Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 77 ақырып: Төл сөздің тыныс белгілері.

Құрастырушы: аға оқытушы Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

ТАҚЫРЫБЫ: Төл сөздің тыныс белгілері.

МАҚСАТЫ: Төл сөздің тыныс белгілері туралы түсінік. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында пысықтау.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ (СҰРАҚТАРЫ):

1. Төл сөз дегеніміз не?

2. Қандай тыныс белгілері бар?

Төл сөздің тыныс белгілері

  1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады, не оның алдынан сызықша қойылады да, төл сөз бас әріптен бастап жазылады, төл сөздің соңына тиісті тыныс белгілері қойылады. Мысалы:

а) «Білмегенді біле бер», - деді Шәкәрім Құдайбердіұлы.

б) – Осы араға тоқтайсыз ба? – деді Шауыпкел (С.М.).

в) – Бақытыңнан айналдым, балаша қуанған ақ ботам! – деп, Дәмет бәйбіше қуанышын көз жасымен білдірді (Ғ.Мұст.).

  1. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады, одан кейін төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Мысалы:

а) Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деді: «Білмегенді біле бер».

б) Міржақып Дулатұлы былай деді:

- Білмеске сөзің қор боп кетер деген (М.Д.).

  1. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса, бірінші және екінші пункттерде көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.

  2. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса, автор сөзінің алдынан да, соңынан да үтір және сызықша қойылады, мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады. Мысалы:

а) «Ғылымды пайдаланып отырса да, - деді Ахмет Байтұрсынұлы, - сезбейтін сол пайдасын надандар бар».

б) – Апа, - деді Асқар, - саған не болған? Кенжетайды үйге апарайық. (С.М.).

Төл сөздің соңғы бөлігі дербес сөйлем болып бас әріптен жазылса, автор сөзінің алдынан үтір мен сызықша (немесе сұрау я леп белгісі мен сызықша) қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: - Маған салсаңдар, мен Сәтбаев жолдасты қолдап, көмектесуге әзірмін, - деді Деев. – Сәтбаев мәселені кең ойлап, жыраққа көз тастап отыр. (М.Қар.).

  1. Төл сөз ортасындағы автор сөзі тиянақсыз болып, одан кейін төл сөз дербес айтылатын сөйлем болғанда, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Мысалы:

- Бұл вальс қой өзі? – деп, Әбіш тағы біраз ойланды да: - Атына қарағанда, бір сезікті орнынан естіген күй сияқты ғой, - деп Мұқаның жүзіне күле қарады. – қайдан үйренгенсің? (М.Ә.).

  1. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса, алғашқысының алдынан сызықша қойылады да, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы:

Кейде әжем маған: - «Ақыл арымайды, алтын шірімейді» деген, ақылды бол, балам – дейді (С.О.).

  1. Біреудің айтқан сөзі мен ойлаған ойы немесе айтқан сөзі мен айтылмақшы болған төл сөзі тырнақшаға алынады. Мысалы: - «Мынау менің өзімді де танып тұрған қу ғой! Барлық ауылдың атын білген де, мені де талай көрген шығар?» - деп ойлады да, Әбдірахман күліп:

    • Қария отырыңыз. Мен Сүгірбай ауылынікімін, - деді (Х.Ес.).

Автор сөзі құрмалас сөйлем болып, оның төл сөзді бөлігі деп, десе, дегенде,

деді, дейді, деген формаларымен аяқталса, олардан кейін үтір қойылады. Мысалы:

- Қандай іс? Сөйлеші! – деп, Абай да жігітке қадала қарап тұр. (М.Ә.).

1 – жаттығу. Көшіріп жазып, төл сөзге байланысты тиісті тыныс белгілерін қойыңыз да, олардың қойылу себебін түсіндіріңіз.

1. Бауыржан қазір қатты толқыған кеудесін керіп тұрып, аязды суық ауаны соншалық ұзақ бір жұтты ... Жұтты да, аяз не деген тәтті еді деп ойлады. 2. Қартқожа сөз сөйледі сөз емес, іс керек. Құрысын надандық деп сөзін бітірді (Ж.Айм.). 3. Сал, сал бар сергек ойды осыған деп, Бауыржан тағы ширығып алды (М.Ә.). 4. Ұланның сыртқы бейнесі тап-тұйнақтай болғаны дұрыстау болар еді, бірақ мына әжімі құрғыр ертерек түсіп қалған ба, қалай деп, бетін сипай түсіп Көрдіңіз бе қатпарланып тұрғанын деді маған. 5. Әжімнің әр қатпарында өмірдің ізі ғана емес, сырлары да жатыр ғой дедім мен. 6. Баланы балаға телу деген мүлде теріс әдіс екенін тұрмыс өзі көрсетті дейді Бану. 7. Озық оқушы екені рас деді Жақыпбек бірақ кемшілігі бар. Менің байқауымша, жарқын тым өзімшіл, мақтаншақ болып барады (М.И.).

2-жаттығу. Төл сөзге 5 мысал жазып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндіріңіз.

3-жаттығу. Берілген төлеу сөздерді төл сөзге айналдырыңыз, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіз.

1. Бану анасына бүгін сабаққа бармайтынын айтты. 2. Оқытушы сағат үште кураторлық сағат болатындығын хабарлады. 3. Ұлы Абай әр нәрсеге әсемпаз болмау керектігін айтқан. 4. Төрде отырған ақсақал құрдастардың орынды әзіліне не жететіндігін айтып, тамсанды.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: проблемалық әдіс, түсіндіру.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Төл сөздің қандай тыныс белгілері бар?

2. Кез-келген тыныс белгісіне мысал келтіріңіз.

3. Қазақ тіліне аударыңыз:

1. «Пациенты, - сказал Виктор Сергеевич,- должны верить в свое исцеление». 2. Староста группы объявил: - Сегодня состоится форум студентов области. 3. – Мы покоряем вершины науки,- сказал профессор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]