Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

72 тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні.

Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерілерін тапсырмалар орындау барысында бекіту.

Өткізілу түрі: талдау, сұрақ-жауап, аударма.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына, негізінде, үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде, қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді (А.Ф.). Үй ішін әлсіз қызғылт сәуле жарық қылған уақытта, шешесі Абайдың қиналып отырған қалпын байқады. (М.Ә.).

2. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса, оның екі жағынан үтір қойылады: Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. - Асқар мен Ержан, Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды (С.М.). Әкесі кеткелі, Абай үйден шыққан жоқ. – Абай, әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ. (М.Ә.). Ербол жөн сұрағанда, Абай іркіліп, бөгеліп қалды. – Абай, Ербол жөн сұрағанда, іркіліп, бөгеліп қалды (М.Ә.). Ол келмей, мен ешқайда бармаймын. – Мен, ол келмей, ешқайда бармаймын.

1 – тапсырма. Әуелі оқып шығып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз. Содан кейін әр сабақтастағы бағыныңқы мен басыңқының орналасу тәртібін анықтап, тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.

1. Мектеп қасындағыларға көзін салса егін оратындардың біразы жүр. 2. Көктем бастала Байжан мен Самарқан Телкөл аталатын жайлауға баруға жиналды. 3. Бақанастың канал сағасы алынатын тұсы кең қазылып темір бетонмен бекітілуге кең алқап даярланды. 4. Қажетті мөлшерден әлдеқайда кем болғанмен темір мен бетонның алғашқы партиясы келіп те үлгерді. (С.М.). 5. Кезектен босаған Жалбек есік алдына шыққанда толған ай сүттей жарық екен. 6. Жылбек бөліміне жақындай бастаған кезде сарғайған таң да атып қалған еді. 7. Тағы бір үлкен шайқас кезінде Жылбек взводы шегінген полктің штабын қорғауға тиіс болды.

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, үш сабақтас құрмалас сөйлем теріп жазыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Құлақ аурулары және оның алдын алу

Есту қызметіне құлақтың бір-бірімен байланысты үш бөлімі қатысады. Мысалы, сыртқы құлақта жиналған дыбысты ортаңғы құлақ ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ осы дыбысты қабылдап, оны есту орталығына жібереді. Міне, осы жүйенің түрлі себептермен бұзылуы көбінесе жедел және созылмалы құлақ ауруларына әкеліп соқтырады.

Әр түрлі микробтардың енуінен құлақтан бұлық ағады. Бұл аурудың жедел түріне жатады. Бастапқыда құлақ қатты ауырады, онан соң дабыл жарғағындағы ірің жарылып, ауру саябырсып, жазыла бастайды. Егер мезгілінде емделмесе, аурудың созылмалы түріне айналады. Кейде бұл сүйекті де зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдай балалар арасында екі пайыз, ал ересектер арасында бір пайызға жуық кездеседі.

Құлақтан бұлық ағу емшек жасындағы сәбилерде ас қорытудың бұзылуы және өкпе ауруларына шалдығумен байланысты туындап, дамиды. Ал тұмау эпидемиясы кезінде құлақ ерекше қабынады, одан қан ағып, есту бірден нашарлайды.

Құлақ ауруларының зардаптары ауыр. Мысалы, инфекцияның қанға тарауына (сепсис), ми қабықтарының қабынуына (менингит), ми мен мишықтарда іріңнің (абсцесс) пайда болуына, көк тамыр қуыстарының бітелуіне (тромбоз) әкеліп соғады. Дегенмен, соңғы кезде мұндай зардаптар азайып келеді. Әрине бұл - сырқаттың алдын алу мен дер кезінде емделудің нәтижелері.

    1. тапсырма. Құлағы науқастанған пациент шағымдары бойынша хабарлама жасаңыз.

    2. тапсырма. Мына жай сөйлемдермен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңыз.

Ү л г і: Көк автобустар жылжи бастады. Біз вокзалға қарай бет алдық: - Көк автобустар жылжи бастаған сояң, біз вокзалға қарай бет алдық.

1. Поезд тоқтады. Біз барлық балалармен бірге платформаға шықтық. 2. Біздің отрядтың балалары үлкен бір бөлмеге жиналды. Аркадий Гайдардың «Тимур және оның командасы» атты повесін талқылады. 3. Күн өте кешкіріп қалған еді. Лагеріміздің барлық бөлмелеріндегі балалардың даусы су сепкендей басыла қалған. 4. Аға вожатый Омар сөз сөйледі. Ол біздің лагерде жүргізілген пионерлердің жұмысы туралы айтып өтті. 5. Бұлар радио тыңдаумен отырды. Күннің кешкіргенін сезбей қалды. 6. Сыздық институтты бітірді. Биыл осы колхоздың орта мектебіне жұмысқа жіберілді.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылуына мысалдар келтіріңіз.

2. Жауаптарды негізге ала отырып, дәрігердің сұрақтарын жазыңыз.

1. - ...?

- Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).

2. - ...?

-Жақсы (нашар) естимін.

3. - ...?

- Бала кезімде ауырған.

4. - ...?

- Жарақат алған жоқпын.

5. - ...?

- Жоқ, қазір бұлық ақпайды. Бірақ бала кезімде бұлық ағатын.

6. - ...?

- Иә, аппараттармен қарап көріңізші.

7. - ...?

- Ішкі құлағымда жараның орны бар дейсіз бе? Ол неден қалуы мүмкін?

8. - ...?

- Иә, бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

9. - ...?

- Барлық емдеріңізді орындаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]