Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 67 тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Өңеш аурулары.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Мақсаты: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы мәлімет бере отырып, оларды жаттығулар орындау барысында бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (МӘСЕЛЕЛЕРІ) сұрақтары:

  1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

  2. Жасалу жолдары.

Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылған сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Схемасы

1. Шартты рай

- са да (- се де)

Қайтсе де? Не етсе де?

/..... шаршаса да / ____ /.

2. Есімше

қан {мен

(-кен) { ша

{ (ше)

қан+ы { болмаса

(-кен+і)

- қан + ы

+ на

- кен + і + не

қарамастан

қарамай

Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қайткенше?

Не еткенше?

Қайткені? (не еткені?)

болмаса

Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан (қарамай?)

/..... естігенмен, / ____ /.

/..... ұрысқанша / ____ /.

/..... шаршағаны

болмаса, / ____ /.

/..... шаршағанына

қарамастан

(қарамай), / ____ /.

3. Көсемше

- а

(- е, - й) тұра

Қайте (не ете) тұра

/ ..... көре тұра, / ...../.

1 – жаттығу. Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңыз, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

1. Науқастың беті бері қарағанымен, әлі де әлсіз еді. 2. Айтуын айтсақ та, еш нәтиже шығармады. 3. Көп ашыла қоймайтыны болмаса, өз ісінің шебері. 4. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым. (С.М.). 5. Күн батқанын көре тұра, Әсия дүкенге жиналды. 6. Саяси сезімі әлі оянбаған Ботакөз қашаннан таныс екендіктерін ести отыра, мән берген жоқ. (С.М.). 7. Ағасының шаршағанына қарамастан, Алмас алға жетеледі.

2- жаттығу. «Өңеш аурулары» тақырыбындағы диалогті оқыңыз, көшіріп жазыңыз. Науқастың шағымдарын қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

  • Қандай шағыммен келдіңіз?

  • Әлсізбін, соңғы уақытта қатты жүдедім.

  • Еш жеріңіз ауырмай ма?

  • Кейде тамақ ішкен кезде, кеуде тұсым ауырады.

  • Тамаққа тәбетіңіз қалай?

  • Ет тағамдарына тіпті тәбетім шаппайды. Тамақ ішкен кезде кейде шашаламын, кейде ішкен тамағымды құсып тастаймын. Ауық-ауық жүрегім айниды және кекіремін. Сілекей өте көп жиналады, тіпті түкіріп үлгірмеймін. Негізінен сұйық тамақ ішемін. Қою тамақтан кейін кекірік мазалайды. Құсқаннан кейін жеңілдік сеземін.

  • Құсығыңызда қан білінбей ме? Кеудеңіз ауырғанда ықылық атпайсыз ба?

  • Кейде кеңірдегімді бірдеңе қысып, ауа жетпей қысыламын. Тамағым жыбырлайды және құрғақ жөтелемін. Тамағымда бөгде зат тұрған сияқты. Өңешім күйдіріп, мазалайды.

3-жаттығу. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Түске дейін жаңбыр жауғанына қарамастан, ... . 2. ... , біз мезгілінде жеттік. 3. Аздап аяғының ауырғаны болмаса, ... . 4. Уақытты босқа өткізгенше, ... . 5. Анатомияны қанша оқыса да, ... . 6. ..., жүлделі орын ала алмады.

Оқыту Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

2. Әр жасалу жолына жазбаша мысал келтіріңіз.

3. Өңеш аурулары тақырыбына жолдасыңызбен диалог құрастырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]