Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

8 тақырып: Бастауыштың сұрақтары. «Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні.

Құрастырушы:

аға оқытушы Абдуллина Л.Н.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Бастауыштың жаттығулары. «Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні.

Мақсаты: Бастауыштың жаттығуларын орындау арқылы толық сөйлем құрастырып сөйлем мүшелерінің орын тәртібін меңгерту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бастауыш туралы.

2. Сұрақтары.

3. Құрамына қарай түрлері.

Бастауыш – тұрлаулы мүше:

1. атау септігінде тұрады.

2. іс-оқиғаның иесін білдіреді;

3. кім? не? деген сұрақтарға жауап береді;

4. баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады;

5. құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

Дара бастауыш бір сөзден болады. Мысалы: Ұлжан – тартымды болуымен қатар, сыншы да ана. (М.Ә.).

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, бастауышты табыңыз.

Он в постели. Он болен третий день. Его имя Мурат, фамилия –Аманов. У него воспаление легких. Мурата привезли в больницу с высокой температурой.

2 - тапсырма. Көшіріп жазып, бастауышқа кім? не? сұрақтарын, баяндауышқа не істеді? не қылды? сұрақтарын қойып жазыңыз.

Ү л г і : Жер (не?) көктеді (не қылды?).

1. Жер көктеді. 2. Күн жылынды. 3. Тау етегінде алма бағы бар. 4. Алма пісті. 5. Біз алма тереміз. 6. Алма бағында бұлбұл сайрайды. 7. Жазғы демалыста Досан ауылда демалады.

3 - тапсырма. Қазақ тіліне аударып, бастауышты табыңыз.

1. Книга лежит на столе. 6. Лампа горит.

2. Они занимаются в библиотеке. 7. Лампа горит хорошо.

3. Мальчик играет хорошо. 8. Мы играем в шахматы.

4. Рабочий стоит у станка. 9. Дети идут в школу.

5. В арыке течет вода. 10. Дети вышли из школы.

4 - тапсырма. Бастауышты табыңыз.

1. Мен жазып отырмын. 6. Колхозшылар егін жинап жатыр.

2. Біз сабақ оқып отырмыз. 7. Залда жиналыс болып жатыр.

3. Кішкентай балалар жүгіріп жүр. 8. Бөлмеде электр шамы жанып тұр.

4. Трамвай келе жатыр. 9. Сағат жүріп тұр.

5. Самолет ұшып бара жатыр. 10. Сағат жүрмей тұр.

5-тапсырма. Берілген «Тіс ауруларынан сақтану» мәтінін оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз, бастауыштарды табыңыз.

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер- микробтардың жиналатын орны. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында витамині және минералды тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады. Ауыз қуысын әрдайым таза ұстауы керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды . Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып, уақытында тазаланбаса шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарынан тазартып отырған дұрыс. Ал тісті паста немесе тіс ұнтағымен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлденең, сонан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалап болған соң ауызды сумен жақсылап шаю керек. Сондай-ақ тіспен қатты нәрсені шақпау, түйреуіш, ине сияқты заттармен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болуы керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту тіс ауруларын дер кезінде емдеу, дәрігердің кеңестерін және алдын алу шараларын орындау-тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым- стоматология, ал дәрігер стоматолог деп аталады.

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ауру тістер нелердің жиналатын орны?

2. Тістің беріктігін не арттырады?

3. Қай кезде тіс шіри бастайды?

4. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?

6-тапсырма. Қазақ тіліндегі тіс сөзіне қатысты «тіс жармау» деген фразеологизм –сөйлемеу, еш нәрсе айтпау деген мағынаны береді. Осы сөз тіркесімен сөйлем құрастырыңыз.

Оқыту әдістері: жаттығуларды жазбаша орындау, сұрақ-жауап, баяндау.

Әдебиеттер:

  1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

  2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

  4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

  5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

  6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

  7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

3. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ауру тістер нелердің жиналатын орны?

2. Тістің беріктігін не арттырады?

3. Қай кезде тіс шіри бастайды?

4. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]