Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

40 тақырып: Жай сөйлемнің түрлеріне байланысты практикалық жұмыстар. «Баспа» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н.,Сәбитбекова М.М.,

Б.Ө.Ербатыр,оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлеріне байланысты практикалық жұмыстар. «Баспа» мәтіні.

Мақсаты: Жай сөйлемнің түрлерін практикалық жұмыстар арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Оң жақтағы бағанадағы етістіктермен (сұрақ арқылы) оң жақ бағанадағы керекті сөздерден сөз тіркесін жасаңыз.

жұтқыншақты көтерілу (не?)

жиі ауыру (қалай?)

сирек нашарлау (не?)

қысым шайғызу (немен?)

жағдайы шайғызу (қалай?)

ерітіндімен емдеу (нені?)

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша орыс тіліне аударыңыз. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

БАСПА

Баспа (ангина) – дегеніміз – гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер, көбінесе стрептококктар туғызатын өте жұқпалы ауру. Ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, микробтар ауруды қоздырып, тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамақ ауырады, науқастың жалпы жағдай нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады. Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емдеу. Науқасты оңаша ұстау қажет. Сульфаниламидтік препараттар ішкізіледі, тамағын фурацилин натрий гидрокарбонатты ерітіндісімен шайғызады. Аурудың интоксикация құбылыстары болып, ауыр тиген жағдайда антибиотиктерді парентералдық әдіспен 7-8 күн бойы енгізеді. Бұл ауру қайталай берсе, созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап аурудан сақтану маңызды, ол үшін тіс жегіні, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ультракүлгін сәуле беру, дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).

3-тапсырма. Баспамен ауырған науқасты қабылдау (диалог құрыңыз).

Тірек сөздер: қашан, емделу, дәрі-дәрмек, мазалады, тамақ, жұтыну, созылмалы.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, аударма, тіл дамыту.

Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Баспа қандай ауру?

2. Ауру қалай басталады?

3. Ауруды немен, қалай емдейді?

4. Баспа асқынса, қандай мүшелерге зардабын тигізеді?

5. Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]