Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 53 тақырып: Жалғаулықты салалас құрмалас. «Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Ербатыр Б.Ө.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Жалғаулықты салалас құрмалас. «Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері»

Мақсаты: Жалғаулықты салалас құрмаластың құрмаласу тәсілдерін жаттығулар орындау барысында меңгерту.

оқытудың мақсаты мен міндеттері: Студент салалас құрмаластың алты түрін, жалғаулықты шылаулар арқылы жасалатынын меңгеріп, сөйлем құрай алуға тиіс.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (мәселелері) сұрақтары:

Салаласа құрмаласу тәсілдері

Мысалдары

Салаласа құрмаласу тәсілі

Салаластың мағынасы

Ербол Тоқжанды апарып тастады да, өзі қайта шауып кетті.

Сен жақсы жігітсің, бірақ кейде оңай лапылдайтының бар.

Қыстың аяғы ұзаққа созылатын түрі бар, сондықтан жайылымды күтіп пайдалану керек.

Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың

Бірде әсем ән естіледі, бірде тәтті күй шалқиды.

Шәкір қуанды, Сафура сүйсінді.

Ыңғайлас жалғаулық арқылы

Қарсылықты жалғаулықтар арқылы

Себеп -салдар жалғаулықтар арқылы

Талғаулы жалғаулық арқылы

Кезектес жалғаулықтар арқылы

Интонация, орын тәртібі арқылы

Істің ретін, мезгілін көрсету

Қарсылық

Себеп – салдар

Талғаулы

Кезектес

Түсіндіру

1 – жаттығу. Мына сөйлемдерді ыңғайлас салаласқа айналдырыңыз.

1. Ертай алда келеді. Біз соңындамыз. 2. Ағаштар жапырақ жайды. Гүлдер шешек атты. 3. Берік оны төрге шығарды, өзі мал қарауылдауға кетті. 4. Әншілер іріктелінді. Талай жастар өнер бәйгесіне түсті.

2 – жаттығу. Мына сөйлемдерді қарсылықты салаласқа айналдырыңыз.

1.Теңіз тынышталды. Ешнәрсе көрінбейді. 2.Көктем келді. Күн әлі суық. 3.Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 4.Мен саған хат жаздым. Сен жауап қайтарған жоқсың. 5.Жолдасым ауырып қалды. Дәрігерді шақыртпады.

3 – жаттығу. «Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері» мәтіні бойынша төмендегі сөздерді есіңізге сақтаңыз.

Сарап – экспертиза; отбор; оценка сараптау – оценка

Жарамды (лық) – годный (годность) өнім – продукция

Қадағалау – следить; наблюдение жоспардан тыс – вне плана

Күдік – сомнение; опасность; подозрения бағалау – оценить

Пісірілген – вареный; сваренный өңдеу – обработка; выделка

Шешілу – решаться зиянды – вредный

Қоспа – смесь; соединение көрсеткіш – показатель

Жедел – неотложный; срочный ластану – загрязнение

Талап – требование жүргізілу – провести

Нәтижесінде – в результате

3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз, мәтіндегі курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз, сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды көшіріп жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]