Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk_metodichka_PZ_2semestr_2012-13g...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: жалпы медицина, стоматология

Пән: қазақ тілі

Кафедра: тілдер

Курс І

64 тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Қ.А.Жаманқұлов.

Құрастырушы: аға оқытушылар Абдуллина Л.Н.,

Сәбитбекова М.М., оқытушы Утаргалиева Ш.Ш.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«02» қыркүйек 2010 ж.

№ 1 хаттама

Кафедра (курс) жетекшісі ____________________

Тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Қ.А.Жаманқұлов

Мақсаты: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беріп, жаттығулар-

мен жұмыс арқылы бекіту. Ғалым-дәрігер Қ.А.Жаманқұлов өмірімен таныстыру.

Өткізілу түрі: түсіндіру, тапсырмалармен жұмыс.

Бағыныңқысы басыныңқыдағы ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас дейміз .

Себеп бағыныңқылы сабақтастың сұраулары—неліктен? неге? не себепті? Мысалы: Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. (М.Ә.). 2. Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді (Ғ.Мұст.).

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 – тапсырма. Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарымен танысып, әр түріне мысал келтіріңіз.

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Схемасы

1. Есімше

2. Көсеше

3. Етістік негізді

- қан { + дықтан

(-кен) { + діктен

(- қан) { соң

(- кен) {

- па, (- пе) + й

- ып, - іп, - п

- ты { деп

екен{

Неліктен?

Қайткен соң?

Не еткен соң?

Қайтпей?

Не етпей?

Қайтіп?

Не етіп?

/ ..... оқығандықтан, / ----- / .

/ ..... айтқан соң, / ...../.

/ ..... орындамай, / ...../.

/ ..... айтпай кетті деп, / .... /.

/ ..... / айтты екен / ..... / .

/ ..... естіген кезде, / ..... / деп

2 – тапсырма. Себеп-салдар салалас сөйлемдерді сабақтасқа айналдырып жазыңыз.

1. Жаңа келген жансың, жат жердің жай-күйін бірден біле қою қиын (А.Ханг.). 2. Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді (Ғ.М.). 3. Ол күні шаршап барғанбыз, жатып дем алдық (Б.Тоғысбаев). 4. Мен әрі сүңгігіш, әрі жүзгіш атанып жүргенмін, сондықтан Балжанға жеткізе қоймадым (Б.Тоғысбаев). 5. Ауылдың қонған жері – көк орай, сондықтан малдың бәрі ауылдың қасында.(С.Ш.).

3-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Мазмұнын баяндап беріңіз.

Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Қ.А.Жаманқұлов

Терапевт, доктор медицинских наук, профессор, член-корреспондент АМН РК, отличник здравоохранения.

Родился 5 июля 1940 года в поселке Алга Тенизского района Атрауской области.

В 1964 году окончил Актюбинский государственный медицинский институт по специальности «лечебное дело».

В 1964 – 1966 гг. проходил клиническую ординатуру на кафедре госпитальной терапии Актюбинского государственного медицинского института. В 1966-1968 гг. работал ассистентом той же кафедры.

В 1971 году окончил аспирантуру кафедры пропедевтики внутренних болезней Ростовского государстенного мединститута.

В 1971-1991 гг. работал ассистентом, доцентом, зав. кафедрой пропедевтики внутренних болезней Актюбинского государственного медицинского института. С 1991 года зав. кафедрой госпитальной терапии Актюбинской государственной медицинской академии.

Председатель областного научного общества терапевтов, председатель цикловых и проблемных комиссий по терапевтическим дисциплинам.

4-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді себеп бағыныңқылы сөйлемдер етіп толықтырыңыз.

1. ....... , ол жылдам жинала бастады. 2. ....... , ештеңе түсінбеді. 3. ....... , ауру асықынып кетеді.

4. ....... , ауруханаға жатуға тура келді. 5. ....... , бар білгенін түсіндіруге тырысты. 6. ....... , ризашылығын жасыра алмады.

Әдебиеттер:

1. М. Ә. Қараев «Қазақ тілі», Алматы, «Ана тілі», 1993 ж., 179 бет.

2. Б. Ж. Доскеева «Қазақ тілі», Мед.ЖОО арналған, А., «Қайнар», 2002, 91-92 беттер.

3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех: учебник/ А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. – Алматы: Атамұра, 2004ж. – 720 с.

4. Берікұлы Н. Қолданбалы қазақ тілі: оқу құралы/Н.Берікұлы, Ж.С.Есқарина. – Ақтөбе, 2005ж. – 320 б.

5. Қазақ тілі: оқу құралы/Мурзалина Б. ж.б. – Алматы: Ана тілі, 2003ж, - 264 б.

6. Оразақынова Н.А. Қазақ тілі (Сөзжасам. Морфология): оқу-әдістемелік/ Н.А. Оразақынова. – Алматы: Арыс, 2004, -176 б.

7. Күзекова З.С. Қазақ тілі: практикалық курсы/З.С. Күзекова. – Алматы, 2003ж.

8. Қазақстанның дәрігер ғалымдары. Алматы, 2001ж. 46-47 бб.

Бақылау сұрақтары:

1. Себеп бағыныңқылы сабақтас нені білдіреді?

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың сұраулары қандай?

3. Мысалдар келтіріңіз.

4. Берілген сөйлемдерді шартты бағыныңқылы сабақтас етіп толықтырыңыз: Көп ....... , көп білесің. Сабақты мезгілінде ....... , сессияда қиналмайсың. Үлкеннің айтқанын ....... , жаман болмайсыңдар. Бар ынтаңды ....... , жақсы нәтижеге жету қиын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]