Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

26 тақырып: Толықтауыштың сұрақтары. «Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Ербатыр Б.Ө.,

оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Толықтауыштың сұрақтары. «Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі» мәтіні.

Мақсаты: Толықтауышты меңгеруге арналған жаттығулар орындау, пысықтау.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз, толықтауышты табыңыз.

1. Наружный слой - эпидермис образован многослойной эпителиальной тканью. 2. Эпидермис постоянно слущивается и обновляется. 3. Самый глубокий слой - подкожная клетчатка образован жировой тканью. 4. Кожа предохраняет от механических повреждений все ткани и органы. 5. Через потовые железы из организма удаляется избыток воды и солей. 6. В коже человека имеется более 2 млн. потовых желез. 7. Каковы строение и функций кожи? 8. Кожа предохроняет от болезнотворных микробов.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшасын жалғап көшіріп жазыңыз.

1. Тері... көлемі 2 текше метрдей. 2. Терінің бұл қабат... май торлары бар. 3. Май торлары ішкі мүшелерді әр түрлі әсер... сақтайды. 4. Денедегі артық заттар тер арқылы бөлін... 5. Май бездері тері... майлайды. 6. Тері ағзаны не... қорғайды? 7. Тері не... қатысады? 8. Тері оттегін сіңір... , көмір қышқыл газ... бөледі. 9. Тердегі шаш... түбі болады. 10. Үстіңгі қабат жиі жасуша... тұрады.

3-тапсырма. Толықтауышты қатыстырып 5 сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: Сәкенді институтқа қабылдады.

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Толықтауыштың сұрақтары қандай?

2. 5 мысал келтіріңіз.

3. «Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі» мәтінінің бірінші абзацынан толықтауыштарды табыңыз.

4. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Серпімді, тері бездері, мөлшер, зиянды, ауру сезімдері.

РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]