Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 73 тақырып: Аралас құрмалас сөйлем. «Жел шешек» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем. «Жел шешек» мәтіні.

Мақсаты: Аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік бере отырып, тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (Мәселелері) сұрақтары:

  1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Мысал келтіріңіз.

Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Әрқайсысы ашылған кітаптың аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С.Сматаев) деген құрмалас төрт жай сөйлемнен құралған. Бірінші сөйлем мен екінші сөйлем сабақтаса байланысқан, өйткені бірінші сөйлемнің баяндауышы (себелеп) көсемше жұрнақты (-п) тиянақсыз тұлғада келіп, екінші сөйлемге бағынып тұр. Ал екінші сөйлем мен үшінші және төртінші сөйлемдер бір-бірімен салаласа байланысқан, өйткені олардың әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп (төгілді, бүркене ме, сейіліп кетеді), әр сөйлем бір-біріне бағынбай, жеке-жеке қолданыла аларлық қасиетте келген.

1 – жаттығу. «Жел шешек» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

Жел шешек – ветрянка күлбірек – волдырь

Қабықша – оболочка; корочка табиғи – природный

Төзімсіз – не выносливый тікелей – непосредственно

Жанасу – касание; прикоснуться іргелес – соседний; рядом

Тұрмыс – быт қабыршақ – чешуя

Сулы бөртпе – болячка; сыпь біркелкі – одинаково

Кірпияздану – капризничать қышу – зудеть; чесаться

Тыртық – шрам қасу – чесать

Сәл-пәл – чуть-чуть; слегка тырнау – царапать

2 – жаттығу. Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Мағыналық бөліктерге бөліп, тақырыпша қойыңыз. Аралас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

Жел шешек – жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, терінің және шырышты қабықтардың, кейде ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталады.

Жел шешекті вирус қоздырады. Айналадағы ортада жел шешектің вирусы төзімсіз, тез өліп қалады. Табиғи жағдайларда жел шешектің вирусы адам ағзасында ғана өмір сүреді. Вирустың көпшілігі жел шешек күлбіректерінде аурудың алғашқы 5 күнінде болады, 5 күннен кейін вирус саны тез азаяды, сегізінші күнге қарай ол болмайды.

Инфекция ауа жолымен таралады. Аурудың жұғуы үшін науқаспен тікелей жанасу міндетті емес. Вирус көрші бөлмелерге, іргелес пәтерлерге тез еніп кете алады. Балалар бұл аурумен тым ауырғыш келеді. Тұрмыста жел шешекті «ветрянка» немесе «ұшпа шешек» деп атайды.

Жел шешек бөртпесі көбінесе дене қызуының көтерілуімен пайда болады, күлбіректер біркелкі орналаспайды. Бөртпе бетке, бастың шаш өскен жерлеріне, денеге, қол-аяққа шығады. Әдетте, алақан мен табанда бөртпе болмайды.

Бөртпе басталғанда қышып, науқастың мазасын алады. Жел шешек бөртпесі бір мезгілде шықпайды, көбінесе толқын тәрізді, арасына бір-екі күн салып, 2- 3 рет шығады. Қызу көтерілген кезде баланың жалпы жағдайы нашарлайды, ол кірпиязданып, мазасыздана түседі, тәбеті нашарлап, ұйқысы бұзылады. Ауру басталғаннан кейінгі 3-5 күнде везикулалар қабықшаларға айналады, қызуы төмендеп, қалпына түседі, көңіл-күйі жақсарып, ұйқысы, тәбеті қалпына келеді. Қабықшалар теріде 1-2 апта тұрады, содан соң сәл-пәл із қалдырып, түсіп қалады, әдетте тыртық қалмайды.

3 – жаттығу. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз:

  1. Жел шешек қандай ауру?

  2. Жел шешектің вирусы қандай?

  3. Инфекция қалай таралады?

  4. Тұрмыста бұл ауру қалай аталады?

  5. Бөртпе қашан пайда болады, олар қалай орналасады?

  6. Везула (сулы бөртпе) қашан қабықшаға айналады?

  7. Қабықшалар қашан түсіп қалады?

4 – тапсырма. Жел шешекпен ауырған бала анасының тиісті жауаптарын беріңіз:

  1. Балаңыз қашан ауырды?

    • .....

  2. Балаңыздың дене қызуы болды ма?

    • .....

  3. Бөртпе қашан пайда болды?

    • .....

  4. Бетінен басқа қай жерлерінде бөртпе бар?

    • .....

  5. Баланың ұйқысы қандай?

    • .....

  6. Тәбеті қалай?

    • .....

Оқыту Әдістері: түсіндіру, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Мысал келтіріңіз.

3. Мәтіндегі курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз, дәптерге жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]