Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

78 тақырып: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»___________ 200_ж.

№ __ хаттамасы

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.

Мақсаты: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру туралы мәлімет беру, тапсырмаларды орындау арқылы меңгерту.

Өткізілу түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Төл сөз төлеу сөзге айналғанда, мынадай өзгерістер болады:

  1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүшелердің біріне айналып кетеді. Мысалы: «Биік мансап – биік жартас», - дейді Абай. Мансап – бастауыш. Төлеу сөзге айналдырайық: Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтады.

  2. Төл сөздің автор сөзімен байланысы үшін, мәтінде жоқ болса да, төлеу сөзде айтты, хабарлады, бұйырды, өтінді, сұрады сияқты етістіктер қажет болып отырады.

Төл сөз Төлеу сөз

Ол менен: - Сен қайда барасың? - Ол менен қайда баратынымды (қайда деп сұрады.. баратыным жөнінде) сұрады.

Асан: Асан әкесінің көп жылдардан бері ауылдың

- Әкем көп жылдан бері ауылдың жылқысын бағатынын айтты.

жылқысын бағады, - деді (С.Бақ).

  1. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш қызметіндегі сөз немесе сөздер тобы төлеу сөзге айналғанда толықтауыш, бастауыш сияқты сөйлемнің басқа мүшелеріне айналып кетеді. Мысалы: «Сабаққа күнде кешікпей келуге міндеттісіңдер», - деді декан. (Міндеттісіңдер - баяндауыш). Төлеу сөз: Декан біздің сабаққақа күнде кешікпей келуге міндетті екендігімізді айтты.

  • Факультеттің жалпы жиналысы болады, - деді лек старостасы.

Төлеу сөз: Лек старостасы факультеттің жалпы жиналысы болатындығын айтты.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Берілген мысалдардан төл сөзді өз алдына, төлеу сөзді өз алдына топтап жазыңыз.

1. Көкбай, Ербол да өздерінің көз алдында осы күзде Абай тапсырған жайды естеріне алып, Дәрменнің дастанын тыңдамаққа бейімделді. Абай Дәрменді барлап қарап отырып:

- Бітірмесең де, бастағаның мақұл екен. Аздап айтып көресің бе? – деді. 2. Базаралы Дәрменді көргенін айтты. Оның өнеріне жұрт сүйсінгенін, әсіресе, Абай ден қойып отырғанын айтты. 3. Ербол Абайдың мұндай ашу артынан, қатты қақтығыс, сілкіну артынан өлең жазса, масқылсыз жаза алмайтынын біледі. Дәрменге күбірлеп: - Бала, Абай өлеңге кетті-ау! Дәл осы жолы кімге шаншылатынын аңғарасың ба, жоқ па? – деді. 4. Абай баласының мұншалық ішкі жасырын күйлерге қалайша қанықты болғанын сүйсініп сұрады. 5. Әбіш бұл жайларды Петербургтің кәрі жұмыскері Ереминнен естігенін айтты (М.Ә.). 6. Аз күнге ауыр жолда туғанымдай болып кеткен жерлесім Миша жер үйден шыққанда, отыра алмадым. Ол үнсіз төс қалтасына қолын салып, мұқият оралып бүктелген документтерін берді.

- Осының ішінде менің анамның адресі бар. Егер... – деп күмілжіп, хат жазарсыз, - деді.

- Жақсы, сен тапсырманы орындап келген соң, батырлығыңды айтып жазармыз, - дедім. Ауыр минутта анасын есіне алғаны мені де толқытты. «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбат кім бар?» - дедім ішімнен. (А.Лек.).

2 – тапсырма. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.

1. – Бұл бала – менің қарындасым, - деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп.

2. – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін. (С.М.).

3. Мағжан Жұмабайұлы қазақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім», - деді.

3– тапсырма. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.

1. - Тісіңіздің ауруы қай кезде басталады? – деп сұрады стоматолог. 2. – Тісім үнемі ауырады,- деді науқас. 3. Стоматолог: - Қай кезде ауру күшейеді?- деді. 4. – Тісім,- деді науқас, - жылы әсерінен, тамақ жегенде, тіпті жай тұрғанда да ауырады.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

  1. Төлеу сөз дегеніміз не?

  2. Төл сөз дегеніміз не?

  3. Берілген төл сөздерді қалай төлеу сөзге айналдыруға болады:

1. «Ауру кірді - әлек кірді», - дейді халық. 2. «Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім білмейді»,- деп Фуллер айтып кеткен болатын. 3. М.Я.Мудров былай деген: «Дәрігер аурудың дертін емес, ауру адамды емдеуі керек».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]