Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 71 тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолдары.

«Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолдары. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні.

Мақсаты: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіру, жаттығулар орындау барысында пысықтау.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі сұрақтары:

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

  2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолдары.

Баяндауыш формалары

Мысалдар

Cұраулары

- ғанда

Біз келіп отырғанда, мектеп салу туралы әңгіме басталды.

Қашан?

Қай кезде?

- ғанға шейін /дейін/

Құнанбай аттанып кеткенге дейін, ауыл адамдары қалбаң қағып жүрді.

ғаннан кейін /соң, бері, бастап/

Бөжейлер әбден жайланысып отырғаннан кейін, бұл үйге Құнанбай да келіп кірді.

- пастан, - уынан, - удан бұрын

Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді.

- ған сайын

Әңгіме қызған сайын, Дарын ынтамен тыңдады.

- ғанша, - генше

Немістердің аяғы басылғанша, Айдар батпақ араласқан лас қардың үстінде жатқан еді.

- са, - се

Сәуле жұмыстан келсе, көптен көрмеген ағасы машинадан түсіп жатыр екен.

- ысымен, - ісімен

Тимур үйге келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.

1 - жаттығу. Көшіріп жазып, мезгіл бағыныңқылардың баяндауыштарының астын сызыңыз да, қандай тұлғада тұрғандығын айтыңыз.

1. Күн көтерілген соң, ол қалаға жетті. 2. Күзетші жанында ол осы оймен аңырып тұрғанда, қолтықтаған түйіншегі бар бір ересек бала келе қалды. 3. Бауға келсек, күзетші қақпаға құлып салып жатыр екен. (Л.П.) 4. Біз үшеуіміз баудан шығысымен-ақ, күзетші қақпаны жауып, құлып салды. (Л.П.). 5. Кеңес көштің жанынан өте бергенде, Чайковты көрді. 6. Немістердің аяғы басылғанша, Сережа батпақ араласқан лас қардың үстінде ұзық уақыт жатқан еді. (А.Ф.). 7. Феруза күн өткен сайын, өзінің өсіп келе жатқанын аңғарды. (М.И.). 8. Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді (Ғ.Мұст.)

2 – жаттығу. Оқып шығып, бағыныңқыларының баяндауыштары тұлғалас сабақтас құрмаластардың қайсысы шартты, қайсысы қарсылықты, қайсысы себеп, қайсысы мезгіл бағыныңқылы екенін айырыңыз да, әр түрін өз алдына топтап жазыңыз. Ол үшін әр бағыныңқыға тиісті сұрауларын қойыңыз.

1. Қашан басы жерге тигенше, ел жұмысын ойлайды. 2. Еңбек ұйымдастыру бөлімі қағазға көміліп аппаратта отырғанша, тікелей өндіріс басында болсын. 3. Оның жұмысын, үй-күйін түгел жетістірмей, ілгері баса алмаймыз (Ғ.С.). 4. Екеуі де сауыншы болған соң, әңгімелері сиыр мен сүт жайында. 5. Қайрат пен төзім жетсе, адамның жеңбейтіні жоқ. (Н.Ғабд.). 6. Ботакөз саусағымен нұсқаған тетрадьтың бетіне Асқар көзін салса, латын әрпімен жазған екі термин тұр екен. (С.М.). 7. Бүркітбайдың қайтпайтынын білген соң, Асқар іңірде Балтабектікіне барды. (С.М.). 8. Өзінің есімі аузына ілінбей, ол құрбысының мақталғанын онша ұната қоймады (Н.Ғабд.). 9. Сонда да тастап кетуге қимай, Асқар Кенжетайға қарап еді (С.М.).

3 – жаттығу. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Дыбыс – звук өткізу – пропустить, провести

Бұлық – гной, ушная сера дабыл жарғағы – барабанная перепонка

Жарылу – взорваться, трескаться саябырсу – стихнуть, успокоиться

Бітелу – закупорка, закрыться

4- жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Есту қызметі, құлақтың үш бөлімі, бір-бірімен байланысты, сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ, есту орталығы, есту орталығына жіберу, әртүрлі микробтардың енуі, ірің жарылу, аурудың саябырсуы, құлақтан қан ағу, құлақ ауруының зардабы.

Оқыту Әдістері: түсіндіру, талдау, аударма.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолдары.

3. «Құлақ аурулары және оның алдын алу» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жатқа жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]