Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

68 тақырып: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем. «Сүт – емдік–профилактикалық тағам» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н., Сәбитбекова М.М., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010ж.

Тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем. «Сүт – емдік–профилактикалық тағам» мәтіні.

Мақсаты: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы мәлімет бере отырып, оларды жаттығулар орындау барысында бекіту.

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқылы баяндауыш

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Схемасы

Көсемше

-ып, -іп, -п

-а, -е, -й

қалай?

қайтіп?

/.../ құбылып, /____/.

/.../ тербеле, / ____/.

Есімше

-қан+дай

(-ген+дей)

(болып)

-қан күйі

(-ген)(қалпында)

-па+с+тан

-бе+с+тен

қалай?

/.../ ажарланғандай, / ____/.

/.../ танығандай болып, / ____/.

/.../ томсарған күйі, / ____/.

/...тынықпастан, / ____/.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін орым тіліне аударыңыз.

Бағалы, ауысымдық, жергілікті, маңызды әсері, күкіртті аминқышқылдары, өте жылдам бұзылатын, тарату мерзімдері.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, бір-біріңізге сұрақтар дайындаңыз.

Сүт - емдік-профилактикалық тағам

Сүт – бағалы ақуыз көзі. Сүт зиянды жағдайда істеген жұмысы үшін қызметкерлерге жарты жұмыс күніне немесе толық ауысымдық жұмысына беріледі. Сүт аса қажетті жағдайда ғана медсанбөлімнің немесе жергілікті СЭС-тің келісімімен айранмен, қаймақпен, ацидофильді сүтпен алмастырылуы мүмкін. Сүтті жұмыс уақытында ғана береді.

Сүттің маңызды әсері оның ақуызға, күкіртті аминқышқылдарына, сүт қышқылды кальцийге, В тобы витаминдері мен аскорбин қышқылдарына бай екендігіне байланысты.

Сүт және сүт өнімдері өте жылдам бұзылатын тағамдарға жатады. Осыған байланысты сүт және сүт өнімдерін санитарлық ережелерге сай сақтау және тарату мерзімдерін дұрыс орындау керек. Осы ереже бойынша цистернада, флягта, шөлмекте және пакетте жіберілетін сүт +4, +8 градус температурады сақталып, 20 сағатта таратылуы тиіс.

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Мәтіндегі сөздерді тірек ете отырып, 4 қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем жазыңыз.

4-тапсырма. Қимыл-сын бағыныңқылардың баяндауыштарының астын сызып, жасалу жолдарын талдаңыз.

1. Әр кластың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты. (М.И.) 2. Оқытушының айтқанын қалт жібермей, тапсырмаларды толық орындаған екен. 3. Әкесі еш демалмастан, сырттағы жұмысына кірісіп те кетті. 4. Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды (М.Им.). 5. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш белгі бермей сұлық жатты (М.Ә.).

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына бағыныңқының ыңғайына қарай өз ойыңыздан басыңқы сөйлем тауып, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас жасаңыз.

1. Бар білгенін тездете айтып, ....... . 2. «Қарлығашты» әндете басып, ....... . 3. Ол өзінің тәуір жүгіретіндігін мақтаныш еткендей, ... (Б. Соқп.). 4. Ол өзінің тәуір жүгіретіндігін мақтаныш еткендей, ... (Б. Соқп.).

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

2. Әр жасалу жолына мысал келтіріңіз.

3. Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыз:

Сүт және сүт өнімдері өте жылдам бұзылатын тағамдарға жатады. Осыған байланысты сүт және сүт өнімдерін санитарлық ережелерге сай сақтау және тарату мерзімдерін дұрыс орындау керек. Осы ереже бойынша цистернада, флягта, шөлмекте және пакетте жіберілетін сүт +4, +8 градус температурады сақталып, 20 сағатта таратылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]