Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пәні: Қазақ тілі

Кафедра: Тілдер

Курс І

№ 7 тақырып: Сөйлем мүшелері туралы түсінік. «Тіс ауруынан сақтану» мәтіні.

Құрастырушы: аға оқытушы Сәбитбекова М.М.,

оқытушы Утарғалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері туралы түсінік. «Тіс ауруынан сақтану» мәтіні.

Мақсаты: Сөйлем мүшелері туралы жалпы түсінік беру, қазақша сөйлем құруға синтаксистік тәсіл арқылы үйрету.

Тақырыптың негізгі (мәселелері) сұрақтары:

1. Сөйлемнің предикаттық мазмұны дегеніміз не?

2. Тұрлаулы мүшелерді ата.

3. Тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.

Сөйлемнің педикаттық мазмұны тұрлаулы мүшелер арқылы беріледі. Алайда алуан түрлі синтакситік құрылымдар жасалу үшін сөйлем жалаң бастауыш пен баяндауыштан ғана түзіле бермейді, оның үстіне тұрлаусыз мүшелердің қатысуын қажет етеді.

Сөйлем мүшесі құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Бір ғана сөзден болған мүше дара мүше де, екі және одан да көп сөзден болған мүше күрделі мүше деп аталады.

1 – жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыштың астын сызыңыз.

1. Самат ағасына телефон соқты. 2. Мен үндемедім. 3. Өзім апарып салдым. 4. Күле беру – ұят болады. 5. Айту – оңай, істеу – қиын.

2 - жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштың астын сызыңыз.

1. Қар жауды. 2. Алматы – астанам. 3. Баласы Алматыда оқып жүр. 4. Айтқан – мен. 5. Мен жиырмадамын. 6. Тұрмысымыз жылдан-жылға жақсаруда.

3 - жаттығу. Сөйлем құрастырып бастауышты табыңыз.

Мамандық. Жөтел. Науқас. Сырқат. Адам. Буын. Ыстық. Дәрі-дәрмек. Қабыну. Жүрек.

4-жаттығу. «Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Қорытылу-перевариваться

Беріктік-прочность

Көлденең-(поперек) горизонтально

Тігінен-вертикально

Қыл-шетина

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: түсіндіру, сұрақ-жауап.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН Әдебиеттер:

1. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрлаулы мүшелерді атаңыз.

2. Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз.

3. Төмендегі берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтану, әркімнің өзіне байланысты тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдеу, тіс ауруларын дер кезінде емдеу, дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]