Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Валерьяна

О лечебных свойствах валерьяны писали еще древне-греческие авторы. В народной медицине настой валерьянового корня применялся при лечении детей с расстройствами нервной системы, а также при одышке и слабости.

Научная медицина стала использовать валерьяну с начала ХІХ века.

В ее корнях содержится эфирное масло, а также алкалоиды, смолистые вещества, крахмал, органические кислоты, дубильные вещества, сахар.

Валерьяна применяется в виде водной, спиртовой и эфирной настойки, пилюль в микстуру и порошках. Препараты валерьяны обладают успокаивающим свойством, они несколько расширяют венечные сосуды сердца. Эти препараты применяют при ряде заболеваний, сопровождающихся повышенным возбуждением нервной системы. Но применяются они как дополнительные средства, так как самостоятельного значения в лечении не имеют.

смолистые вещества – смолалы заттар

дубильные вещества – тері илейтін заттар

Оқыту Әдістері: проблемалық әдіс, түсіндіру.

Қолданылатын Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас нені білдіреді?

2. Шартты бағыныңқылы сабақтастың сұраулары қандай?

3. Мысалдар келтіріңіз.

4. Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыз: жүйке жүйесі, қосымша дәрі, тыныштандыратын қасиеті, эфир майы, ғылыми медицина.

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

66 тақырып: Мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтастарға арналған жаттығулар.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н.,

Сәбитбекова М.М., оқытушы Молдашева Л.Ж.

Ақтөбе 2010 ж.

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтастарға арналған жаттығулар.

Мақсаты: Мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтастарға арналған жаттығулармен жұмыс жасату арқылы бекіту.

Өткізілу түрі: тіл дамыту, тапсырмалармен жұмыс.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын ажыратып, тиісті сұрауларын қойыңыз.

1. Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді (Ғ.С.). 2. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді (М.И.). 3. Жол ұзамай көбейген қалың көмір қойнына кіргізбейді (Ғ.Мұст.). 4. Саз бен құмға кездессе, машинадан түйе жүйрік (С.М.). 5. Әр күннің қорытындысын қағазға түсірмей, ешкім үйіне де кетпейді (М.И.). 6. Егер Қазекеңнің көзі жаңағы бір кезде кемпірі әкеліп ұсынған қолындағы газет бетіндегі суретке түспегенде, қызықты жайлар басталып кетуі мүмкін еді (Ә.Ә.).

2 – тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырып, шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем құрастырыңыз.

1. …, қар жанар. 2. …, ісің ілгері баспайды. 3. …, Ерлердің ісі бітер ме. 4. …, ішерсің тегін. 5. …, біз де үлгеретін едік. 6. …, көл болады.

3 – тапсырма. Берілген басыңқы сөйлемдерге өз ойыңыздан бағыныңқы сөйлем ойлап, сабақтас құрмалас сөйлем етіп құрастырыңыз.

1. ....., жыл сайын бір жаңалық қосылады. 2. ....., Ермек телефонның құлағын қайта іліп қойды. 3. ...., менде басқа сөз жоқ. 4. ....., ертең маған жоспарыңды айта келерсің. 5. ....., тағы да аз уақытқа тыныштық орнады. (А.Байт.). 6. ....., тояды қарның тіленбей.

4 – тапсырма. Себеп бағыныңқылы сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Үйде азық-түлік біткен соң, … . 2. Денсаулығы болмаған себепті, … . 3. Күні бойы далада көп жүргендіктен, … . 4. Арман озат оқушы болған себепті, … . 5. Пойыз кеш келген себепті, … . 6. Жаңбыр жауған соң, … . 7. Кеш болып қалғандықтан, … . 8. … , балалар далада ойнады. 9. … , сабаққа келмеді. 10. …, тауға бармаймыз. 11. … , біз қуандық. 12. … , ерте тұрамыз.

5-тапсырма. Мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы және шартты бағыныңқылы сабақтастарға 2 сөйлемнен құрастырыңыз және жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

Бақылау сұрақтары:

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

3. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

4. «Валерьяна» тақырыбына 4 сабақтас құрмалас сөйлем құрыңыз7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]