Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 65 тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. «Валерьяна» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.,

оқытушы Молдашева Л.З.

Ақтөбе 2010

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. «Валерьяна» мәтіні.

Мақсаты: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беріп, оны жаттығулар арқылы бекіту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ Негізгі (мәселелері) сұрақтары:

Шартты бағыныңқылы сабақтас нені білдіреді?

Шартты бағыныңқылы сабақтастың сұраулары қандай?

Мысалдар келтіріңіз.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтасты

шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.

Шартты бағыныңқының баяндауыштары етістіктің шартты райынан (- са, - се), жатыс септік жалғаулы есімшеден (- ған + да, -ген + де), көсемшенің болымсыз түрінен (-ма + й, - ме + й), етістіктің болымсыз түріне - йынша/ - йінше деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

Сұраулары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?

Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Схемасы

1. Шартты рай

- са, - се

Қайтсе? не етсе?

І …… оқыса, І ------- І

2. Көсемше

  • ма + й

  • ме + й

Қайтпей?

не етпей?

І …… үйренбей, І …… .

3. Көсемше негізді

- майынша (-мейінше)

Қайтпейінше?

не етпейінше?

І …….үйренбейінше, І ------ І.

4. Есімше

  • ған + да

  • ген + де

Қайткенде?

І…… орындағанда, І ------ І.

І …... келгенде, І ------ І.

1-жаттығу. Оқып шығып, шартты бағыныңқылардың баяндауыштарын бір түрінен екінші түріне ауыстырып жазыңдар да, жасалу жолдарын көрсетіңдер.

1. Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба (Абай). 2. Ауыл шаруашылығын химияландыру мәселесі ойдағыдай шешілсе, осы бір елге де, жерге де залалды нәрседен үзілді-кесілді арылмақпыз. 3. Адамның ауыр еңбегін жеңілдетпейінше, одан ақылды іс шығу мүмкін емес. 4. Сендердің сол тұстағы қажырлы еңбектерің болмағанда, мен күріштен рекорд жасар ма едім? 5. Күріш дұрыс тозаңданса, дәні толық болады (Ы.Жақаев).

2– жаттығу. Шартты бағыныңқы сөйлемдерді аятаныз.

1. Қар жауса, … . 2. Сен айтсаң, … . 3. Мен тырыссам, … . 4. Барғыңыз келсе, … . 5. Ертең келсеңіздер, … . 6. Ертең оларды көрсек, … .

3 – жаттығу. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударып, жазып алыңыз.

Одышка, слабость, настой, расстройство, успокаивающий, расширяют, возбуждение, дополнительные, самостоятельного, сопровождающихся, значение.

4 – жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]