берілген тапсырманы орындай алуға;

- жаңа үлгімен жұмыс жасауға.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Құжат.

- Оның қолданыс аясы .

- Басқа пәндермен байланысы.

Сабақ беру және оқыту әдістері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау.

«Құжат» - латын тілінен аударғанда «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар:

1) Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы.

2) Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат);

3) Бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

Қазақстан Республикасында құжаттарды рәсімдеу және олармен жұмысты ұйымдастырудың жалпы талаптары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелері туралы» №33 бұйрығымен белгіленген. ҚР Үкіметінің 26.02.03 ж. қаулысына сәйкес күші жойылды деп танылған ҚР Министрлер Кабинетінің 30.06.92 ж. № 562 қаулысымен бекітілген Ереженің орнына осы ереже енгізілді,онда құжаттрды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар сақталған, бірақ қазіргі күнгі талаптарды ескере отырып, жаңартылған, толықтырылған. «Ережелерде» толықтырудың және айналымын басқарудың нормалары айқындалған.

Құжаттарды топтастыру оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай ұйымдық-өкілеттік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар,т.б.

Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді,

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялылық дәрежесіні қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқасы (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей шығыс құжатының толық

көшірмесі, құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және құжат жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10 жылдан жоғары, тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын.

Құжаттау дегеніміз –кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, мұрағатқа дайындап өткізу т.б.

Іс жүргізу дегеніміз –құжаттарды құрастыру, оны тіркеу, топтастыру, есепке алу және сақтау жұмыстарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасында қызметтік және азаматтармен хат-хабар жазысу:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде;

  • ресми тілде;

  • тапсырыс қай тілде берілсе, сол тілде жүргізілуі керек.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

1. Құжат деген не?

2. Құжаттар қалай топтастырылады?

3. Мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

4. Жариялылық дәрежесіне қарай қалай бөлінеді?

5. Заңдылық күшіне қарай нешеге бөлінеді?

6. Сақталу мерзіміне қарай құжаттар нешеге бөлінеді?

Әдебиеттер:

1. Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқау. Жолмұхамедов Қ.Қ., Жұманғарин М.А., Ізтлеуов М.К., Ақтөбе, 2002.

2. Іс жүргізу Г.О.Байжанова., Г.А.Маймакова, Астана, 2007, «Фолиант» баспасы.

3. Қазақстан Республикасында Іс қағаздарын жүргізу. В.И.Скала, Б.В.Скала., Н.В.Скала. Алматы. 2008, «LEM баспасы» ЖШС, 6-басылым, толықтырылған.

Бақылау сұрақтары:

1. Құжат деген не?

2. Құжаттың қолданыста неше мағынасы бар?

3. Құжаттарды топтастыру деген не?

4. Белгілеу тәсіліне қарай қалай бөлінеді?

5. Орындалу мерзімі бойынша нешеге бөлінеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]